К??ілді клоундар к?лкі к?ніне арнал?ан ойын сауы?


Музыка әуенімен балалар залға кіреді
Жүгіріп екі клоун Ах пен Ух кіреді
Ах: Сәлем, достар!
Ух: Сәлем, балалар! Бүгін қандай мереке екенін білесіңдерме?
Ах: Дұрыс, бүгін күлкі күні.
Бірге: Мереке құтты болсын!
Ах: Ух, қарашы қалай қыздар менімен амандасады
Ух: Ал қыздар менімен оданда қатты амандасады
Ах: Дауласпайық, оданда балалармен бір қызықты ойын ойнайық
Ойын «Сәлем»
Балалар екі топқа бөлінеді
Қыздар тобы «Ха- ха-ха» деп күледі
Ұлдар тобы «Хи-хи-хи» деп күледі
Ух: Менде кұр қол келген жоқпын, қазір балалармен бір қызықты ойын ойнаймын
Ойын «Бағдаршам»
Жасыл түске балалар көңілді қимылдайды, сары түске баяу қимыл жасайды, қызыл түске төқтайды.
Музыка әуенімен Карлсон залға ұшып кіреді
Карлсон: Қонуыма жол беріңдер ( залдың ортасына тоқтайды). Неге күлесіңдер? Сонау жақтан сендерге күлкі мерекесіне ұшып келдім.
Ух: Карлсон, сен балалармен амандастың ба?
Карлсон:Саспа, қазір мен барлық балалармен бір мезгілде үлгерем амандасып.
Карлсон балалардың колдарын ұстап амандасады
Ойын «Ия, жоқ»
Күлкі күнімен құттықтаймыз Ия
Жаман көңіл күй сыйлаймыз Жок
Біз тәттіні жаөсы көреміз Ия
Біз тәртіпті балалармыз Ия
Бір бірімізге көмектесеміз Ия
Би «Сиқырлы гүлдер»
Ойын «Досымның көйлегін тәтілермен әдеміле»
Екі бала қысқыш арқылы қыз балалардың көйлектерін әдемілейді.
Келесі екі бала жұмған көздерімен сол кәмпиттерді себетке жинайды
Ойын «Тәтті викторина»
Карлсон ауырғанда нені жегенін жақсы көреді? (тосап)
Винни Пух нені жақсы көреді? (балды)
Қандай тәтті кәмпиттің ішінде ойыншық бар? (киндер сюрприз)
Дөңгелек мұзды тәтті таяқша қалай аталады (чупа- чупс?)
Ойын «Көңілді хоккей»
Балалар екі топқа бөлінеді. Таяқша арқылы шарды қақпаға еңгізеді
Карлсон: Балалар, сау болыңдар. Мені басқа балалар күтіп отыр.
Клоундар: Балалар бүгінгі мереке ұнадыма? Сендер өте ақылды, тәртіпті балалар екесіңдер. Сендермен өте көңілді, күлкі күні керемет өтті. Келесі көріскенше сау болыңдар.