Онлайн саба? Ж?йке ж?йесіні? ??рылысы мен ?ызметі


Ақкемер орта мектебі
Танашева Г.У
Онлайн сабақ
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі


Пәні Биология Класы 8а Мұғалімі: Танашева Гульназ Утегеновна
Тақырып Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі
Мақсаты Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы білімді қалыптастыру; адам ағзасының қызметі жүйке жасушаларының ерекшеліктеріне байланысты екендігін, жүйке жүйесінің жұмысының рефлекстік принцпін, жүйкелік реттелу механизмін түсіндіру.
Күтілетін нәтиже Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі туралы біледі. Өздері тақырып бойынша талдау жасап, қорытындылай алады; топта сыныптастарымен пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады, ойлаудың жоғары деңгейіне ұмтылады, өзін-өзі бағалай алады.
Негізгі идеяларЖүйке жүйесі жасушасы-нейрон. Нейронның ұзын өсіндісі-аксон,қысқа өсіндісі –дендрит. Нейронның сезімтал ұштары рецепторлардан тұрады. Нейрондар қызметіне қарай үш түрге бөлінеді.Жүйке жүйесінің жұмысының реттелуі.Тізе рефлексінің қарапайым доғасы. Бүгу рефлексінің күрделі рефлекс доғасы.
Кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Ресурстар Бағалау
Ұйымдастыру
(3 минут) Тренинг: «Жылы алақан» оқушылар шеңберге тұрып, бүгінгі сабаққа тілек айта отырып, сыныпқа ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету. Мозайка әдісімен топқа бөлу. Оқушыларды рольге бөлу.
Топқа бөлу. І-топ «Нейрон»
ІІ-топ«Импульс»
ІІІ-топ «Синапс»
IV-топ «Рецептор»
V-топ «Рефлекс» Оқушылар бір-біріне тілек айтады
Оқушылар қима-қағаздар алып, оны құрастыру арқылы топқа бөлінеді Әуен,
қима-қағаздар Үй тапсырмасы
(5 минут) Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты ашу.
1.Тимусты (айырша без) тағы қалай атайды? (Жасөспірім)
2.Адамдар қандай класқа жатады? (Сүтқоректілер)
3. Тироксин құрамына кіреді? (Йод)
4.Қалқанша безден бөлінетін гормон? (Тироксин)
5.Есейген адамда өсу гормонының артық синтезделуі қандай ауруға шалдықтырады? (Акромегалия)
6. Аралас без түрі? (Жыныс)
7.Адреналин гормонын қандай без түзеді? (Бүйрекүсті)
8. Оқушылар мен балабақша балалары қабылдауы тиіс? (Йодамарин)
9. Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда қандай ауру дамиды? (Кретинизм)
10. Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, қандай ауру дамиды? (Микседема)
11. Ішкі секрецияның әртүрлі бездері қандай жүйеге жатады? (Эндокриндік) Оқушылар тапсырманы жылдам орындайды.
Сөзжұмбақ, слайд Жетон
Қызығушылықты ояту (3 минут) Ассоциация: «Жүйке жүйесі» Оқушылар жүйке жүйесі туралы білгендерін жазады. Мағынаны тану
(7 минут)  INSERT әдісі. Түртіп алу жүйесі. карандашпен белгі қоя отырып,толтыру.
1 қадам: мәтінді оқу, «Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі» мынадай белгілермен:
«V» - маған таныс;
«+» - мен үшін жаңа;
«-» - мен білетін түсінікке сәйкес келмейді;
«?» - бұл туралы тереңірек білгім келеді.
«!» – бұл өте қызық.  Ұсынылған тақырып бойынша өз білімдерін актуалдандыра алады. Бұрыннан таныс мәліметті жаңа мәліметпен ұштастырады. Берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалайды, оқылған проблемаға сұрақ қойып, тұжырымдайды.
2 қадам: Мәтіннің нәтижесін әуелі жұпта, сосын топта талқылайды. Оқулық Ой толғаныс
Дайындау (7 мин)
Қорғау (10 мин) «Ротация» әдісі бойынша тапсырма
І-топ «Жүйке ұлпасы»
ІІ-топ «Жүйке импульстері»
ІІІ-топ «Жүйке синапсы»
IV-топ «Рефлекс және рефлекс доғасы»
V-топ «Тізе рефлексі» зертханалық жұмыс
Оқушылар тапсырманы орындай отырып, алған білімдерін көрсетеді.
1. Оқушылар сағат тілі бойынша орындарын алмастырып отырады (яғни сұрақтарымен) және өзге топтың сұрағы мен жауабын оқып, сол сұраққа өз жауаптарын жазады. Осылайша сұрақ ауыстыру әуел бастағы өз сұрақтары қайтып келгенше, жалғаса береді.
2. Әр топ өз сұрақтарын толықтырып, топ алдында қорғайды. Оқулық, сурет, постер
Екі жұлдыз, бір тілек
Сергіту сәті (2 мин) Би терапиясы Оқушылар денелерін сергітеді Әуен Кері байланыс
(2 мин) «Блиц-кездесу» Нейрон, Аксон, Синапс, Рефлекс, Рефлекс доғасы, Медиатор, Сұр зат, Ақ зат. Бір-біріне жаңа тақырып бойынша терминдерді түсіндіреді. жетон
Ассоциация (2 мин) «Жүйке жүйесі» Сабақ басындағы толтырылған ассоциацияға қайта оралу. Оқушылар алған білімдері бойынша ассоциацияны толықтырады. Қорытынды (1 мин) Бейнеролик «Жүйке импульсі» Интернет Бағалау (2 мин) Топ көшбасшысы оқушыларды бағалайды. Жетон Бағдаршам Жасыл түс- 5
Сары түс – 4
Қызыл түс- 3
Менің дауысым Не білдім! Не білгім келеді? Оқушылар сабақ туралы ойларын жазады. Пайдаланылған әдебиеттер: Е.Очкур, Л.Аманжолова «Биология» 8кл
Энциклопедия «Сұрақ-жауап»
З.У. Имжарова «Сын тұрғысынан ойлау білім үрдісінде»
Интернет көздері: cabak.rz, youtubе.ru