Ма?ынасы ?арама-?арсы с?здер
Сабақ тақырыбы: Мағынасы қарама-қарсы сөздер.Сабақ мақсаты: 1. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді
үйрету,түсіндіру. 2. Оқушылардың есте сақтауын және тілін,сөздік қорын дамыту. 3. Тез ойлауға,дұрыс шешім қабылдауға,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.
Типі: дәстүрлі емес сабақТүрі: жаңа білімді меңгеруӘдістері: сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын,баяндауКөрнекілік: интерактивті тақта,слайдтарТехнология: дамыта оқыту . Сабақ барысы I. Бағдарлау- мотивациялық кезең.
Психологиялық дайындық.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Бас иіп бүгін бәріміз.
-Балалар, бүгінгі сабағымызда «Алтын қақпа»ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты:Алтын қақпамыз үш қақпадан тұрады: Тас қақпа, Күміс қақпа, Алтын қақпа. Әр қақпаның өз тапсырмасы бар. Үш қақпаның тапсырмасына толық жауап берсек, алтын сандыққа жетеміз. Алтын сандықтың тапсырмасын орындасақ,бүгінгі сабағымызды қаншалықты меңгергенімізді байқаймыз.Олай болса ,Тас қақпаның тапсырмасын орындап көрейік.
Тас қақпаның тапсырмасы: «Зымыран сұрақтар»
-27876531751.Сөз дегеніміз не?
2.Сөз неден құралады?
3.Заттың атын білдіретін сөздер
4.Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздер
5.Заттың санын білдіретін сөздер
6.Іс-әрекетті білдіретін сөздер
7.Сұлу, көркем, әдемі сөздері қандай сөздер?
8.Түс сөзі омоним бола ала ма?
9.Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін,
бірақ өздері сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер
10.Сөз нені білдіреді?
1.Сөз дегеніміз не?
2.Сөз неден құралады?
3.Заттың атын білдіретін сөздер
4.Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздер
5.Заттың санын білдіретін сөздер
6.Іс-әрекетті білдіретін сөздер
7.Сұлу, көркем, әдемі сөздері қандай сөздер?
8.Түс сөзі омоним бола ала ма?
9.Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін,
бірақ өздері сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер
10.Сөз нені білдіреді?
Кестемен жұмыс
2874010252095108331025209500 Сөз
2712085317500
Мағынасы жуық сөздер Мағынасы қарама- қарсы сөздер Дыбысталуы бірдей, мағыналары әр басқа сөздер
-Балалар, енді мына суреттерге назар салыңдар. Не байқадыңдар? Суретпен жұмыс.
-Бұл сөздердің мағыналары бір-біріне қарама- қарсы.Олай болса, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Мағынасы қарама-қарсы сөздер»
«Күміс қақпа» тапсырмасы.
Операциялық- орындаушылық кезең.
Күн жады.
Көркем жазу
Щщ
Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пен жақынды жортқан білер.
«Жұмбақ ойын»
Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады. (жұлдыз)
Бірі ащы, бірі тәтті,
Екі ұнтақ, екеуі де ақ.
Біреуі майға ұнайды,Біреуі шайға ұнайды. (тұз бен шекер)
Бар ма ,жоқ па білмеймін,
Ол жоқ жерде жүрмеймін. (ауа)
Мағынасы қарама-қарсы сөздер: қараңғы- жарық, ащы-тәтті, Бар-жоқ.
Оқулықпен жұмыс
7- жаттығу –ауызша орындау.Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасы қарама-қарсы сөздерді табу. Қызғалдақтың қасынаІсіп кетті бас,шекем.Балы тәтті болғанмен,Тілі өзінің ащы екен!Енді тимен оған мен,Қойып едім қондырмай,Бізін сұғып басыма(Қадыр Мырза Әли)
8- жаттығу. Мақалды жатқа жазып, мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сызу.
1. Мейірімді алғыс алса
Мейірімсіз қарғыс алар.
2. Ақылды іс тындырады,
Ақымақ тіс сындырады.
Ішінде мағынасы қарама –қарсы сөздері бар мақалдар айту,жазу.
Сергіту сәті
9- жаттығу. Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап. (ауызша орындау)
Мейірімді-
Жуас-
Қымбат-
Сұйық-
Қашық-
10-жаттығу.● Тек мағынасы қарама-қарсы сөздер жұбын теріп жаз .● Кестені пайдаланып,пікіріңді дәлелдеп үйрен.Дәлелдеу үлгісі:жақсы және жаман сөздері - мағынасы қарама-қарсы сөздер,өйткені екеуінің мағынасы бір-біріне қарама-қарсы,әрі екеуі де сын есімге жатады.● Өзің қалаған сөз жұптарымен сөз тіркесін жаз.
«Алтын қақпа» тапсырмасы
«Сөз ойла, тез ойла» ойынын жүргіземіз.Тақтадағы көп нүктенің орнына сөз тауып айту.
1.Ащы терім ақты,
Жеміс өсті ...
2.Халқың үшін жаның сал,
Қарғыс алма, ... ал.
3.Ақылсыздар ұқпайды,
Аққа .... жұқпайды.
4. Еңбекші болсаң ерінбе,
Ауырдың өзін .... де.
«Сөз жұптарын тап» сәйкестендіру
Берілген сөздерді оқи отырып,қарсы мәндес сөздерді тап.
Көңілді тәтті
Өжет өкініш
Есік жабырқау
Адал жасық
Ащы жұмсақ
Қатты төр
Қуаныш арам
Рефлексиялық- бағалау кезеңі
«Алтын сандық» тапсырмасы
Семантикалық карта толтыру.
-Балалар, біз бүгін қандай сөздермен таныстық?
Мұндай сөздер не үшін қажет? (Заттың сапа ,белгісін салыстыру үшін)
-Балалар, Алтын қақпа ойынында барлық қақпаның тапсырмасын орындап, бүгінгі сабаққа жақсы қатысып,Алтын сандықшаны өзімізге қалдырдық.
Үй тапсырмасы: 12-жаттығу
Бағалау.
200025123825
Қ.Жұбанов атындағы орта мектебі
1955165449580Ашық сабақ
Ашық сабақ
1374140332740Тақырыбы:
00Тақырыбы:
381001409700«Мағынасы қарама-қарсы сөздер»
«Мағынасы қарама-қарсы сөздер»
4 «а»класы
Өткізген: М.С.Беркимбаева
Жұрын-2013ж