Поурочное планирование казахский язык КПП на тему Дене м?шелері
Бекітемін_________ ____ ____ 2017ж
№10 ККПП ММ әдіскері:___________________
І.Сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері
ІІ.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: адамның дене мүшелері туралы мәлімет беру.Жаңа сөздерді дұрыс айтуға үйрету.Тақырып бойынша сөздік қорын молайту.Қолын дұрыс жуа білуге үйрету,глобальді оқыту дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру,дене мүшелерін дұрыс көрсету деңгейіне жетілдіру.Көру,есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: дене мүшелерін таза ұстауға,қолдарын жуа білуге тәрбиелеу.
ІY.Көрнекіліктер: қуыршақ,суреттер, жазылған сөздер(Оразбек,қуыршақ,дене мүшелері және т.б.)
V.Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу:
-Сәлем!
ә)Өткенді қайталау:
Дала қандай?
Күн ашық.
VІ.Жаңа сабақ барысы:
1.Тақырып бойынша сұхбат:
Біз көзімізбен көреміз,құлағымызбен естиміз,аяғымызбен жүреміз.
2.Адамның дене мүшелеріне -бас,мойын,қол,саусақ,аяқ,кеуде,қарын,иық жатады.Адамның басында шаш,бет, көз,ауыз,құлақ,мұрын мүшелері орналасқан.Біз қолмен жазамыз,қиямыз,су ішеміз,бет жуамыз (қимылмен көрсет).
-Міне,көрдің бе,қолымыз сансыз қызмет атқарады екен.Аяқтың да қызметі сол сияқты.Жүру,жүгіру,секіру,билеу,түрлі спорттық жаттығулар жасау-бұлардың бәрі аяқ болмаса орындалмас еді.Барлық дене мүшелерінің көмегімен біздің қолымыздан келмейтін іс жоқ,біз бәрін істей аламыз.
4.Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ,
Қосып едім екеуін,
Болып шықты он саусақ.
5.Слайдпен жұмыс: "Дене мүшелері"
6.Дидактикалық ойын: "Суретші нені ұмытты"
7.Глобальді оқыту: Қуыршақ дене мүшелерін көрсету,сөздерді табу.
8.Ұсақ моторикаға жаттығу:Қиылған парақшалардан адамның дене мүшесін құрастыру.
9.Логоритмика:
Орнымыздан тұрамыз, Қолымызды түсіріп, Үлкен болып шығамыз.
Мойнымызды бұрамыз. Алақанды соғамыз.
Қолымызды көтеріп, Басты төмен саламыз,
Саусақты ашып-жұмамыз. Жаттығу жасап осылай,
VІІ.Қорыту: Дене мүшелерінді көрсет,
VІІІ.Үйге тапсырма беру: Үйде сөздерді қайталау.
«№10-шы ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОРРЕКЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТІ» ММ
Ашық сабақ
Әлеуметтік ұстаз: Байганышева Ж.С.
Сарқан 2015 ж.