Практикалы? тапсырма. Г?лді? суретін салу


Практикалық тапсырма. Гүлдің суретін салу
1. Жаңа жұмыс парағын ашып аламыз.
2. Қара түсті фон аламыз.
3. Жаңа қабат құрып аламыз. Құрылған қабатқа «Кисть» құралын пайдаланып, төмендегідей етіп қалың ақ түсті сызық сызып аламыз.

5. Фильтр → Стилизация → Ветер командасын орындаймыз (Способ – Ветер; Направление – Слева). 3 рет қайталаймыз. Немесе Ctrl+F пернесін 3 рет басамыз. Нәтижесі:

6. Ctrl+T пернесін басамыз, содан соң тышқанның оң жақ батырмасын басып, содан соң тышқанның оң жақ батырмасын басып контекстік менюден Деформация командасын таңдап, обьектімізді төмендегідей етіп жөндейміз:

7. Әрбір гүл шоғырын жасау үшін, Слой-Создать дубликат слоя командасын орындаймыз. Осылайша 6 рет гүл шоғырын саламыз.

8. Фоннан басқа қабаттарды (слой) біріктіреміз. Ол үшін қабат тақтасындағы Фон қабатын сөндіреміз де, қалған қабаттарды Обьединить видимые командасын орындаймыз. Содан соң Ctrl+Т пернесін басамыз, содан соң тышқанның оң жақ батырмасын басып Перспектива-ны таңдаймыз.

9. Өз қалауымызша өзгертеміз. Содан соң осы гүлдің көшірмесін жасап, Ctrl+Т пернесін басу арқылы көлемін кішірейтіп, жасаған алғашқы гүліміздің ортасына қоямыз. Нәтижесі:

10. Құрал-саймандар тақтасынан «Кисть» құралын таңдап, гүліміздің сабағын жасаймыз. Ол үшін «Кисть» құралы арқылы саламыз.

11. Енді гүліміздің сабағын саламыз, ол үшін «Кисть» құралын пайдаланамыз. Салған гүліміздің көшірмесін алып, кішірейтіп сабақтарына орналастырамыз. Нәтижесі:

Осымен гүліміз дайын.
Практикалық тапсырма №16. Құмырадағы гүл суретін салу
1. Жаңа жұмыс парағын құрамыз. Өлшемін 450*600 пиксель етіп аламыз.
2. Градиент құралын пайдаланып, фонды өзіміз қалаған ашық түске бояймыз.
3. Жаңа қабат құрып аламыз. Содан соң құмыраның астыңғы бөлігін «Прямоугольник» құралы арқылы төмендегідей етіп салып аламыз.

4. Жаңа қабат құрып аламыз. «Прямоугольник» құралын пайдаланып төмендегідей етіп құмыраның ортаңғы бөлігін саламыз. Содан соң оны Ctrl+Т пернесін баса отырып, «Трансформация» құралы арқылы жөндейміз:

5. Жаңа қабат құрып аламыз. Эллипс құралын пайдаланып, құмыраның аузын салып аламыз.

6. Құмырамыздың жиегін әсемдеу үшін, жаңа қабат құрып аламыз. Содан соң, Эллипс құралы арқылы төмендегідей етіп саламыз.

7. Енді құмырамызға құм салу үшін тағы да жаңа қабат құрып аламыз. Құмның суретін салу үшін эллипс құралын пайдаланып өзімізге қажетті форма бойынша және қою түс таңдау арқылы салып аламыз. Енді осы қабатқа Шум қосамыз, ол үшін «Фильтр – Шум – Добавить шум» 30% және «Фильтр – Шум – Медиана» радиусын 1пк етіп алып, содан соң тағы да 25%-дық етіп Шум қосамыз «Фильтр – Шум – Добавить шум». Содан соң құмның түсіне келгенше Осветлитель және Затемнитель құралдарын пайдаланып түстерін өзгертеміз. Осы құралдарды пайдалана отырып құмырамыздың сыртқы түсін төмендегідей етіп өзгертеміз. Нәтижесі:

8. Енді гүліміздің сабағын саламыз. Ол үшін жаңа қабат құрып аламыз, Кисть құралын пайдаланып жасыл түспен гүліміздің сабағын саламыз. Содан соң бұл қабатымызға Стиль қосамыз ол үшін «Слой → Стиль слой → Тиснение» командасын орындаймыз. Затемнитель құралын пайдаланып, қою түс береміз. Нәтижесі:

9. Енді гүліміздің қауызын саламыз. Ол үшін «Кисть» құралының көмегімен гүліміздің қауызын өзіміз қалағанымызша саламыз, көк түске бояп аламыз.
10. Жаңа қабат құрып аламыз.   «Кисть»  құралын таңдаймыз, содан соң режимін «Затухание» қоямыз. Қою көк түс таңдай отырып қауызымызғы Шум береміз. Және осы қабатымызға «Фильтр – Размытие – Размытие» командасын қолданамыз . Угол – 900 және Смещение - 51 пикс. деп аламыз. Осы қабатқа Шум қосамыз «Фильтр – Шум – Добавить шум», өлшемін - 4,8% деп аламыз, содан соң «Фильтр – Размытие – Размытие по Гауссу», радиус - 1,2 пикс. деп аламыз.
11. Пайда болған гүлдің қауызын 5 рет көшірме жасап, гүл қалпына келтіреміз. Нәтижесі:

12. Енді гүліміздің жапырақтарын саламыз. Ол үшін «Произвольная фигура» ішінен жапырақ бейнесін таңдап аламыз. Жасыл түске бояп, жапырақты сабағымыздың бойына қоямыз. Нәтижесі:

Осымен жұмысымыз дайын.