Курс ба?дарламасы бейнелеу ?нерінен С?НДІК ?ОЛДАНБАЛЫ ?НЕР


КММ «Күншалған орта мектебі»
КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ
«СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР»
6- сынып
Дайындаған: бейнелеу өнері және сызу
пәнінің мұғалімі
Хамитова А.К.
2016-17 оқу жылы
Күнтізбелік жоспар
№ Тақырыбы Түрі Сағат саны Мерзімі
1 Кіріспе 1 06.09.
2 Күзгі дақылдар. Көкөністер мен жемістер. Мүсін 1 13.09.
3 Дастарқанды безендір. Аппликация 1 20.09.
4 Күзгі жапырақтардан композиция жасау Аппликация 1 27.09.
5-6 Өз қолымен (зығыр жібінен люстра жасау) СҚӨ 2 04-11.10.
7 Күзгі гүлшоғы (дымқыл қағазға сурет салу) Бейнелеу 1 18.10.
8 Фисташка ағашы СҚӨ ермексаз 1 25.10.
9 Дүкен витринасы Аппликация 1 01.11.
10 Пластмасс шөлмектен гүлдер жасау СҚӨ 1 15.11.
11 Кактус (жыртып жапсыру) Аппликация 1 22.11.
12-13 Бұтақтағы торғай Мозайка 2 29-06.12.
14 Жаңа жылдық ойыншық Декупаж 1 13.12.
15 Жаңа жылдық шырша Бейнелеу 1 20.12.
16 Орманда Аппликация 1 27.12.
17-18 Шыны шөлмектен ваза жасау Дизайн 2 10-17.01.
19 Қыс ханшайымының аязды өрнектері Бейнелеу 1 24.01.
20-21 Мультхикаяның сүйікті кейіпкері Мозайка 2 31-07.02.
22 Сиқырлы орман. Композиция Граттография 1 14.02.
23 Қазақ ертегілерінің кейіпкері – Алдар Көсе Мүсін (ермексаз) 1 21.02.
24 Анаға ашықхат Оригами 1 28.02.
25 Қазақша ою-өрнектер Бейнелеу 1 07.03.
26 Астана (топтық жұмыс) Аппликация 1 14.03.
27 Гүлдер Чеканка 1 04.04.
28 Аквариумдағы балықтар СҚӨ 1 11.04.
29 Су тамшылары (акварель) Бейнелеу 1 18.04.
30 Авангард «Менің түсім» Бейнелеу 1 25.04.
31 Көбелектер биі Кляксография 1 02.05.
32 Қағаздан гүлдер жасау Оригами 1 09.05.
33 Ғажайып су әлемі Бейнелеу 1 16.05.
34 Курс қорытындысы Көрме 1 23.05.
Түсінік хат.
«Егерде елімізде бейнелеу өнері пәніне басқа пәндерге қарағанда көбірек көңіл бөлінсе, болашақта еліміз ең мәдени дамыған ел болар еді!» деп жапон ойшылдары айтқандай, болашақта еліміздің мәдени дамуы үшін өнерге көбірек көңіл бөлген жөн. Бағдарламаларда берілген бір сағат бейнелеу өнерінің барлық кереметтерін танып білу үшін жеткіліксіз. Сондықтан қосымша бейнелеу өнері пәні сабақтарының енгізілуі қажет болып отыр. «Бейнелеу өнері» пәні оқушылардың білімдерін белсенді іске асыруларына бағытталады. Сонымен қатар бағдарламамен жұмыс жасау оқушылардың бейнелеу өнері туралы толыққанды білімдерін қалыптастырады. Пәнді тереңірек оқып білуге мүмкіндік береді.
Сурет салуды сүю – өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол адамның ақыл-ой парасатын өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке баулиды.
Курс міндеттері.
«Сәндік қолданбалы өнер» курсы эмоциялық-бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани қызметі қалыптасуының шарты болып табылады. Пәнді тереңірек танып білуге бағытталады.
Оқыту мақсаттары:
Эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу, өнегелі тәжірибесін байыту, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу.
Қиялын, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік іс-әрекетте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту.
Халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту.
Қолдың моторикасын, икемділігін дамыту.
Оқыту міндеттері:
Өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту.
Сурет, кескіндеме, композиция, граттография, оригами, мозайка, аппликация бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру.
Бейнелеу өнері түрлерімен (графика, кескіндеме, мүсін, дизайн) таныстыру.
Көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру).
Сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету.
Оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін жақсарту.
Өмір шындығы көріністерін, табиғатты және өнердегі бояу түстерін оның сезімдік әсерін балалардың көре, сезіне білуін, бейнелеу іс-әрекеті барысында олардың кеңістік туралы түсінігін, қиялын, елестету қабілетін жүйелі түрде дамыту.
Әдебиеттер.
Сурет сала білесің бе? Ә. Төлебиев. Алматы: «Өнер», 1990
Шеберлердің сиқырлы қаласы Алматы: «Атамұра», 2004
Ғаламтор ақпараттары
Ғылыми-педагогикалық журнал. «Бейнелеу өнері және сызу мектепте және ЖОО-да оқыту» 2008,2009,2010,2011,2013,2014.
Сурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері. Б. Әлмұхамбетов. Ж. Балкенов. Алматы: «Мектеп», 1987.