?ыс?а мерзімді саба? жоспары Отбасы м?шелері


Павлодар облысы. Май ауданы. Қаратерек ауылы. Пән мұғалімі: Қарлығаш Байтемировна Досымханова Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сынып. 4
Пән: Дүниетану
Тақырыбы: Отбасы мүшелері
Өткізу күні: 20.02. 2015жыл
Мақсаты: Отбасы тақырыбының мағынасын өздері ашып, мәтінді өздігінен оқып, топ болып идеясын ашып жұмыс істей алуға дағдыландыру; отбасының мүшелерін қадірлеу; құқығы мен міндеттерін білу және туысына қамқор болуға баулу.
Міндеттері. 1. Отбасы неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін түсіндіру.
2. Отбасы мүшелерінің құқығы мен міндеттері жайлы айта отырып, іс-әрекеттері үшін жауап беру, туысына қамқор болу сияқты дағдыларды қалыптастыру.
3. Отбасы мүшелерін қадірлеуге тәрбиелеу
.Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Құрал жабдықтар: Интербелсенді тақта, оқулық, А-3 қағазы, маркерлер,доп.
Әдіс-тәсілдер: СТО, ыстық орындық,ой қозғау «ребус шешу», ЖИГСО, топпен жұмыс, ойын «Шеңбердегі доп», ой қозғау «сөз табу» , бір ауыз сөз.
Күтілетін нәтиже: Отбасы неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобынан екенін түсінеді; отбасы құқығы мен міндеттерін біледі және туысына қамқор болуға дағдыланады.
Жұмыс кезеңдері Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеттері Оқушының іс-әрекеті Ұйымдастыру түрі Бағалау Қолданылатын модуль
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын
пысықтау 2 мин
5мин Психологиялық ахуалды қалыптастыру
Шаттық шеңберін құру, бір –біріне сәттілік тілеп, өлең айту.
«Дыбыссыз қадам» арқылы топқа бөліну.
Үй тапсырмасын «Ыстық орындық» әдісін қолдана отырып, тексеру.
Шаттық шеңберін құрады.
Бір –біріне сәттілік тілеп, мына өлеңді айтады:
Қайырлы таң, достым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестіктер болсын!
Оқушылар 1, 2, 3, 4 ,5 топқа бөлінеді.
«Ыстық орындық» әдісін қолдана отырып, сұрақтарға жауап береді.
Ұжым
Жеке Үш шапалақ ОЖЕСОжО
СТОү

Білу 4мин
Ребус шешу арқылы «Оқта бақ сары» сабақ тақырыбын табу, сабақтың мақсатын қою, тақырыпқа шығу. Ребус шешу арқылы «Отбасы» сабақ тақырыбын табады, сабаққа мақсат қояды. Жеке
СТОү
ТжДО
Түсіну 10 мин Мәтінді оқушыларға абзацқа бөліп беру Мәтінді ЖИГСО әдісі бойынша оқып, жұпта бір –біріне өз сөздерімен айтып береді.
топпен СТОү
Қолдану
Сергіту сәті 10 мин
1мин Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу
Постер салу, қорғау.
Ойын «Шеңбердегі доп»
Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады «Доп» қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады. Оқығандарын пайдалана отырып, Постерді салып, қорғайды, бағалайды.
Ойын арқылы оқушылар жаңа тақырыпты есіне түсіріп жаңғыртады.
топпен
Жеке
Бағдаршам түстері
бойынша бағалау
Керемет СТОҮ
ОБжК
ОүБжОБ
ОЖЕСО
СТОҮ
Талдау
Жинақтау
3 мин
5мин
«Отбасы» тақырыбына байланысты әр топ сөздерді тауып жазу
а т а ә м
н ә п к е
а т а е н
с е і н і
«Бір ауыз сөз» әдісі бойынша
оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып,оны тақтаға жапсырады.
«Отбасы» тақырыбына байланысты сөздерді тауып жазады(Ата,әже, әке, ана, әпке, іні,тәте,мен)
Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала жазып қойған дұрыс): ұнады, қажет, пайдалы,білдім,үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, т.б. Жеке
Жеке Бармақпен бағалау СТОү
ТжДБО
ОЖЕСОжО


ОмОЖТ
ТжДБО
СТОү
Бағалау 5 мин Оқушылар бағалау парағы бойынша өзін-өзі бағалайды. Өзін-өзі бағалайды. Бағалау парағы Өзін-өзі
бағалау ОмОЖТ
СТОү
ОүБжОБ
Үйге: Тақырыпты оқып, әр бөлім бойынша сұрақ дайындау және «Менің отбасым» тақырыбына эссе жазу