Открытый урок по физкультуре на тему Допты он,сол колмен алып журу
Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Әбілдаева Анар Өмірзаққызы
Сабақтың тақырыбы: Допты оң- сол қолмен және кезек-кезек алып жүру
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың допты менгеруін арттыру, ойыны мәдениетін қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Жылдамдық, күштілік, ептілік қасиеттерін дамыту
3.Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Спроттық қозғалмалы ойын
Құрал жабдықтар : Ысқырық , баскетбол добы
Сабақтың өтетін орны: Спорт зал
Сыныбы : 7«А»
Уақыты: 45 мин
Сабақтың
бөлімі Сабақтың мазмұны Жүктеме мөлшері Әдістемелік нұсқаулар
І Кіріспе бөлімі
Сапқа тұрғызу.
Рапорт тапсыртқызу.
Сабақтың мақсатың түсіндіру.
Саптағы жаттығулар:
Оңға,солға, айналып бұрылу.
Секіріп бұрылу.
Жүру: аяқтың үшімен,өкшемен,аяқтың ішкі жағымен, сыртқы жағымен.
Спорт.жүрісі.
Жүгіру:
Арнайы жүгіріс жаттығулар жасау.
Тізені көтеріп жүгіру
Аяқты артқа лақтырып жүгіру
Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру
Оң жағымен жүгіру
Сол жағымен жүгіру
Бұғы жүгіріс
Сол, оң аяқпен биікке секіріп алға қозғалу
Теріс қарап жүгіру
Жылдам жүгіру
Жалпы дамыту жаттығулар жүрісте жасау:
- Ж.Б: Қол құлыпта.
1-4 қолды оң жаққа айналдыру
1-4 қолды сол жаққа айналдыру
- Ж.Б: Қол құлыпта.
1.- құлыпты ашпай қолды алға жіберу
2.- Ж.Б.
3.- құлыпты ашпай қолды алға жіберу
4.- Ж.Б.
- Ж.Б: Қол иықта
1-4: иықты алға айналдыру
1-4: иықты артқа айналдыру
- Ж.Б: Оң қолды көтеру
1,2: қолды артқа сермеу
3,4: қолды ауыстырып сермеу
- Ж.Б: Қолды жан жаққа жіберу
1,2:қолдың үшін айналдыру
3,4: шынтақты айналдыру
5,6: қолды алға айналдыру
7,8: қолды артқа айналдыру
- Ж.Б: қолды бүгіп кеуде алдында ұстау
1,2: қолды артқа жіберу
3,4: қолды түзетіп артқа жіберу
Жалпы дамыту жаттығулар бір орында жасау:
- Ж.Б : аяқты ашып , қол белде.
1-4 басты оң жаққа айналдыру
1-4 басты сол жаққа айналдыру
- Ж.Б : аяқты ашып , қолды бүгіп кеуде алдында ұстау.
1,2: қолды түзетіп оң жаққа бұрылу
3,4: қолды түзетіп сол жаққа бұрылу
- Ж.Б : аяқты ашып , қол белде.
1-4 денені оң жаққа айналдыру
1-4 денені сол жаққа айналдыру
- Ж.Б: аяқты ашып , қол белде.
1. оң аяққа еңкею
2. екі аяқтың ортасына еңкею
3. сол аяққа еңкею
4. Ж.Б.
- Ж.Б: аяқты аласа ашып , қол белде
1-3 оң аяққа отыру
4. Ж.Б.
1-3 сол аяққа отыру
4. Ж.Б.
- Ж.Б: Оң аяқты алға жіберіп тірену
1-2 оң аяққа отыру
3-4 денені бұрып сол аяққа отыру
Негізгі бөлім
Оң және сол қолды ауыстыра допты шапшаңдықты өзгерте алып жүру: Допты сол және оң қолмен алып жүру. Допты алып жүру допты кідіртпей еденге соғып отыру арқылы орындалады. Алып жүгіргенде саусақтардың жеңіл қимылымен допты төменнен итереді. Доптың шоршуын күтіп, қол төмен ұсталады. Сонан соң оны доппен бірге жоғары көтеріп,допты қайтадан төмен қарай саусақпен итереді. Алақанмен ұрмаған дұрыс. Осыдан кейін не сол, не оң қолмен доптың еденнен шоршуын өзгерте отырып алып жүруді үйрену керек. Оң қолмен допты алып жүргенде, сол аяқ жарты қадамдай ілгері қозғалады. Допты адымдап алып жүруге үйренгеннен кейін оны баяу жүгіріс кезінде орындауға тырысқан жөн. Екі допты бір мезгілде алып жүруді үйренген қабілетті шыңдай түседі. Эстафеталық ойын ретінде 2 топқа бөліп келесі жаттығуларды орындау:- допты кiдiртпей еденге соғу арқылы жүріп орындау;- Доппен жүгіріп барып тоқтап, жарға соғу арқылы орындау;- Оң қолмен допты шоршыту арқылы жүргізу;- Сол қолмен допты жүргізу;- Қолды кезектестіріп допты жерге шоршыту; 12-15 мин
30 сек
30 сек
30 сек
30 сек
1 мин
30 сек
30 сек
5 мин
2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
2 рет
3 мин
6-8рет
6-8рет
6-8рет
6-8рет
6-8рет
6-8рет
3мин
6-8рет
6-8рет
6-8рет
6-8рет
6-8рет
6-8рет
27 мин
15 мин
Оқушылардың
спорттық киімін қадағалау
Жаттығуды орындағанда дұрыс жасауын қадағалау .
Жаттығуды орындағанда екі қолды түзу ұстауын қадағалау
Жаттығу кезінде тізені бүкпеу керек
Отырғанда екі қолды алға ұстап, тұрғанда төмен түсіруін қадағалау
Белді дұрыс қозғалту
Тізе бүгілмейді
Дұрыс жасауын қадағалау
Жаттығудың санақ бойынша жасалуын қадағалау.
Оқушылардың толық орындауын қадағалау.
Оқушылардың сабақты тыңдауын қадағалау.
Түсінбеген сұрақтарға жауап беру,
ІІ - Допты 1 және 2 ойыншы қарама-қарсы допты лақтыру арқылы орындау;- саусақтардың жеңiл қимылмен допты төмен итередi;- Доптың шоршуын күтiп, қол төмен ұсталады;- Сонан соң доппен бiрге жоғары көтерiп, допты қайтадан төмен қарай саусақпен итередi;- Оң қолмен допты алып жүргенде, сол аяқ жарты қадам iлгерi қозғалады;- Допты адымдап алып жүруге үйренгеннен кейiн, оны
баяу жүрiс кезiнде орындауға тырысқан жөн.- Екі допты қатар шоршыту:- Допты колоннаға тұрып бірінің артына бірі бастан асыра беру арқылы орындау;- Допты беруді аяқ ортасынан өткізу арқылы орындау;
15 мин
Ойын барысында оқушылардың қауіпсіздік ережесін сақтап ойнауына мән беру
ІІІ Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
Сабақты қорытындылау
Үйге тапсырам беру
Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
5 мин
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.