Мектепке дейінгі ?йымда ?лтты? ??ндылы?тарды насихаттауды? ма?ызы


Мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңызы.
«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі» деп асқақ арманмен бабаларымыз бізге үміт артқан. Біз ата-баба үмітіне үкі таға отырып, болашақ ұрпақты халық қазынасымен сусындату арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастыру бүгінгі күн талабы.
Жеке тұлғаның дамуының алғашқы баспалдағы мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасатындықтан дүниетанымның негізі де осы жаста қаланады.
Дүниетаным дегеніміз- қоршаған ортаны түсіну процессі.
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының Конституциясына, «білім туралы» заңына және «Білім» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақстандық білім беру жүйесінің ұлттық үлгісін дамытуға жағдай жасау жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылуда. Халқымыздың баға жетпес мұралары зерттеліп, оқу-тәрбиелеу үрдісінде қолданылып келеді. Ұлттық құндылықтарға ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан: салт- дәстүрлер,халық әндері, билері, күйлері,әдет-ғұрыптары, ұлттық аспаптары және мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер біздің ұлттық мұрамыз. Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры тере. Халқымыздың тарихында отансүйгіштік пен қаhармандықтың үлгілері мол. Отаншылдық сезім- ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, әрқашан жаңа жақтан көрініс табатын, мәңгілік қасиетті ұғым. Ол отанға деген сүйіспеншілік, бойында бар күш- қуатын, ерік- жігерін Отан игілігін мен мүддесіне аямай жұмса, туған жерін, қасиетті ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу. Патриоизм біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз,үздіксіз тәрбиенің негізінде орнығатын ұлы сезім. Патриоттық тәрбие ананың ақ сүтімен, есейе келе өскен ортасына, қалыптасқан қоғамына байланысты дамитын үздіксіз тәрбиенің желісі.
Қазақстан Республикасы-өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет –осы мемлекеттің өркендеп өсуі. Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Ұлы ойшыл Әл- Фараби айтқандай «Адамға тәрбиесіз келген білім апат әкеледі», «Тәбиесіз берілген білім адам-заттың қас жауы. Тәрбие мен білім қатар жүретін дүниелер, тәрбие мен білімді бөліп қарауға болмайды. Бұл дүниелер бірін- бірі толықтырып тұратын ажырамас сапа болып саналады. Халқына қаралы күн туғанда- елін қорғап, отаны үшін жан қиюға даяр адам- тәрбиелі, білімді деп санасақ болады. Отанды сүю отбасынан басталады. Жаңа дүние есігін ашқан балаға жақсы тәрбие беріп, елін- жерін қорғауға дайын болуға насихаттап,үлкенді- құрметтеуге үйрету ата мен ананың отан алдындағы борышы іспеттес.
Ойын әрекеттері мәдениеттің жай ғана бір түрі емес, сонымен қатар ,балалар мен болашақ ұрпақты тәрбиелеудің аса тиімді құралы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде ойынның бала өмірінде алар маңызы ерекше. Ойындар жалпы ойлау процесінің икемділігіне, зейініне, қабылдауына, логикасын,қиял ұшқырлығын қалыптастыруға ықпал етеді.Ойын атадан балаға, үлкеннен- кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық,мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі, көрінісі. Мектеп жасына дейінгі балаларды:
«Ойната отырып- тәрбиелейміз»
«Ойната отырып –оқытамыз»
Ұлттық ойындар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын қалыптастырудың мазмұндық жүйесін төменде қарастырғандай.
Қазақтың ұлттық ойындары.
1.Қимыл-қозғалыс ойындары
2.Спорттық ойындар
3.Ақыл-ой қабілетін жұмсайтын ойындар
4.Сөзбен ойналатын ойындар
5.Хайуанаттар дүниесін елестететін ойындар
6.Әуендік ойындар
7.Табиғи материалдармен ойналатын ойындар
Ұлттық құндылықтарды балаларға насихаттау арқылы-балаларды отансүйгіштікке, елін-жерін қорғауға,үлкенге- құрмет, кішіге-ізет жасауға баулу болып табылады.
Ұлттық ойындар. Мектепке дейінгі мекемеде жүргізілетін түрлері.
Ұлттық ойындар мазмұны мен түрлеріне қарай оқу-тәрбие үрдісінде үлкен қолдауға ие бола алады. Қимыл-әрекет ойындары мен спорттық ойындар дене шынықтыру сабақтарында кеңінше қолданылса,табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар мен хайуанаттар дүниесіне елестетіп ойнайтын ойындар – айнала қоршаған ортамен таныстыру .
1.Қимыл әрекет ойындары : «Орамал тастау, Айгөлек, Күзетші, Ақсерек-Көксерек, Күн мен Түн, Орныңды тап»
Мектепке дейінгі мекемеде. Кіші топтарда ойналатын ойындардың бірі- Қимылды ойындар.
1.Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелейді.
2.Балалардың есте сақтау қабілетін дамытады.
3.Сөздік қорлары көбейеді.
4.Салауатты өмір сүрулеріне қимылды ойындардың осы түрлері жақсы әсер етеді.
2.Спорттық ойындар: «Теңге ілу ,Қыз қуу,Қазақша күрес, Қол күрес, Ат жарысы»
Бұл спорттық ойындардың түрлері- үлкен топтарға арналған ойында. Дене шынықтыру сабағында немесе ұлттық мерекелерде үлкен топтарда жүргізіледіін, балаларды жеңіске жетелейтін, өзіне деген сенімділігін молайтатын ойын түрлері болып саналады. Ойынның шарты қатаң сақталады, балалардың қауіпсіздігі бірінші кезеңде тұрады.
3.Ақыл–ой қабілетін жұмсайтын ойындар: «Ұшты-ұшты, Жаңылма, Даусынан біл, Жұмбақ есептер» Күнделікті оқу қызметінде қолданатын ойын түрлері.
А.«Ұшты-ұшты» ойыны. Мектеп жасына дейінгі балаларға жиі қолданатын ойын. Балаларды шапшаңдыққа, мұқияттылыққа тәрбиелейді.
В. «Жұмбақ есептер» Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінде қолданатын ойындар.
4.Табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар: «Бес тас» асық ойындары: «Алшы», «Оңқа», «Асық ату»
5.Хайуанаттар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар.
«Мысық пен Тышқан», «Тиін мен Қоян» «Аңшылар»
Балаларды хайуанаттарға қамқор болуға баулитын, түрлі рөлдерге ене алу қабілетін ашатын ойын түрі.
6.Сөзбен ойналатын ойындар.
«Құстар қаоай дыбыстайды», «Сөз табу» Балалардың сөздік қорларын молайтып көркем сөйлеуге әсер ететін ойын.
7.Әуендік ойындар. «Қай аспаптын үні», «Жануарлардың дауысын айнытпай салу»
Қай ойын түрлері болмасын балаларға ұлттық нақышта үйретіп, балаларды отансүйгіштікке, қамқорлыққа, жанашырлыққа, бауырмашылдыққа тәрбиелеу- мектепке дейінгң мекемені, ондағы тәрбиеші, мұғалімдердің басты міндеті