Жолда ж?ру ережелері т?рбие са?аттары
Тақырыбы:«Жолда жүру ережелері». Танымдық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың көше ережесін меңгеру дағдыларын қалыптастыру және іс жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Сақтыққа, жеке бас қауіпсіздігін сақтай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың жолда жүру ережелерінің қажеттігін ұғындыру.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, жол белгілері суреттеріБарысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Әр топ өздерін таныстырып өтеді.
І топ: «Жас ұлан» тобы
ІІ топ: «Қайсар» тобы
Жарысымыздың шарттары:
І кезең «Жол ережесін білеміз бе?»
ІІ кезең «Менің мектепке барар жолым».(Ситуациялық сұрақ)
ІІІ кезең «Көңілді жолаушылар». (Көрініс)
ІҮ кезең «Мамандар атынан сөйлеу»
ІҮ кезең «Оқушылар шығармашылығы»
Ү кезең «Капитандар сайысы»
І кезең «Жол ережесін білеміз бе?»
Шарты: Топтағы әр оқушы ұяшықтағы сандарды таңдап, ішіндегі сұрақтарға жауап береді..
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
1.Жүрісті реттеп отыратын адам?
(жол реттеуші)
2.Егер көшенің шетінде жиек жол болмаса жаяу жүргінші жол бойында қалай – жүріп тұруы керек?
(келе жатқан көлікке қарсы бағыт ұстап жолдың сол жақ шетімен жүру керек)
3.Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?
(оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады)
4. «Абайлаңыз балалар»
5.”Жолаушылар” дегеніміз кімдер?
(кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар)
6.Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
(бағдаршам – механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.)
7..Жол бойларында велосипедпен, қол шанамен, сүйретпелі қол
арбамен қалай жүру керек?
(велосипед, қол шана, қол арбамен жолдың шетімен жағалай жүру керек. Ал жиек жол болмаса, жолдың сол жағымен жүру керек)
8.Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар не істеу керек?
(03 – жедел жәрдем шақырып, 02 – полиция бөліміне хабарласу керек)
9.Транспорт құралы дегеніміз не?
(адам немесе жүк тасымалдауға арналған көлік)
10.Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?
(ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған
машинаға мән бермейді)
11. «Жаяу жүргіншілер жолы»
12.Қандай жол белгісі велосипедпен жүруге тыйым салады?