Саба? жоспары Бауырая?тылар класы


Сабақтың тақырыбы: Бауыраяқтылар класы
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыруДамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру Оқушылардың өзін – өзі дамуына жетелеу және оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: Қызықты биология Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
оқушылармен амандасу, түгендеу
сабаққа дайындықтарын тексеруІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Денесінде қылтандары болмайтын буылтық құрт2. Құрамы нәруызға бай, сүліктің сілекейінде болатын, қанды ұйытпайтын ерекше зат3. Егістік жерді жыртқанда қарғалар теріп жейтін буылтық құрт4. Әрі аталық, әрі аналық жыныс мүшелерінің бір құрттың бойында болуы5. Көпқылтанды буылтық құрт6. Буылтық құрттар типінің теңізде мекендейтін түрі7. Шұбалшаңның қанның түсіЖауаптары1. Сүлік2. Гирудин3. Шұбалшаң4. Гермафродит5. Құмқазар6. Нереида7. қызылІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңіҰлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі. Ұлулар типі Бауыраяқтылар Басаяқтылар Қосжақтаулылар
Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі – денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат – шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері – үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.Тағы бір ерекшелік – ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.Бауыраяқты ұлулар класы. Бұлар – теңізде және құрлықта тіршілік ететін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошмармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жүзім ұлуын – жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау – бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз.IV. Жаңа білімді бекіту кезеңі Кесте толтырып, дұрысына (+) белгісін, дұрыс келмегеніне (-) таңбасын қойыңдарҰлулар типі Дене қуысы Асқорыту жүйесі Артқы ішек Аналь тесігі Тынысалу жүйесі Қантарату жүйесі Сорғыштар Пайда болған жаңа жүйе туралы қысқаша баяндап жазыңдыр1. ЖүзімұлуЖұмбақ шешуАяғы, тұлға, басы бар,Сыртында сауыт тасы бар..Ойланып көр балалар,Шешуін оның табыңдар.(Ұлу)IV. Қорытынды
Денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады.
V. Үй тапсырмасын беру: §45 оқу, 209 беттегі «Біліміңді сына»VІ. Бағалау