8 саны мен цифры


8 саны және цифры

Сабақтың мақсаты: 1,8 саны,,оның шығуы, сандар қатарындағы орны туралы түсінік, 8 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру.
2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, алған білімдерін одан әрі дамыту.
3. Ұлттық ойынға,пәнге қызығушылығын арттыру, толық жауап беруге, зейінділікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын арқылы мысадар шығару.
Көрнекілігі: цифрлар, сурет, орамал, карточкалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен сабақты қайталау
А) 1,5,6,7 сандарының құрамын, сандар қатарын қайталап, еске түсіру.
Ә) Балалар,бүгінгі сабақта біз «Орамал тастамақ» ойынын ойнаймыз. Тақтада 3 топқа 3 мысалдан тапсырма беріледі. Әр топқа 3 баладан шығып, 3 топ жарысады. Ойын барысында мысалды орындай отырып, шығарып болған бала өз тобының келесі мүшесіне орамалды табыс етеді. Қай топ тақтада жазылған 3 мысалдың жауабын тез орындап, сынып оқушыларына орамалды желбіретіп көрсетсе, сол топ жеңімпаз атанады.
1-топ 2-топ 3-топ
3+_= 5_+1=66+_=7
_ +1=53+_=63+_=7
_+0=54+_=6 _+2=7
2. «Тай жарысы» ойыны. Оған 1 жасқа келген жылқы алынады. Тайға мініп шабатын баланың жасы7-8 жас шамасында болады.Тайға ер тоқым салынбайды, жайдақ шабады.
Тайлардың суреттерінің артындағы сандарды салыстыру. >,<,=.
5*7 2. 6*2 3. 4* 3*6 3*7 7*6
3.Сандарды көрсетіп жоқ сандарды атау немесе карточкадан тиісті санды көрсету.
0,1..,...,..., 5 0,1,2,...,...,...,6
1,2...,...4 0,1,2...,...,...,...,7
Сергіту сәті.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
«Сандар қатарында 7- ден кейінгі қандай сан келеді?» - деген сұрақ қойып, 8 санының қалай шығатынын, қалай жазылатынын, сабақтың мақсатын айтып өту.
ІV. Жаңа сабақ.
Тақтаға (магнитті) 8 санының шығуы, оның сандар қатарындағы орнын магнитті суреттерді пайдалану арқылы түсіндіру. Бірінші қатарға 7 қызыл алма тағы бір сары алманы қосу арқылы 7+1=8 болатынын, жаңа санның атауы, онығ жазылуын көрсету. 8- дің бірін алып тастаса, яғги 8-1=7 болатынын, сандар қатарында 7-ден кейін жалғасатынын көрсету.
Жұмбақ шешу.
Бір шеңберді бір шеңбер көтеріп тұр білесіңдер.
V.Оқулыупен жұмыс.
2-тапсырма. Суреььегі кесіндіні сантиметрлік жолақшамен өлшеу нәтижесі қарастырылып, оның ұзындығы 8 см болатыны, 8 см неше сантиметрден артық екені анықталады, тапсырмадағы әйнекшелердің орнына 1см,2см,3см,4см,5см,6см,7см қойылатыны табылады.
3-тапсырма. 8 цифрларының жазылу үлгілері қарастырылып, сурет бойынша 8 бен 7 сандары салыстырылып, жұлдызшаның орнына >,<, таңбаларының тиістісі қойылады.
4,5,6-тапсырмаларды ойын ретінде (Тез ойна, тез ойла) ұйымдастыру.
Шығармашылық тапсырма.
Әрбәр суретте неше үшбұрыш, неше төртбұрыш барын анықтау.
Жауабы: 1-суретте 3,3: 2- суретте 2,1 бар
VI. Дәптермен жұмыс. Өз беттеріше орындау.
Үлгі бойынша цифрларды жазу
8 санын басқа белгілі сандармен салыстыру.
Берілген кесінділердің ұзындықтарын салыстыру.
Өрнектерді бастырып,мәндерін табу.
VII. Сабақты қорыту.
Балалар, біз бүгін қай санмен таныстық? Ол сандар қатарында қай саннан кейін келеді? т.с.с
VIII. Ауызша бағалау.