Урок по казахскому языку на тему: ?арама ?арсы с?здер
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Қарама –қарсы мағыналы сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мағынасы жағынан бір – біріне қарама –қарсы сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру. Берілген сөздерге қарама –қарсы сөздер таба білуге үйрету;
Дамытушылық: сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын арттыру;
Тәрбиелік: үй жануарларына қамқорлыққа тәрбиелеу;
182880010287000Көрнекілігі: кесте, әртүрлі көлемдегі бірдей заттардың суреттері.
Түрі:аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,қызығушылықтарын ояту т.б.;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткенді қайталау
-Сөз дегеніміз не?
-Сөз неден тұрады?Мысалдар келтіріңдер.
-Мәндес сөздер дегеніміз не?Мысалдар келтіріңдер.
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
Сөздік диктант: жаңбыр, көлеңке, бәтеңке, сақина, бүгін, таңертең,жүзік,жауын.
- Не жаздық? (Сөз)
- Қай сөздердің мағынасы ұқсас?
ІІІ.Жаңа тақырып
а)түсіндіру
Кесте.Тілімізде мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер болады.
Қарама-қарсы сөздерінің мағынасын ашу.
Ойын: «Қарсы сөз айт»
Ақ – қара, сұйық – қою, жуан – жіңішке, ұзын-қысқа, арық-семіз, артық – кем, жылы-салқын, түзу-қисық, жарық-қараңғы, таза-кір, дос-қас, жоғары-төмен, арзан –қымбат, кең-тар,ащы-тәтті,таяз- терең.
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу.Жұмбақтарды оқып, шешуін тап. Қарама- қарсы мағыналы сөздерді теріп жаз.
2-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қарама- қарсы мағыналы сөздерді табу.
3-жаттығу.Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді қарама- қарсы мағыналы сөздермен ауыстырып жазу.
Көру диктанты.Мағынасы қарама-қарсы сөздерді табыңдар.
1.Жазғы киімі жасыл,
Қысқы киімі ақшыл.
2.Күндіз білінбейді,
Түнде күлімдейді.
ІҮ.Қорытынды
-Бүгінгі сабақта не үйрендік?
-Қарама-қарсы мағыналы сөздер дегеніміз не?Мысалдар келтіріңдер.
Ү.Бағалау
ҮІ.Үйге тапсырма: 111 бет, 6-жаттығу