?аза?станда?ы су ?оймалары ж?не оларды? ат?аратын ?ызметі


Дамытушылық мақсаты:-оқылып отырған материалды жоспарлай білуге;-оқу қабілетін дамыту;-ойлау қабілетін дамыту. Білімділік мақсаты:-студенттердің жаңаша ұғымын белгілі дәрежеде қалыптастыру;-алған білімін жүйелеп, қорытындылауға үйрету;-алған білімін іске асыруға баулу;-білгеннен дұрыс қорытынды жасауға баулу. Тәрбиелік мақсаты:-Отансүйгіштікке тәрбиелеу;-еңбекке тәрбиелеу;-білімге құштарлыққа тәрбиелеу; Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары: Су шаруашылығы дегеніміз не? Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары: Су шаруашылығының салалары қандай? Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары: Диспетчерлік қызметті қалай ұйымдастырады? Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары: Водоканалда қандай мамандар қызмет атқарады? Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары: Бас механиктің атқаратың қызметі қандай? Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары: Су тораптарын қалай топтастырамыз? Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары: Гидротехникалық сала дегеніміз қандай сала? Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары: Гидроэнергетикалық сала дегеніміз қандай сала? Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары: Су көлігі саласы дегеніміз қандай сала? Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары: Сумен қамту және суды әкетусаласы дегеніміз қандай сала? Сабақ жоспары 2. Су қоймасының жіктелуі  3. Қазақстандағы ірі су қоймалары 1. Су қоймасы Су қоймасы дегеніміз - суды сақтау және ағынды реттеу үшін жасалған жасанды су айдыны. Су қоймасы Ашық су қоймалары теңіз суымен басыбайлы байланыста болады Жабық су қоймалары теңіз айдынынан көшпе аралдар мен бел-белестер арқылы дараланған күйде ұшырасады Су қоймасын бірқатар белгілермен жіктейді және бес негізгі типтерге бөледі: Жазықтықтағы су қоймалары; Тау алдындағы су қоймалары; Таудағы су қоймалары; Көлдік су қоймалары; Құймалы су қоймалары; Жазықтықтағы су қоймалары мынадай белгілермен сипатталады: су бетінің ауданы өте үлкен, максималды тереңдігі 10-25м, орташа тереңдігі 5-9 м, және тастауы аз. Тау алдыңдағы және жалпақ таулы облыстардағы су қоймалары үлкен тереңдіктерімен 70-100м және оданда жоғары, 10-20м-ге дейін су тастауларымен сипатталады. Жағауларының бұзылу қарқыны аз. Аумақты су басуы елеусіз. Таулық су қоймаларына үлкен тереңдіктер 100м-ден астам, 100м-ге дейін су тастаулары тән.ауданды судың басуы, жағалаудың мүжілуі және су қоймасының бұзылуы өте аз. Тау өзендерінің аңғарларының көлденең қимасы арнамен сәйкес келеді. Көлдік су қоймасын көлден шығатын өзенге бөгет салу арқылы жасайды. Бөгетке тірелген су көлге қарай жайылады. Мұндай су қоймаларының жетістігі су шамасы тірелгенде және суға бастырылған жердің ауданы кішкене болғанда оларда көп су көлемін жинақтауға болады Құймалы су қоймаларын көбіне табиғи шұңқырлар мен өзендерге жақын аумақтағы ой жерлерді пайдалану арқылы жасайды. Оларды негізінен егістікті суландыру және су жинақтағыш электростанциялар салу үшін пайдаланады. Су қоймасының өлшемдері бойынша жіктелуі. Су қоймасының категориясы Толық көлем,км3 Су бетінің ауданы, км2 Ең ірі 50-ден астам 5000-нан астам Өте ірі 50-10 5000-500 Ірі 10-1 500-100 Орташа 1-0,1 100-20 Азғантай 0,1-0,01 20-2 Кіші 0,01-ден аз 2-ден аз Су бетінің ауданы 1,0 км2 –ден аз кішкентай жасанды су айдының тоған деп атайды. Өлі көлем- бұл су қоймасының толық көлемінің пайдаланудың қалыпты жағдайында су тастамайтын және ағынды реттеуге қатыспайдын тұрақты бөлігі. Осы көлемді шектейтін су бетінің