Лекция Сырт?ы электрмен жабды?тау ж?йесін жобалау


Сыртқы электрмен жабықтау жүйесін жобалау
Кернеу деңгейін таңдау
Жобалау кезінде негізгі куешенді сұрақтары – қоректендіру сұлбасы, күштік трансформатордың қуатын анықтау, сұлба үшін тиімді кернеуді анықтау, қосалқы станция мен электр тораптарының электржабдықтарын, сондай-ақ күрделі салым, материалдар шығыны мен электр энергия шығыны
Энергіжүйеден ГПП-ға дейінгі кернеу мына формуламен анықталады:
. (1)
онда: .
мұндағы l = 10 км – қоректендіруші желі ұзындығы;
Р = 18,6 МВт – мүкін болатын барынша үлкен берілетін қуат.
Қорытындысында, сыртқы электрмен жабдықтау кернеуін 110 кВ деп қабылдаймыз.
ГПП трансформаторының алдын ала саны мен қуатын таңдау
Су жинау қоймасында 1 және 2 категориялы тұтынушылар болғандықтан, ГПП-ға электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру үшін 2 трансформатор қойылады. Олардың номинал қуаттары трансформатордың рұқсат етілетін жүйелік және апаттық асқынжүктелу қабілетіне байланасты таңдалады.
Практикада екі трансформаторлы қосалқы станция трансформаторының қуатын мына формула бойынша анықталады: . Қалыпты режим кезінде трансформатор 30% артық емес, ал апаттық режимде 40% артық емес асқынжүктелуге рұқсат етіледі.
Электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету үшін тарамдалған орамасы бар ТРДН-25000/110екі трансформатор қондырамыз.

Мүмкін болатын барынша үлкен сағаттағы жүктелу коэффициенті:
;;
.
Апатты режим кезінде бір трансформатордың шығысында жүктелу коэффициенті:
;
.
Трансформатордың бір ішіндегі келтірілген активті қуат және энергия шығыны
Есептеу кезінде тең деп қабылдаймыз (U=35 – 220 кВ трансформатор үшін). Шығындар есебін мына формулалар бойынша есептейміз:
(2)
ТРДН - 25000/110 үшін шығын:

Шығындарды анықтау
Күрделі шығын: .
Амортизациялық бөліну:
Техникалық қызмет көрсету шығыны: .
Бір жылдағы электр энергия шығынының құны:

Келтірілген шығын:

Қорытындысында, қосалқы станцияға қондыру үшін ТРДН-25000/110 типті екі трансформатор қабылдаймыз.
4.5. Электр жүктемелер центрін анықтау
Жобада ең бірінші міндеттердің бірі қорек көзін өнеркәсіп терреториясында орналастыру болып табылады, ол үшін электр жүктемелерінің ортасының координатасын анықтау қажет болады. Электр жүктемелер центрінің координатасын мына формулалар бойынша анықтайды:
;(3)
. (4)
Барлық тұтынушылардың ГПП-дан тұтынатын қуаты мен координаталарын кестеге түсіреміз (кесте 1).
Электртұтынушылардың координалары мен қуаты Кесте 1
Т-1 Т-2 СД-1 СД-2 СД-3 СД-4 Эл. Котел №1 Эл. қазандық №2
Р , кВт 743 743 3150 3150 150 3150 10000 10000
X 2 2 5,5 12,5 19,5 26, 6,5 10,5
Y 5 5 9 9 9 9 1,5 1,5

Сурет 1. ГПП жоғары кернеумен жалғануының электрлік сұлбасы.