Е?бекке баулу. Таби?и материалдардан ??рама? ??растыру


1.Күні:____________
Класы: 2
Пәні : Еңбекке баулу
Тақырыбы: Табиғи материалдардан құрамақ құрастыру. Табиғи материалдардың қасиеттері.
Мақсаты: ерекше материалдардан құрамақ құрастыруға үйрету; Түсініп оқуға дағдыландыру; ойлауын дамыту; еңбектене білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.Оқушы зейінін сабаққа аудару.
Өткенді қорыту.Суреттерге талдау, өмірмен байланыстыру. Ағаш бүршіктерінен мүсіндер қалай жасаймыз?
Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс.
Табиғи материалдар да алуан түрлі. Құрғақ жапырақтардан, бұтақтардан, гүлдерден, ұлу қабыршақтарынан, жаңғақтан түрлі сувенирлер мен ойыншықтар, құрамақтар жасауға болады.
Бүршіктер - қылқан жапырақты ағаштардың ұрығы. Олар жақсы желімденеді.
Бұтақтар – қызыл талдың, қарағайдың, шыршаның, бөртегүлдің бұтақтары құрамақ жасауға ыңғайлы. Бұтақтары серпімді, кепкенде сынбайды.
Мүк тез желімденеді.
Жапырақтардың пішіні мен түсін алуан түрлі.
Құс қауырсыны де алуан түрлі болады.
Тұқым. Ағаш. Гүл, көкөніс тұқымдарынан адам мен жануарлардың көзін, аузын жасауға болады.
Құрамақтың пайдаланатын орны туралы әңгімелеу.
Жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру керек.
1.Инемен жұмыс істеу.
2.Қайшымен жұмыс істеу.
Үлгіні қатырма қағазға түсіру ретін есіңе сақта.
Практикалық жұмыс
Түсінгендерін тексеру.
Мүсіндерді тағы нелерден жасауға болады? Оларды немен бекітеміз? Мүсіндерді немен жылтыратуға болады?
Бекіту: Сұрақтарға жауап алу.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 4-6 бет, күз туралы әңгімелеу.