?ыс?а мерзімді жоспар.Биология. Та?ырыбы: Туысты? некені? жа?ымсызды?ы. Медициналы? генетика
Қысқа мерзімді сабақ
Күні: 14.11.15ж
Сыны: 9 «A» Мектеп:
«М.Ғабдуллин атындағы ЖОМ» Ресурстар
Сабақ тақырыбы Туыстық некенің жағымсыздығы. Медициналық-генетикалық кеңес беру Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) Туыстық некенің неге әкеліп соғатыны туралы түсінік қалыптастыру.
Медициналық-генетикалық тақырыбына диспут өткізе отырып, маңыздылығын ұғындыру.
Алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Сабақ мақсаттары Туыстық некенің неге әкеліп соғатыны туралы түсінік қалыптастыру.
Медициналық-генетикалық тақырыбына диспут өткізе отырып, маңыздылығын ұғындыру.
Алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру Жетістік критерийлері Туыстық некенің неге әкеліп соғатынын біледі.
Медициналық-генетикалық тақырыбы туралы білімдері кеңейді.
Алған білімдерін өмірде қолдана алады. Тілдік мақсаттар
Оқушылар сабақ барысында қолданылатын терминдер мен сөз тіркестері :
-Туыстық неке
- Генеалогиялық әдіс
-Цитогенетикалық әдіс
Егіздік әдіс
-Биохимиялық әдіс
Генетикалық медицина
Оқушыларға төмендегідей сөздердің орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармалары айтылып, олардан осы сөздерді алдағы уақыттарда қолданып жүрулері сұралады.
Қазақша Орысша Ағылшынша
Туыстық неке Родственный брак Related marriage
Генеалогиялық әдіс Генеалогический метод Genealogical method
Цитогенетикалық әдіс Цитогенетический метод Cytogenetic method
Егіздік әдіс Близнецовый метод Twin method
Биохимиялық әдіс Биохимический метод Biochemical method
Оқушылардан сабақ барысында осы терминдерді қолданып сөздерді құрау сұралады.
Құндылықтарды дамыту Сабақ барысында мектеп құндылықтары жүйелі түрде енгізіліп барылады. Ол сабақтың ажырамас бөлігі болып саналады. Мысалы:
Ашықтық. Оқушыларға өздерінің білгендерін өзге достарына айтып отыруы, өзара ақылдасып пікір алмасу қажеттілігі айтылды.
Ынтымақтастық.
Өмір бойы білім алу.
Жоғарыдағы құндылықтарды сабақ барысының қажет деген жерінде, реті келген кездерде қолданып, оқушыларды дамыту бойынша жұмыс істеуге болады. Пәнаралық байланыстар Бұл сабақта география, тарих пәнаралық байланыстар болады. АКТ қолдану дағдылары бейнебаяндар көрсетіледі http://ok.ru/video/2561607103
Бастапқы білім Адам генетикасы әдістері Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет Ресурстар
Кіріспе бөлім Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, сабаққа назар аударту. Ынтымақтастық атмосферасын орнату.
«Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды топтарға біріктіру.
Білу. Оқушылардың өткен тақырыптарды білу дағдысын тексеру.
«Сәйкестік тесті» әдісін қолдана отырып, оқушыларға өткен тақырыптардан тест жұмысын құрастырамын. Оқушылар бағаланады.
Түсіну.
Адам генетикасы бойынша есептер шығару
Шешесі гемофилия ауруын тасымалдаушы әкесі сау болса, бұл отбасында ауру балалардың тууылуы мүмкін бе? Сурет
Тест тапсырмасы
Есепті шығарады
Жаңа сабақ таныстырылымы «Медициналық генетика. Туыстық неке жағымсыздығы» тақырыбында оқушылармен бірлесе отырып, диалогты оқытуды іске асырту, талқылау, ажырата алуға үйрету, түсінік қалыптастырту. Оқушыларға ашық сұрақтар қоя отырып, жаңа сабақ мазмұнын ашу.
-«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
-Қазақ халқының жеті атаға толмайынша қыз алыспайтын салтының генетикалық тұрғыдан дұрыстығын қалай дәлелдер едіңіздер?
Жаңа сабақты қолдану «Қолдану»
«Ассоциация» әдісі арқылы оқушыларға «Медициналық генетика. Туыстық некенің тиімсіздігі»тақырыптарына ассоциация құрастырту. Топтарға тапсырма беріледі. Тақырыпты топтарда талқылату, талдату, сыни тұрғыда ойлату, ажыра алуға үйрету, диалогты оқытуды іске асырту.Постер жасату, қорғату.
1 топ. Медициналық генетика
2 топ. Адамның тұқым қуалайтын аурулары
3 топ. Туыстық некенің жағымсыздығы
Топтық жұмысқа қойылатын критерийлер:
Топтың бірлесе жұмыс істеуі- 3 балл
Мазмұны - 5 балл
Қорғауы – 5 балл
Тақырыптың ашылуы – 5 балл
Постердің ұқыптылығы – 5балл
19-23 балл «5» баға
13-18 балл «4»баға
8– 12 балл «3» баға
Оқулықтар, ұялы телефон
Қорытынды «Жинақтау» жаңа тақырыптар бойынша сандық есептер шығарту.
«Бағалау»жаңа тақырыптың өзі үшін керектігін, құндылығын, керектісін анықтау, пайымдауға бағыт беру. Идеялар алмасу, пікір айту. Өзіне керектігін таңдау.
«Рефлексия»Не білдім? Не білемін? Не білгім келеді? Деген сұрақтарға стикерге жазғызамын.
Үйге тапсырма бер « Туыстық некенің тиімсіздігі» тақырыбында таныстырылым, «Адам денсаулығын қорғау, сақтау барысында қандай істер атқарылып жатқаны туралы» реферат жазыңдар. Бағалау парақшалары
Рефлексия плакаты, стикерлер
Сабаққа өзіндік талдау
Сабаққа өзгертулер