М?сін ?нері 6 А сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға мүсін жайында жалпы түсінік беру, мүсіндердің жасалу жолдары, оның заңдылықтарын түсіндіру
Дамытушылық: Оқушылардың көру , есте сақтау қабілеттерін ,мүсін
жасауда қол ептілігін ,ой-өрісін қиялын дамыту.
Тәрбиелік:Сабақ үстінде таза,ұқыпты,ермек сазбен еңбек етуге баулу. Оқушыларды адамгершілікке ,мәдениеттілікке үйрету тәрбиелеу.
Типі:Жаңа білімді меңгерту .
Әдісі:Сұрақ жауап топпен жұмыс ,машықтық жұмыс.
Көрнекілігі:Мүсін үлгілері ,слайд.
Сабақтың барысы:.
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Өткен тақырыпты пысықтау(постер арқылы)
3) Жаңа сабақ
4) Машықтық жұмыс
5) Жаңа тақырыпты бекіту
Жаңа тақырып
Мүсіннің шығу тарихы Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған .Бұл тастар мүсін-балбал тастар.
Олар орталық Қазақстан Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ертеректегі тас мүсіндер
жалпақ әрі көлемді болып келеді.Одан кейінгілері жұмырлы мүсін болып келеді.
Мүсіндеу өнері-көркем өнердің бір түрі.Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден
айырмашылығы кескіннің барлық жағынан көрсетілуі .
Мүсіндеудің түрлері : 1) Жұмыр мүсіндеу . 2)Рельеф(бедерлі) монуметтік .
Жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады.Рельеф бедерлі жазықтықтың
бетінде орналасады. Мүсіншілер өздерінің шығармалын жасау барысында адам
Мен жануарлардың мүсіндерін жан-жақты қарап отырып сомдайды.
3)Монументтік мүсіндеу –бұл ұлы адамдарды немесе тарихи оқиғаларға орнатылған асқақ , келісті ескерткіштер. Монумент-сәндік шығармалар әдетте алаңның немесе демалыс орындарының сәулеттік коспозициясының жиынтығы болып табылады. Қазақстаннан шыққан тұңғыш кәсіпкой мүсінші атамыз Хакімжан Наурызбаев (27.08.1925жылы ) Қостанай облысы Меңдіқара ауданында туылған.Оның еңбектері Амангелді Иманов, Жамбыл Жабаев, Ш.Уәлиханов көптеген еңбектері бар.Тұрмыста шағын мүсіндеу кең тараған . Бұл – әр түрлі
материалдардан : фарфордан ,ағаштан , сүйектен , пластмассадан жасалған шағын көлемді мүсіндер ,олардың көпшілігі түрлі түсті болып келеді . Шағын
пішінді мүсіндеуге адамдар мен жануарларды бейнелейтін ойыншықтардың
Кейбір түрлерін де жатқызуға болады.
Машықтық жұмыс
1) Ермексазбен жұмыс істеу техникасының ерекшеліктерін түсіндіру
2) Дайын үлгімен таныстыру
3) Құмыра, ваза, жемістерді бейнелеу
4) Машықтық жұмыс барысында пайдалы кеңестер беру
5) Техника қауіпсіздігін айту ермексазбен жұмыс істеу кезіндегі
6) Оқушыларға бағыт-бағдар беру
Жаңа сабақты бекіту
Мүсіндеу дегеніміз не?
Мүсіндеудің түрлерін ата
Мүсін шығармалары қандай түрлерге бөлінеді?
Ежелгі тас мүсіндер қалай аталады?
Қорытынды
Әр топ жасаған жұмыстарын ортаға шығып оны таныстыру. Барлық топтың жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.
Бағалау
Үйге тапсырма
Қазақстан мүсіншілерінің жұмыстарынан реферат жазу.