деңгейін – өлі көлем деңгейі деп атайды. Пайдалы көлем – су қоймасының ағының реттеуге пайдаланылатын негізгі көлем. Ол өлі көлем деңгейінен жоғары орналасқан және жоғарысынан әдеттегі реттелген деңгеймен шектелген. Су қоймасындағы судың көлемі Су қоймасының толық көлемі әдетте реттелген деңгейге сәйкес келеді және пайдалы және өлі көлемдердің қосындысына тең: Vтолық = Vәрд=Vөк+VпайдСу қоймасының су шаруашылық есептеулерінің басты мақсаты – пайдалы көлемді анықтау және әдетте реттелген деңгейді белгілеу болып табылады. Бұқтырма су қоймасы  -  Ертіс өзенінде,  Шығыс Қазақстан облысы  аумағында, Қалба, Нарын, Күршімжоталары аралығында орналасқан.  Қазақстандағы ең ірі бөген. Су айдыны 5940 кмІ, ұзындығы 600 км, ені 40 км, ең терең жері 80 м. Суының көлемі 49,6 км3. Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көлі, Ақ Ертіс өзенінің бір бөлігі  Бұқтырма,  Нарын  өзендерінің төменгі ағысы кіреді. Бұқтырма бөгенін толтыру 1960 жылдың сәуір айында басталып, 1962 жылы Ертіс өзенінің суы Зайсан көлімен қосылған соң біртұтас су айдынына айналды. Бұқтырма бөгенін су түбінің морфометриялық ерекшеліктеріне байланысты шартты түрде үшке бөлуге болады: жоғарғы (көлдік), орта (таулы-аңғарлық) және төменгі (таулық) бөліктер. Қапшағай бөгені, Іле бойында, Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігі аумағы және Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары жерін қамтиды. Қапшағай су электр станциясына байланысты салынған. Қапшағай бөгенінің суға толтырылуы 1970 ж. басталды. Ауданы 1847 кмІ, ұзындығы 187 км, енді жері 23 км, орташа тереңдігі 15 м, ең терең жері 46 м. Шарасының жоспарлы сыйымдылығы 28 км3. Су жиналатын алабы 113 мың кмІ, жағасының ұзындығы 430 км. Бөгеннің солтүстік жағасы құмды-малтатасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, саздақты келеді. Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөген суымен 450 мың га-дан астам жер суғарылады. Шардара бөгені — Шардара,  Мақтаарал Сарыағаш  аудандары жеріндегі ірі жасанды су айдыны. Сырдария өзеннің арнасына салынған. 1968 ж. бөген шарасы суға толтырылды. Бөгетінің биіктігі 24 м, ұзын 5,8 км. Бөгеннің ауданы 900 км2, ұзын 80 – 100 км, ені 20 – 25 км, ең терең жері 25 – 26 м, орташа тереңдегі 6,3 м. Суының мөлшелері 5200 млн. м3, су жиналатын алабы 174 мың км2. Бөген Сырдария өзеннің ағынымен және қар, жауын-шашын суымен толығады. Шардара бөгені арқылы жалпы 394,0 мың га жер суарылады Көксарай су қоймасы — Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында, Шардара су қоймасынан 160 км төмен Көксарай ауылының оңтүстігінде орналасқан су қоймасы. 2008—2011 жылдары салынған. Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы елді мекендерді су алу қауіпінен қорғауға және қыс айларында Шардара СЭС да өндірілетін электр энергиясы қуатын 20-25 %-ға арттыруға ықпал ететін нысан тасқалдағы жазықтықтағы көлдік құймалы теңіздегі таудағы Тоған Су қоймасы Бөгет Тасқал Бөген Өте ірі Аласа Кіші Орташа Көп Аз Үлкен Ең ірі Майда 1. Су қоймасы дегеніміз не? + 2. Су қоймасының қандай түрлері бар? + 3. Жазықтықтағы су қоймалары дегеніз қандай қойма? + 4. Тау алдындағы су қоймалары дегеніз қандай қойма? + 5. Таудағы су қоймалары дегеніз қандай қойма? + 6Көлдік су қоймалары дегеніз қандай қойма + 7. Құймалы су қоймалары дегеніз қандай қойма? + 1. Су қоймалары ауданы мен көлемі бойынша қалай зерттеледі? 2. Тоған дегеніміз не? 3. Өлі көлем дегеніміз не? 4. Пайдалы көлем дегеніміз не? 5. Су қоймасының толық көлемін қалай анықтаймыз? 6. Өлі көлем деңгейі дегеніміз не? + + + + + + + 7. Су қоймасы реттеу ұзақтығына байланысты қалай анықталады?