Презентация : “Мектепке дейінгі бала тіліні? дамуына жа?ылтпашты ?олдану-ды? тиімділігі”


Баядаманың тақырыбы: “Мектепке дейінгі бала тілінің дамуына жаңылтпашты қолдану-дың тиімділігі” Дайындаған: Буршахбай А. Мақсаты: А Жаңылтпаштар туралы түсініктерін қалыптастыру, сөздік қорларын кеңейту. Ә Сөз сиқырлығын жаңылтпаштарды мысалдар ретінде келтіре отырып көңілге ұялату, танымын кеңейту. Б Адамгершілікке, білімділік пен біліктілікке тәрбиелеу. Мақсаты: Жаңылтпаштың мәнін ашу Қорыту Топтастыру Түсіндіру әдісі : Жекелей – даралай талдау Жаңылтпашты жаттап, жаттығу арқылы бала ана тілін ардақтап өседі. Күтілетін нәтиже: *Баланың ойлау жүйесінің дамуы*Сөздерді мүдірмей айтып, өз ойын толық жеткізуі*Жаңылтпаштарды жаттау арқылыбала тілін жаттықтыру Жаңылтпаштың мақал-мәтел сияқты терең мағынасы болмаса да оның астында әзіл, қалжың, ойын бар. Жаңылтпаш жылдам әрі түсінікті айтылуы керек. Ол үшін шапшаңдық қажет. Жаңылтпаш – жаттап, жаттығу арқылы бала тілінің дикциясының қалыптасуына дыбыстық айыры-лым белгілері (дифференциалды белгі) арқылы дыбыстық жүйені мең- гертіледі, есте сақтау қабілеті жақсарады. Баланың ойлау жүйесін дамыту үшін жұмбақ, мақал, санамақ, түрлі аңыз әңгіме мен тақпақтар, өсиет сөздердің тәрбиелік мәні зор. Соның бірі – жаңылтпаш. Бала үлкендердің айтқан жаңылтпаштарын тез-тез айтуға үйренуі керек. Бірнеше балаға жарыстыра айтқызуға да болады.. Олардың қанша жаңылтпаш білетінін жа-рыс ұйымдастыру арқылы аңықтап, озып шыққанын мадақтап, сыйлық беріп мерейін арттыру ақыл-ой тәрбиесі үшін өте тиімді әдіс. Бұл қар – Сұр қарСүр қар. Ақ тай ақ па?Қара тай ақ па? Мәселен эстетикалық жаңылтпаштарды әнге қосып айтуға болады. Ол үшін күні бұрын арнайы жоспар жасап, тиісті жаңылтпаштарды топтастыра білу керек. Ескерту: тілі мүкіс, логопедия-лық дәріс алып жүрген бала-ны мұндай ойынға қатыстырып, сағын сындырудан сақ болған жөн. Жаңылтпашты сондай-ақ, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттін бір түрі ретінде театрландыру арқылы пайдалануға болады: Жаңылтпаштарды психологиялық элементтер де (мимика, понтомимо) қолдануда және кейіпкерлердің (көңілсіз, қуанышты, Таңқалу, қорқу және т.б) қасиеттерін эмоция ар-қылы аңғартуға үйретеді және сөздің астарын түсіне білуге, интонацияның өзгеруіне байланысты, логикалық ойлау қа-білетіне тигізер әсері мол. Жаңылтпашты қолданудағы басты міндеттер: Сөзі айтуға жеңіл жаңылт-паштарды қолдану керек. Дыбыстық кемшілікті (дифект) жою үшін міндетті түрде пайда-ланған жөн. Түсініксіз сөздердің мағна-сын түсіндіру керек. Жаңылтпашты есте сақтаудың тиімді жақтарын қарастыру. Алғашында жеңіл түрінен бастап, кейін бірте-бірте күрделендіру қажет. Ой толғаныс Тұз – мұздай,Мұз – тұздай. Ақ доп,Соқ деп 1- топтық жұмыс Қар ақ, мақта да ақ.Мақта қардай аппақ. Өте жай, аңық, дыбысты таза айтқызу. Жаңылтпашты айтқызу кезінде әр сөз сайын допты лақтыртып ұстау немесе қолдан- қолға беру арқылы айтқызу. Жаңылтпашты айтуға қиын соғатын бала үшін оны үйрету - технологиясы Баланың қабылдауы-на буынға бөлу арқылыжеткізу. Мысалы: Сөздегі буынды бірдей темпте емес ауыспалы қолдану, бір буындарда шапалақтау арқылы, буын түріне байланысты жай шапалақтау немесе екпінді шапалақты пайдалану. Тіл сындыруға арнап айтуға жеңіл, мазмұны қызықты, мағынасы ой тастайтын жаңылтпаштарды пайда-лануға болады. 4-5 жастағысәбилер үшін. Кеспе өссін тал, Кеспе өссін талӨссе өссімталӨссе өссін тал Суда сең келеді,Сегіз серке тең келеді,Суға сақалын мала сілкіледі “Кім шатастырмай жылдам айтады?” ойыны балаларды жаңылтпаштарды айтқызып жарыстыру. Шеше кешеНеше кесеСынды кеше Қар аппақ, Дала аппақ,Бәрі аппақ ...Қарап бақ. Доп, доп, доп,Қызыл, жасыл, көкДоп, доп,Бұдан жүйрік жоқ. Қорыта келгенде, көп жылғы тәжірибе нәтижесінде, жаңылтпаштың тиімділігі тек тілдік дикциясының дамуына ғана емес, сонымен қатар қызықты-қиялды ойындарға пайдалану жұмысынында, баланың шығармашылық қабілетіне тигізер әсері мол.