Тема : ?сімдік тірі организм
Сабақ тақырыбы: Өсімдік- тірі организм. Сабақтын мақсаты: Оқушыларды өсімдіктердің алуан түрлігімен таныстыру.
Өсімдіктерді топқа бөлуді үйрету. Сөздік қорларын молайту, өқу машығын кеңейту, әр тақырыптың негізгі ойын тұжырымдауға дағдыландыру. Елін, жерін сүюге, оны мақтан тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтын көрнекілігі: Талдардың , өсімдіктердің суреттері, карточкалар. Сабақтың түрі: Жана сабақ. Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар сәлем береді. Жақсы оқып сабақты, Әдеп сақтау сәніміз. Сәлем бердік сіздерге, Басты иіп бәріміз.
2. Үй тапсырмасын тексеру. - Балалар, бүгінгі сабаққа «Табиғат Ана» сендерге хат жіберді. Сол хаттарды қазір бәрлеріне таратып беремін.
Сұрақ: Топырақтың өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы.
Сұрақ: Топыраққа нелер зиян келтіреді?
Сұрақ: Топырақты бұзылудан қалай сақтауға болады?
(екі-үш оқушы хаттағы сұрақтарды оқиды. Сұраққа жауап береді.)
Кіріспе: Оқушыларға жұмбақ жасыру.
Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады, Қыста жақсан, жаның рахат табады. (Ағаш)
Жасыл ине киемін, Жайлаймын тау биігін. Жаңа жылды тойласаң, Төріндемін үйінің. (Шырша)
Ағайынды бәрі, шықса жасыл, түссе сары. (Жапырақ)
- Балалар , ағаш, шырша, жапырақ деген сөздерді топтастырып бір сөзбен қалай айтуға болады? - Олай болса , біздің бүгін өтетін тақырыбымыздың аты «Өсімдік- тірі организм.» деп аталады. - Неге өсімдікті тірі ағза дейміз? - Өйткені олар өседі, өнеді, қоректенеді, өледі. - Балалар ғарыштан қарағанда біздің планетамыздағы мұхиттар мен көлдер көк түсті, бұлттар мен мұздар ақ түсті, таулар қоңыр, ал өсімдіктер жасыл түсті болып көрінеді екен.Бұл орман, тоғай, шөп басқан жазықтар, егістіктер, жеміс бақтары. Өсімдіктер алуан түрлі. Ғалымдардың есептеуі бойынша дүниежүзінде 350 мыңнан астам өсімдік бар екен. Оның ішінде 15 мыңдай түрі біздің елімізде кездеседі. Өсімдіктердің тіршілік ететін ортасы да алуан түрлі. - Балалар өсімдіктер қандай жерлерде тіршілік етеді? Барлық жерде: шөлде де, суда да, тіпі суық жерде де. Қызықты мәліметтер.(Оқушылар өздерінің дайындаған қызықты мәліметтерін оқиды) Дүниедегі ең биік шөп - бамбук. Ол ағаш сияқты көрінгенімен ол - шөп. Биіктігі 25 метр . Ол күніне 1 метрден өсіп отырады. Әлемдегі ең биік ағаш - эвкалипт. Ол Австралияда өседі.Оның биіктігі 100-110 метр. Бразилияда өсетін ағаштардың діңін кессе сүтке ұқсас шырын шығады. Шырынның дәмі сүттің дәміндей. Қытай, Жапония, Үндістанда кәмпит ағашы кездеседі.Оның күнге кептірілген жемістеррі кәмпит сияқты тәтті болады.
Сергіту сәті.Жаңа материалды оқу.
Мәтінді оқу. Өсімдіктердің тірі организм екенін дәлелдеу. Слайд бойынша 5 бөлікті жеке жеке көрсету. (мүмкін болса микроскоппен жасушаларды көрсету). Сыныпты 3 топқа бөлу.Сендер 1 – сыныптан бастап білесіңдер Өсімдіктер неше топқа бөлінеді.
3 топқа бөлінеді. Ағаштар, бұталар, шөптектес өсімдіктер.
Сыныпты 3 топқа бөлу.
Топ – ағаштар.
Топ – бұталар.
Топ – шөптектес өсімдіктер.
Әр топтың оқушылары өздеріне тиісті өсімдіктер туралы, олардың пайдасы, дәрілік қасиеті туралы айтады.
Қазақстанда ағаштардың жапырақтарына байланысты қандай түрлері өседі?
Жапырақты және қылқан жапырақты.
Слайд бойынша сөйлету. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар туралы айту.
Дәптермен жұмыс.
Өсімдіктің тірі организм екенін дәлелдейтін мысалдар жазу.
Ойын: «Блиц сұрақтар» (монитордан сұрақтарды оқиды)
Қандай тірі организмдерді білесің?
Олардың бәріне ортақ қасиетті айт?
Оларды қорғау қажет пе?
Қалай қорғаймыз?
(Қызыл кітапты көрсету).
Қорытынды: Бүгінгі сабақта біз не оқып үйрендік? Үйге тапсырма: Өзінің аулаңда қандай өсімдіктер өседі? Солардың аттарын жазу? «Өсімдік – тірі организм» мәтінін оқып келу.
Бағалау. Топ бойынша бағалау.