Биология 8 сынып. ?анайналым м?шелері та?ырыбы


20.01.2017ж. Биология 8 «Б» сынып
Сабақ тақырыбы: Қанайналымның шеңберлері. Лимфа айналымы. Қанның артериялық қысымы.
Жалпы мақсат: Оқушылар қанайналым шеңберлері мен лимфа айналымы, артериялық қысымды өлшеуді үйренеді. Жүрек қан-тамырлар жүмысына байқау жүргізуді үйренеді.
Сілтеме: Электронды оқулық, 8-сынып биология, биологияны оқыту әдістемесі, интернет көздерінен алынған бейнематериал
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Қанайналым кіші және үлкен шеңберлерден тұратынын түсінеді. Қанның артериялық қысымын өлшеуді және жүрек қантамырлар жұмысын зерттеуді біледі.
Негізгі идеялар: Кіші және үлкен қанайналым шеңберлері. Лимфаайналым. Артериялық қысым. Миокард инфарктісі.
Сабақта қолданылатын материалдар: Power Point cлайдтары, бейнематериал, тонометр, секундомер
Оқыту әдістері: Шеңбер бойымен әңгімелесу. Топтық жұмыс. Өз жартыңды тап.
Дерек көздері: Оқулықтағы тақырыпқа сай берілген материалдар, ғаламтордан алынған бейнематериал.
Тапсырмалар:
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Сыныпты 3 топқа бөлу. Оқушылар берілген суреттер бойынша жыл мезгілдеріне бөлінеді. Мадақтау
І. Білу
«Шеңбер бойымен әңгімелесу» арқылы әр топ оқушылары өткен тақырып бойынша мәтіннің бір сөйлемін айтады.Шеңбер бойымен отырамыз. Мұғалім кез-келген ойыншыға нұсқайды.
Әр топтан бір оқушы үй тапсырмасы бойынша бір сөйлем айтады, қалған оқушылар сағат тілі бойынша оларда бір сөйлемнен айтып береді. Бірінің айтқанын басқалары қайталамайды. Өзара бағалау. Топ басшылары бағалайды.
ІІ. Мағынаны тану.
Оқулықпен жұмыс
Топтық жұмыс:
1 топ – Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері
2 топ – Лимфа айналым
3 топ – Артериялық қысым. Оқушылар оқиды, жұппен,топпен бірлесе отырып талқылайды. Постер құрады. Әр топтан бір оқушы постерді қорғайды. Өзара бағалайды.
IІІ. Талдау
№12.Зертханалық жұмыс орындайды:
Тамырдың соғуын кәрі жілік артериясынан өлшеу. Жүрек қан-тамырлар жүмысына байқау жүргізуді мөлшерлі жүктемеге дейінгі және кейінгі тамыр соққыларын салыстыру арқылы анықтайды (20 рет отырып тұру).
3. Қорытынды жасау. Оқушылар зертханалық жұмыстың мақсат-міндеттерін, барысын анықтайды. Тапсырманы орындайды.
Өзара бағалайды.
Өмірде пайдаланады. Өзара бағалау. Жұптық бағалау.
ІV. Жинақтау «Өз жартыңды тап»
Жеке оқушыларға деңгейлік тапсырма беру Оқушылар алған білімдерін жинақтайды. Метатанымы қалыптаса бастайды. Мадақтау
V. Бағалау
Постерді қорғау және зертханалық жұмысты орындау деңгейі бойынша бағалау. Мұғалім бағалайды.
Мадақтау
VІ .Үйге тапсырма «Кіші және үлкен қанайналым. Лимфа айналым» тақырыбын пысықтау. «Жүрек қан-тамырлар аурулары» тақырыбына реферат жазып келу Оқушылар тапсырманы үйде орындайды. VІІ Рефлексия
«Шыбынжұт» Сабақ барысында түсініксіз сұрақтар-дың бірнешесін стикерге жазып, қоюы керек. Мадақтау
Күні: Оқушының аты-жөні:________________
1. Сәйкесін тап.
1 Кіші қанайналым шеңбері А гипертония
2 Қан қысымын өлшейтін құрал Ә Лимфа айналымы
3 Қан қысымының жоғары болуы Б Өкпелік шеңбер
4 Қан қысымының төмен болуы В лимфоциттер
5
«Биологиялық сүзгі» қызметін атқарады Г гипотония
6 Лимфада болатын жасушалар Е тонометр
1- 4-
2- 5-
3- 6-
2. Суреттегі сандардың тұсына аттарын жазыңдар.

«Жартыңды тап» тапсырмалары
1. Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі?


2. Үлкен қанайналым шеңберінің қызметі?


3. Артериялар мен венадағы қан қысымының мөлшері?
1) 100-120мм сын. бағ. 2) 60-80мм сын. бағ.
4. Гипертония. Гипотония.


5. Лимфа айналымының қызметі?


5. Лимфа айналымының қызметі?