Жолда ж?ру ережелері Жол ?ліппесі
«Жол әліппесі»
(Ата-аналармен өткізілетін сайыс)
Құрметті ата-аналар, біздің кішкентай сүйкімді бүлдіршіндеріміз!
Бүгінгі «Жол әліппесі» деген тақырыпта «Жұлдыздар» тобының ата-аналары арасында сайыс өткізгелі отырмыз. Бұл сайысымыз жолда жүру ережелерін білу өз өмірлеріңіз үшін, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін қажеттілігін түсіндіру, көліктің адам өмірінде алатын орнын білдіру мақсатын көздейді.
Көрініс: «Үш көзді дәумен кездесу»
Көшеде әрлі-берлі жүрген машиналар, ортада бағдаршам.
Ортаға жүгіріп бала шығады.
Бала: Қап, мына көшеден қалай өтіп кетсем екен а, жолда машиналар көп екен. «Тәуекел» көшені кесіп жүгіріп өтіп кетейін.
Бағдаршам: - Әй, тоқта! Қайда барасың?
Бала: -Сен кімсің?
Бағдаршам: -Мен бағдаршаммын, сен көше тәртібін бұздың.
Бала: -Қалай? Қашан?
Бағдаршам:- Сен қызыл көзім жанып тұрғанда көшені кесіп өтпек болдың ғой, сенің бұның дұрыс емес.
Бала: - енді қалай өтуім керек еді.
Бағдаршам: - Сен мені жақсылап тыңда. Мына менің қызыл көзім жанғанда жолға қарай жүруге болмайды, ал сары көзім жанғанда жолдан өтуге дайындал- деген белгі берем, ал жасыл көзім жанғанда жолдан өтуге рұқсат, өте бер, - деген белгіні білдіремін.
Бала: -Жарайды, айтқаныңызды ұқтым, енді сенің айтқаның бойынша жүретін боламын.
Әрқайсысының қылығына әділ баға берелік – дей келе, осы сайысымызға әділ баға беретін әділ қазыларымызды сайлап алайық.
Жүргізуші. Ал қанекей, үйренейік жолда жүру тәртібін,
Ережені жақсы білер, жатқа білер бар кімің.
Шарттарымен танысып, бәріне дайын болайық.
Құрметті ата-аналар бүгінгі сайысымыз бастайық:
«Мына жол белгілері нені білдіреді?» - деген сұраққа жауап беру.
Ата-аналарға жол белгілерінің суретін ұсынылады, бір ата-ана көзі жабулы болады, оның қандай белгі екенін, қандай мақсатта айтылғанын атап беруін ұсыну.
Көңілді тест сұрақтары. Сіздерге қолдарыңызға парақ беріледі. Тест сұрақтары оқылады, дұрысын таңдап белгілейсіздер.
Қоғамдық көлікке қай жерде отырамыз?
А) есік В) аялдама С)перрон
2. Жолдың қай жағынан жүру керек?
А) оң жақ В)сол жақ С) тік
3. Көлікте отырсыз, балаңызды балабақшаға апара жатырсыз,сырт неге қараңғы?
А)түн В)көлік моделі сондай С)әйнек тонировкасы
4. Көлікпен келе жатқанда қандай жатқан жануарды кездестіресіз?
А) түлкі В)зебра С)түйе
5. Жол бойына балалардың ойнауына неге қатаң тыйым салынған ?
А) машинаға жол беру үшін
В) бала қауіпсіздігі үшін
С) тыйым салынбаған
Жұмбақтарды шешу:
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсыз бір үзім (Жол)
Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам елемейдіб
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөнейді
(Трамвай)
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та
Бақырайған үш көзі бар бірақта (Бағдаршам)
Көліктің қаншасын жонынан өткізген
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.(Жол)
Жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
4)Сергіту сәті.
Әуен ойнап тұрады. Қызыл жанғанда қатып қалу. Жасыл-билейміз, сары- бір аяғын көтеріп тұру.
5)«Көше тәртібі» тақырыбына сурет салу, әңгімелеу.
6)Балалармен ойын: «Автомобиль мен торғайлар»
7) «Сөз құрастыр» . Екі топқа бір сөзден беріледі. Берілген сөзден бірнеше сөздер тізбегін құрастыру.
(Бағдаршам және жолаушылар)
8) Қорытындылау. Марапаттау
Әділқазы алқасына сөз береміз.
Көше тәртібін сақтау –сенің міндетің! Жолда сақ бол! Көше тәртібің есінен шығарма!