6 сынып. Ма?жанны? добы


Сынып: 6
1. Сабақтың тақырыбы: Мағжанның добы
2. Сабақтың
мақсаты: а ) Білімділік: Оқушыларды дыбыс үндестігінің ережесімен таныстыру, ереже бойынша тапсырмаларды сауатты орындауға үйрету.
ә ) Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын дамыту, және сөйлесу әрекетін күшейту
б ) Тәрбиелік: Оқушыларды достық қарым қатынасқа тәрбиелеу.
3. Сабақтың
түрі: жаңа сабақ
4. Сабақтың
әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты ереже арқылы түсіндіру.
Сыйлау – подарить
Көздің жауын алу - глазам на радость
Шыдам – терпение
Өзгелер – другие
Бөлектену – отделяться
Жер –көкке сыйдырмау – не давать покоя
Қарағанда – смотря
Пәрменімен – с одного раза
Шулап – шуметь
Қуа жөнелді – начали догонять
3-тапсырма. Ережемен танысып, бірнеше мысал келтіру.
Дыбыс үндестігі дыбыстардың тұрған орнына қарай әсер етуіне байланысты екіге бөлінеді: ілгерінді ықпал және кейінді ықпал. Сөз ішінде (түбір мен қосымшаның аралығында) немесе сөз аралығында алдыңғы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсер етіп өзгертуін ілгерінді ықпал дейді.
Сөз ішінде немесе сөз аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейді.
IV. Бекіту.
Оқылым
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар құрастыру. Қарамен жазылған сын есімдердің қалай жасалып тұрғанын айту.
• Мұғалім оқушыларға мәтінді түсінгендерін тексеру мақсатында 5 сұрақ жаз деп тапсырма береді. Бұл сұрақтар «ой шақырудағы» сұрақтарға ұқсас болуы керек.
• Мұғалім әр оқушыны тексереді немесе сұрақты әр оқушы сыныптан өзі таңдаған оқушыға қоя алады.
• Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің жасалуын жалпы сынып болып айтады. Мысалы: үлкен -түбір сын есім, -деу - салыстырмалы шырай жұрнағы.
Жазылым
2-тапсырма. Төмендегі сөздерді тиісті бағанға бөліп жазып, оларға дыбыс үндестігінің ережесіне сәйкес септік жалғауын жалғау.
Бұл тапсырманы карточкада орындайды төмендегі кестені шығарып, екі бағанға бөліп орындауға болады.
Сөздің, соңғы дыбысы дауысты немесе үнді, ұяң дауыссыз Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз
Мағжанның, көзге, жердің, балаға, ауланы, қызылмен доптың, Дәулетке, көкпен, Жақыпбекпен
4-тапсырма. Мәтінді оқу
Бұл тапсырма бойынша алдымен мынадай жұмыс түрлерін орындатуға болады:
1) Мәтінді мұқият оқу;
2) Таныс емес сөздерді анықтау;
3) Мәтін бойынша сұрақтар дайындап, жауап беру (бұл тапсырмада мұғалім өзі сұрақтар дайындап, сол бойынша оқушылардан ауызша жауап алуға болады);
4) Мәтінді тағы бір рет оқып шығу;.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма.