Натюрмортты? ?ркендеу тарихы (4 класс)
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы
Хлебодаровка орта мектебі
бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі
Бегжанова Жаныл Жубанова
Сабақтың тақырыбы: Натюрморттың өркендеу тарихы 4-класс
Сабақтың мақсаты:
І.Білімділік: оқушыларға ыдыс аяқтан құралған натюрморт туралы түсінік беру, заттың жалпы формасын жарық пен көлеңкені дұрыс салу жолдарымен суретті сауатты салуын терең меңгерту.
ІІ.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Заттың өзіне қарап сурет салумен қатар есте сақтап салу мен өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету.
ІІІ.Тәрбиелік: Натюрморт жанрының әсемдігін бағалай білуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдісі - тәсілі: түсіндіру, сұрақ жауап, сарамандық жұмыс.
Көрнекіліктер: слайд, интерактивті тақта, жұмбақтар.
Құрал жабдықтар: интерактивті тақта. сурет салу құралдары. бояу заттары.
Сабақтың жоспары:
І.Ұйымдастыру кезең.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру.
ІV.Практикалық жұмыс.
V.Сабақты бекіту.
VІ.Оқушыларды бағалау.
VІІ.Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушыларменамандасу;түгелдеу,құрал-жабдықтарын,қадағалау. -Барлығының назарын сабаққа аударту.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ жауап арқылы өткенді қайталау.Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.
1.Тік жазықтықтағы қозғалыс дегеніміз не?
2.Контраст дегеніміз не?
Жаңа сабаққа көшу барысында ой сергіту сәтін пайдаланып жұмбақтар шешеміз.
Су ішкенде табылар.
Қанып қалар шөліңіз
Ас ішкенде табылар,
Ол не екенін, табыңыз?
(Ыдыс - аяқ)
Төбесінен қарасаң,
Түбі құдық тәрізді.
Жан - жағынан қарасаң,
Сұлу бейне секілді.
(Құмыра)
Ас келгенде алдыңа,
Ыдыс - аяқ жоғалар
Шай ішкенде алдыңа,
Қандай ыдыс қолданар?
(Кесе)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Натюрморт жанрын жеке жеке түсіндіре кетсек, "жанр" - француз сөзі"түр" немесе "тек" деген мағынаны білдіреді. "Натюрмот" - француз сөзі "өлі табиғат" деген ұғымды білдіреді. Нотюрморт алғаш XVII ғасырдың басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде XVII ғасырда Батыс елдерінде қолдау тауып, кеңінен дами бастады. Қазақстан суретшілерінің көркем шығармашылығынан да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады. Айтар болсақ, А.Ғалымбаева, Г.Исмайылов, Н.Нұрлыбаев т.б. еңбектері. Натюрморт жанры бізді қоршаған ортада кездесетін заттарды, жемістерді, гүлдерді т.б. бейнелейді. Суретшілердің салған натюрморттарынан онда бейнеленген заттардың ерекшелігін, әсемдігін көре аламыз. Адамдар көбінесе айналасындағы заттардың әсемдігін байқамайды. Ал суретші олардың сұлулығын өзі ғана байқап қоймай, басқалардың да оған назарын аударып, сұлулығына тамсануына мүмкіндік береді. Суретші қозғалмайтын, жансыз денелерді бейнелеп натюрморт құрастырады. Натюрморт бірнеше заттар мен әр түрлі нәрселердің жиынтығынан тұрады. Әрқашан натюрморт орындауда жалпыдан жекеге көшу принципін және тепе-теңдік принципін ұстау керек. Заттар жинақы әрі үйлесімді болуы керек. Натюрмортты сауатты салуға үйрету ең басты мәселе болып табылады.
Натюрморт салғанда ең алдымен берілген натюрморттың нобайын қағаз бетіне қарындашпен белгілейміз. Қағаздың жан- жағынан орынның көп қалмауын ойластырған жөн. Пішінін шамамен белгілеп алып, содан кейін ұсақ бөліктерін көрсетуге көшу қажет. Суретте жарық пен көлеңкені бейнелеуге кірісерде заттың қай бөліктеріне жарық түсіп тұрғанын, қай жерлері көлеңке екені анықтап алудың маңызы зор. Суретте жарық пен көлеңке өң арқылы беріледі.Заттың сыртқа бетінің түсі оның өңі деп аталады. 1) Заттың сәуле түскен жағы жарық деп, 2) ал қарама-қарсы жағы көлеңке деп, 3) Бір заттың екінші заттың бетіне түсетін көлеңке түспен көлеңке деп аталады. 4) Жарықтан көлеңке ауысар жағын жартылай көлеңке деп, 5) Заттың ең жарық жері жылт деп аталады.
ІV.Практикалық жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөліп.
1топ. Жеміс жидектен құралған натюрморт
2 топ. Тұрмыстық бұйымдардан құралған натюрморт 3 топ. Гүл салынған құмыра натюрмортын салу тапсырылады.
Оқушылар натюрмортты альбомды тігінен қойып, қарындашпен жеңіл, қатты баспай рет ретімен суретін салады. Оқушылардың жұмысына бақылау жасап, қателері болса түзету жолын үйретіп отырамын.
V.Сабақты бекіту.
1.Натюрморт сөзі қандай мағынаны береді?
2.Натюрморт жеке жанр ретінде нешінші ғасырдан бастап дамыды? 3.Қазақстан суретшілерінен кімдер натюрморттың дамуына үлес қосты? 4.Дастарқан натюрмортының авторы кім?
VІ.Сабақты қорытындылау.
Натюрмортты орындау оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамытады. Шығармашылық ізденісін, байқағыштығын, білімділігін арттыра-ды. Оқушылардың әсемдікті сүйе білуге, әдемілікті бағалауға үйретеді.
VІІ.Балалардың жұмысын тексеріп, бағалау (галереяға саяхат, суреттер ілініп бағаланады)
Үйге тапсырма. Құмырадағы гүл композициясын бейнелеу.