Жаратылыстану п?нінен ашы? саба? та?ырыбы Атмосфералы? ??былыстар, оларды? тірі организмдерге ?сері 5 А сыныбы
«Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
География пәнінің мұғалімі Бухарбаев Нурсултан Дайрабекович
Ашық сабақ жоспарыЖаратылыстану 5 «А»сынып
Сабақтың тақырыбы Атмосфералық құбылыстар, олардың тірі организмдерге әсері
Сілтеме Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер (Нұсқаулық 32-42 беттер), диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлануды дамыту ( Нұсқаулық 50-55 беттер, Александер 2001,2008: «Диалогты оқыту») География 5 сынып
Жалпы мақсаттар Білімділік: Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру, өз бетімен оқып-үйренуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сеніміндері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін-бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.
Түйінді идеялар Оқушылардың көзден тыс қалған қасиеттерін анықтау, бағдарламаның модульдерін ұштастыра отырып, сабақты тиімді өткізу;
Топпен жұмыс істеу қабілеттілікғтері
Тақырып бойынша білімдерін анықтау
Сыни тұрғыдан ойлануға бағыттау
Диалог құру арқылы тапсырмалардың шешімін табу
Мәтін, атлас және кескін карта мен топтаса отырып жұмыс істеу қабілеттіліктерін анықтау
Тапсырмалар
Мағынаны тану. «Галареяда ой шарлау» стратегиясы
Өткен сабақты қайталау : 1.«Автор орындығы» стратегиясында үйге берілген тақырып
Жаңа сабақ:
Блум бойынша:
Білу: 1 Атмосфера құбылыстар, олардың тірі организмдерге әсері туралы білім алу
Түсіну: 2 Ауа райы және климат
Қолдану: 3 Оқулықпен, атласпен дәптерлерімен жұмыс істей білуге, іздендіруге
Талдау: 4 Атмосфералық құбылыстар, олардың тірі организмдерге әсері туралы әңгіме құрастыру
Синтез: 5. Суреттер бойынша тірі ағзалардың климатқа бейімділігін анықтау
Жаттығулар 73 беттегі сұрақтарға жауап беру
Үйге үйреніп келуге 27-28-29 тақырыпты оқу, негізгі ұғымдар,
Бағалау
Кері байланыс Аты-жөні Мәтін мен жұмыс Диалогқа қатысуы Ойын қорғау Атлас және карта мен жұмыс Қорытынды баға
Сабақтың барысы:
Сабақтың құрылымы Мұғалімнің іс-әрекеті Берілген уақыт Оқушының іс-әрекеті
Топтастыру Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру. 3 мин Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
Ой түрткі «Миға шабуыл» стратегиясы
Ауада қандай құбылыстар болып турады? Жауын жауғанды кім жақсы көреді? 5 мин Өз ойларын топ ішінде талдап, ойларын қорғайды
Топпен жұмыс А-топ
1Ауа райы және климат деген не? Адамға олардың әсері бар ма?
2.Жер бетіндегі климаттық зоналарды анықтап дәптерге жазыңдар
3. Бейімделудің турлері және 77 бетіндегі суреттерді талдау
Б-топ
1. .Бізді қоршаған ауа туралы не айтар едің?
Оқулықпен жұмыс 35 мин Идеяларын ортаға салу. Қорғау. Топ ішінде мәтінді талдап, атлас және карта мен жұмыс істелінді; бір-бірімен диалогқа түседі, ес картасын құрастырады
Қызықты деректер
1.Қаршығалар еуропаның тек бір елінде — Исландияда кездеспейді.2.Хамелеон тілін өз денесінің тең жартысына тең қашықтыққа лақтыра алады. Сонымен қатар, оның көздері бір-біріне тәуелсіз айнала алады, сондықтан да хамелеон бір мезгілде басын қимылдатпай барлық бағытқа қарай алады.3.Түйе құстың жұмыртқасы қатып пісу үшін оны 40 минуттай қайнату керек. 4.Күзендер күніне 20 сағатқа дейін ұйықтайды.5.Француздар көгершіндерді «ұшатын егеуқұйрықтар» деп атайды.6.Шиебөрілерде (шакал) иттер мен қасқырларға қарағанда хромосома саны біреуге артық.7.Жолбарыстардың жүні де терісіде жолақты болады.8.Сарган балығының сүйегі жасыл түсті.9.Жылқылардың сүйек саны адамның сүйеке санынан 18-ге артық.10.Сегізаяқты қармауыштың (осьминог) қарашығы тік төртбұрышты.11.Жер бетіндегі жануарлардың ішінде керіктердің (жираф) жүрегі ең үлкен және қан қысымы ең жоғары.12.Керіктердің (жираф) тілі қара түсті, ұзындығы 45 см.13.Антарктида балықтарының қанының температурасы -1,7 Цельсий градусқа дейін жете алады.14.Киттің жүрегі минутына 9 рет соғады.15.Тауықтардың ең ұзақ ұшуы тіркеу бойынша 13 секундқа созылған.16.Пингвин – жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс. Сонымен қатар, пингвин тік жүре алатын жалғыз құс. 18.Жапырақ кескіш құмырсқа өзінің салмағынан 50 есе артық жүкті көтеріп, таси алады.19.Пілдің миының салмағы оның дене салмағының 0,27% -ын құрайды.20.Мысықтың жағы жан-жаққа қозғала алмайды.21.Түйе құстың бір жұмыртқасынан он бір жарты омлет жасауға болады.22.Ересек кит 2 секунд ішінде 2400 литр ауаны жұтады.23Дүние жүзінде калибридің (әлемдегі ең кішкентай торғай) 321 түрі бар.24.Игуана су астында 28 минутқа дейін бола алады.25.Зебра – ақ-қара жолақты болады.26.Дүние жүзінде 500-ге жуық хайуанаттар бағы бар.27.Жұлдызқұрттың денесінде адамдарға қарағанда бұлшық ет көп.