Е?бекке баулу Та?ырыбы: Ермексазды пайдаланып жануарлар бейнесін ??растыру (??лын жасау)


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Ермексазды пайдаланып жануарлар бейнесін құрастыру (құлын жасау)
Мақсаты 1. Оқушыларды үй жануарларын мүсіндеу әдістерімен таныстыру.Жануарлардың дене мүшелерінің қозғалыстағы қалпын бере алуға үйрету.2. Эстетикалық қабылдауларын дамыту, халық өнер шеберлерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.3. Қарапайымнан күрделі заттарға дейін мүсіндеу дағдыларын қалыптастыруға әрекет ету.Сабақтың құрал - жабдықтары: ермексаз, су, сүрткіш, тақтайша фотосуреттер, жануарлар туралыслайдтар.Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, мүсіндеу, тексеру, т. б.Сабақтың түрі: аралас.
Күтілетін нәтиже Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Өткен сабақты естеріңізге түсірейік. Төрт түлік малды есімізге түсірейік?- Жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе.- Мына жұмбақты шешіп көрейік.Кезікті бір жануар,Үстінде екі тауы бар.Түйе.Кішкентай ғана бойы бар,Айналдыра киген тоны бар.Қой.- Балалар қазір сіздерге төрт түлік мал туралы мынандай өлең шумақтарын оқып берейін, сіздер жақсылап тыңдай қойыңдар. Мақсатым: жануарлардың кейпін есте сақтау.Төрт түлік малдың ең жүйрігі жылқы төлі – құлын жайында М. Әлімбаев атамыз былайжырлаған екен.Құлыншақ.Бұлшық етің бұлтыңдап,Қолды – аяққа тұрмайсың.Құндыз түгің жылтыңдап,Желден оза зырлайсыңАсыр салып көп ойнап,Ақсап қалдың құлыншақ.Жүрмейсің бе абайлап,Болмасаңшы ұрыншақ..Балалар түрт түлік малмен бәріміз таныспыз. Сонымен бірге үй жануарларының күзетшісі,сақшысы итті де білеміз. Ол адамның досы, балалардың сүйкімді төрт аяқты досы иттің мүсінінсалып көрейік. Тақырып: « Менің күшігім.»Ермексазды жұмсарту, тұтас бөлікті созу арқылы ит мүсінін жасауға кірісу.Созу, жалпақтау, жұмырлау әдістері.Ит туралы мүсіндеу қиын болмау үшін иттің суреті бейнеленген суретші шығармаларыныңфото суретін тақтаға іліп қою.Мүсіндеу кезінде түрлі кейпін көз алдарына елестету. Ол үшін мына өлеңді оқып беру.Тыңдай отырып, елестету арқылы мүсіндеу.
Сергіту сәті Орманда кірпі келеді, Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке?  Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
Ақ күшік.Итаяқтан ақ күшікЖуындыны жатты ішіп.Мысық келіп жанына:- Бар ма?- деді, тағы да.- Баррр, беррр - мейміннн біррр – ақ та!-Деді күшік ұнатпай.«Дос болыппын текке!»- деп,Қалды мысық өкпелеп.Естеріңде болсын! Итті дұрыс мүсіндеу үшін, оның дене құрлысын, бас аяқ, т. б. Бөліктерінің орналасуын, қозғалған кезде өзгеруін білу маңызды.Практикалық жұмыс.IY. Сабақты қорытындылау.1. Ит адамға қандай қызмет көрсетеді?2. Иттің қандай түрлерін білесіздер?3. Олар қалай аталады, дене бітімдері қандай?4. Мүсіндеу кезінде бірінші қай мүшесі жасалады?
Үйге тапсырма Жұмысты аяқтау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады