Ж?ректі? ??рылысы мен ?ызметі (8 сынып, биология)


Сабақтың тақырыбы: Жүректің құрылысы мен қызметі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға жүрек, оның құрылысы мен қызметі жөнінде айта отырып, олардың айырмашылықтарын, бөлімдерін, атқаратын қызметтерін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен білімін толықтырып, тереңдетіп отыру, дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын арттыру және алған білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, танымдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушылардың пәнге деген көзқарасын, білімге деген құштарлықтарын, адамгершілік қағидаларын бойына сіңіре отырып тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдістері: Бірлескен топпен жұмыс, миға шабуыл, оқытудағы әңгімелесу, ойлан-жұптас-бөліс, қос шеңберлі дөңгелек үстел.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Амандасу.
Психологиялық тренинг
1. «Көңілді қолшатыр»
Ашылған қолшатыр суретін салыңыз, әр сымына бүгінгі күнгі өзіңіздің көңіл күйіңізді сипаттайтын сөзді жазыңыз. Неше сым сонша сөз болу керек. Ол қолшатырды көршіңізге сыйлап, оның көңіл күйін көтеріңіз.
312547040005027165303956051350010440055904875430860Топқа бөлу. Түрлі түсті қағаз беріледі, оның артына 1,2 саны жазылып, оқушылар сан бойынша 2 топқа бөлінеді
ІІ. Үй тапсырмасы.
Сұрақ-жауап доминосы
Оқушыларға сұрақ-жауап жазылған үлестірме таратылады, бірінші оқушы қолындағы сұрақты оқиды, оның жауабы басқа оқушыда, ол жауапты, сосын сұрақты оқиды, осылай жалғаса береді.
Сұрақ: Жүре пайда болатын иммунитет
Жауап: Қан, лимфа, плазма
Сұрақ:Лимфоциттер деген не?
Жауап: Адам қандай да бір аурумен ауырғаннан кейін пайда болатын иммунитет
Сұрақ: Гемоглабин қандай қызмет атқарады?
Жауап: Иммундық жүйенің құрылымдық элементі
Сұрақ: Лейкоциттер қандай түзіледі?
Жауап:оттек пен көмірқышқыл газын тасымалдау
Сұрақ: Фагоцитоз теориясын ашты
Жауап: сүйек кемігінде, көкбауырда, лимфа түйіндерінде
Сұрақ: Қанның ұюыны не әсер етеді?
Жауап: И.И. Мечников
Сұрақ: Гемофилия ауруы қалай сипатталады?
Жауап: Тромбоциттер
Сұрақ: Резус фактор дегеніміз не?
Жауап: Қан ұйымайтын ауру
Сұрақ: Донар деген кім?
Жауап: ерекше нәруызды зат
Сұрақ: Организмнің ішкі ортасы?
Жауап: Өз бетімен қан беретін адам
Жаңа сабақ
1. Анықтау:
Оқушыларға тақырып бойынша қандай тұжырым білетіндерін анықтау.
1. Жүрек ол туралы не білесіңдер?
2. Жүрегіміз қайда орналасады?
3. «Жүрегі жоқ» деген сөзді қалай түсінесің?
4. Адамда жүрек қашан пайда болады?
2. Қатысу. «Біздің жүрегіміз» қызықты мәліметтер оқу (бұл диктофоннан айтылады)
«Жүрек» деп аталатын бұлшық ет әлемде махабаттың символы болып табылады. Гректер жүрек жанның арашасы деп ойласа, қытайлықтар бақыт жүректе деп сенген, ал египеттіктер эмоция мен интелект жүректе туады деп санаған. Жақында америкалық ғалымдар достармен көп араласу жүректің саулығын сақтайтынын анықтады. Адамның араласатын ортасы кеңейген сайын, оның жүрек ауруымен ауру қаупы азаяды екен. Мамандардың есептеуінше вальс музыкасы адамның жүрек ырғағына сәйкес келеді. Жүректің біздің өмірімізде алатын орны тым ерекше болғаны соншалықты барлық елде «Жүрек күні» аталып өтіледі, ол 25 қыркүйек. Бұл күні адам өміріндегі ең басты мүшеге ерекше көңіл аударылады. Сонымен қатар шведтік ғалымдардың зерттеуінше хор айтылғанда хорға қатысушылардың жүрек ырғағы бір үйлесімдікте болатынын анықтады.
3. Зерттеу
Оқулықпен жұмыс (Оқушыларға оқулықпен іздену үшін, тақырыпқа деген қызығушылығын ояту мақсатында қарапайым логикалық сұрақтар қойылады. Оқушылар бұл тапсырманы жұппен орындайды. Сұраққа жауап беру үшін ол туралы білімдерін жетілдіру мақсатында кітаппен жұмыс жасайды)
Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Ол үшін оқушыларды түрлі-түсті қағаздың көмегімен жұпқа бөлемін.
-58014203098Миға шабуыл
-596141996701-жұп: Жүрек неге төрт камералы бөліп келеді?
-829824343152-жұп: Инфаркт миокарды ауруымен ауыратын адамдар жыл сайын ұлғаюда, неге? Жүрек миокарды ол не?
-763772646173-жұп: Неліктен жүректің жүмысын насоспен салыстырады? Айырмашылығы бар ма?
4-жұп: Жүректің суретін негеосылай бейнелейді? Шындығында жүрек осындай болады ма?4. Түсіндіру.
3067583909523001785950929640260159580741500«Қос шеңберлі дөңгелек үстел» оқушылар екі шеңберде отырадығ ішкі және сыртқы шеңбер. Оқушылар жоғарыдағы мәселені жұппен талқылап болғаннан кейін, шеңбердің сыртында орналасқан оқушылар орын ауыстырып, өз ақпараттары жөнінде бір-бірімен бөліседі.
178010781625400309684588889700366077576741029264105130802576195240335222661549212519405603810003692525128110000165387048641000348899545720000

5. Әзірлеу.
Топпен жұмыс
1-топ: «Менің жүрегім» ( топпен ақылдаса отырып, жүрек макетін жасау)
2-топ: «Жүрек – насос» (жүректі алмастыратын материал)
6. Бағалау.
Бүгінгі сабақтан меңгергенім Менің бұған көзқарасым Алған білімді пайдаланамын
7. Кеңейту
Оқушыларға «Жүрек – сезім», «Жүрек-мотор» деген көзқарас беріледі. Оқушылар төменде берілген сұрақтарды негізге ала отырып, бір көзқарасты қолдап, немесе теріске шығарады. Оған мысалы, дәлелі болуы шарт.
Тапсырмалар.
1. Жүрек миға бағынады ма, ми жүрекке ме?
2. Адам жақсы немесе жаман сезімді жүрегімен сезеді, осындай сезім жануарда да болады ма?
3. Адамның жүрегін ауыстырғанда оның өмірі, сезімі, түсінігі жүрегін берген адаммен байланысып, соның өмірін сүреді деген пікірлер қаншалықты дұрыс?
4. Адамның жүрегі оның дене бітіміне сәйкес болады. Жүректің үлкендігі мінезге әсер етеді ме?
5. Адам жүрегін жасанды жүрекпен алмастырса, онда ол жақсы көру сезімінен айырылады ма?
Қорытынды:
Бағалау
112173982372Жұптық бағалау
1172947128676114368599416Өзін-өзі бағалауы Жиынтық бағалау
Топтық бағалау