Мені? отбасым. Н?тиже саба? 5 сынып
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
«А.М.Горький атындағы гимназиясы» ММ
«Менің отбасым» Нәтиже сабақ
Қазақ тілі
5 сынып
Мұғалім: Ақышева Балайым Жансейітқызы
Қостанай қаласы
2013-2014 оқу жылы
Сабақ тақырыбы: Менің отбасым. Нәтиже сабақ
Сабақ мақсаты: оқушылардың «Менің отбасым» тақырыбы бойынша білімдерін тексеру;
Сөз қорын байту;
Зат есім, сын есім, есімдік, етістіктерді ажырата білуін текесру;
Сабақ барысында тілдерін, қазақша сөйлеу дағдыларын дамыту;
Отбасына деген сезімдерін нығайту; кішіпейіл, әдепті, жауапты болуға тәрбиелеу;
Көрнекілік: суреттер, мақал- мәтелдер жазылған карточкалары, ағаштың макеті.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау. Жазуларды жеке параққа жазамыз. «Отбасыма арнаймын» деп атаймыз. Бұл парақты сабақ соңында үйлеріне алып кетеді, отбасыларын а оқып береді.
3. Сабақтың негізгі бөлімі:
- «отбасы», «жанұя» сөздерін талдау; отбасы- семейный очаг, жанұя- дом милых людей.
«адам», «үлкен кісі» сөздерінің синонимдерін табу
- Конституцияда белгіленген отбасының құқықтары. 27 - бап
Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттік қорғауында болады.
Балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу- ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті. ҚР Конституциясы
- «Полиглот» үш тілде берілген мақалдарға назар аудару
Example is better than precept.
Пример лучше наставления.
Өнеге – өте тиімді өсиет.
An Englishmans home is his castle.
Мой дом – моя крепость.
Өз үйім – өлең төсегім.
There is safety in numbers.
Доброе дерево – добрый и плод.
Ағашы аласа болса да, алмасы да тамаша
- қазақ халқының мақалдарын талдау. Балардан сұрау- кім отбасы туралы мақалдар біледі?
- Өз отбасымен таныстыру
- сергіту кезеңі: «Бір үйде біз нешеуміз?» Кімнің отбасында бес адам бар?
- Сен отбасыңда кім боласың?
Ата-анамның ұлымын, қызымын. Ағамның інісімін, қарындасымын.
Апамның сіңлісімін, інісімін. Қарындасымның ағасымын, апасымын.
Сіңлімнің ағасымын, апасымын. Інімнің ағасымын, апасымын.
Мен отбасымның жалғасымын, болашағымын Параққа жазу
Сенің отбасыңдағы басты міндетін қандай?
Менің басты міндетім - жақсы оқу. Параққа жазу
Жалғастыру: мен отбасымды ... . сүйемін жақсы көремін міндеттімін талпынамын тырысамын сеземін көмектесемін қорғаймын байқаймын сырласамын түсінемін ойлаймын
тілектеспін әңгімелесемін келісемін мақтан тұтамын Параққа жазу
Қандай сөз табына жатады бұл сөздер?
Менің отбасы мүшелері қандай адамдар? менің отбасымдағы адамдар беделді білімді тәжірибелі тәрбиелі әдепті шебер сөзшең ұқыпты қонақжайлы аяулы іскер бауырмал жомарт еңбекқор мейрімді мәдениетті адал әділ қатал сұлу белсенді кішіпейіл сыпайы қайырымды парасатты салмақты ақкөңіл дана қарапайым отаншыл адамшыл ақылды дарынды сабырлы шешен Параққа жазу
Қандай сөз табына жатады бұл сөздер?
Мен үшін отбасым ... . қамқор тірек қорғау үй туған адам көмек түсініс Отан пана алтын ұя күш қуат махаббат айна әлем мейірім бақыт байлық параққа жазу
Қандай сөз табына жатады бұл сөздер?
Мынау өлең менің отбасым туралы:
Әкем менің – беделді
Анам менің ақылды
Әжем менің дана жан
Атам менің қамқоршы
Ұлым менің жақсы жігіт
Қызым менің көмекші
Мен отбасымды сүйемін!
Ал,кім өз отбасы туралы өлеңін оқып бере алады? Өлеңдерін оқиды. Параққа жазу
Отбасыдағы қарым- қатынас туралы әңгімелеу. Неге сүйеміз? Неге көмектесеміз? Неге сенеміз? Неге шыдаймыз? Отбасыдағы шыдамдылық, толерантность туралы, кешірімді болу, тек қана жақсылық үшін әңгімелеу.
Отбасыда болған қызықты оқиғалары туралы әңгімелеу.
Қазақ халқының тыйым сөздері туралы әңгімелеу.
Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
Ата – анаңа қарсы келме.
Рефлексия. «Отбасы ағашын» құру. Қортынды жасау
Бағалау