Ашы? саба? конспектісі ?азына аралына саяхат


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы Таным
Бөлімі Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы Қазына аралына саяхат
Мақсаты Дидактикалық ойындар арқылы қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Ойлау қабілеттерін арттыру.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер Үлестірмелі материал, геометриялық пішіндер, күннің, бұлттың суреттері, алтын сандық.
Билингвалды компонент Қайық-лодка, күннің көзі-солнце, бұлт-облако
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Қайырлы таң, Алтын күн!
Қайырлы таң, достарым.
-Міне,менің қолым.Жылуыма жылу қос. Жымиып күлкімізді сыйлайық. Шаттық шеңберге тұрып қайталап атады.
Ұйымдастыру – іздестіру -Балалар бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін біз саяхатқа аттанамыз.
-Жай ғана саяхат емес біз қазына іздеуге барамыз.
-Саяхат жасау үшін ауа-райы қандай болу керек?
-Яғни бізге күннің көзі керек?
-Балалар қараңдаршы бідің күннің көзіміздің бетін бұлт басып тұр екен. Күннің көзін ашу үшін бұлттардың берген тапсырмасын орындау керек.
-Күннің көзі қандай пішінге ұқсайды?
-Топтың ішінен дөңгелек пішінге ұқсас заттарды тауып күннің көзінің жан – жағына жапсырамыз.
-Міне күннің көзіміз жарқырап шыға келді.
-Бізге саяхатқа аттану үшін не керек?
-Дұрыс. Біз бүгін саяхатқа желкенді қайықпен аттанамыз.
Бәрін алдарыңдағы геометриялық пішіндерден қайық жасап алыңдар.
-Қандай пішіндерден жасадыңдар?
-Жарайсыңдар қайығымыздың желкенін оң жаққа бұрайық.
-Балалар мында балықтар мен бақалар көп екен.Кәне санайық. Қанша балық,қанша бақа?
Дидактикалық ойын: «Балықтар мен бақалар»(санау,салыстыру,тең топ құру)
-Жақсы балалар Желкенді енді сол жаққа бұрып көрейік.
-Біз қазына аралына келіп қалдық. Мұнда қоян бар екен. Қоян өз үйіне жету үшін қай жолмен жүріп бару керек екендігін білмей отыр.Көмектесіп жіберейік.
Дидактикалық ойын:
«Қайсы жол қысқа,қайсы жол ұзын»
-Балалар бізге қоян өзін
Көмек бергендіріміз үшін алтын сандыққа апарар жолды сілтеді. Алтын сандыққа жету соңғы тапсырманы орындап алу керек.
1 тапсырма.Сандарды ретімен орналастыру.
2 тапсырма. Логика әлемі.
-Міне, біздің сандығымыз да табылды.Сандықты ашамыз ба?
Сандықты ашу үшін кілтін тауып алайық.
-Сандықтың кілті қандай пішінге ұқсас?
Қәне барлығымыз ұшбұрыш пішінді көтерейік.
-Сандықтың ішінде тиындар бар екен. Қандай пішінге ұқсайды?
-Тиындарды не үшін пайдаланамыз?
-жақсы ал қазір балалар тиындарды салыстыру жолақшаларына орналастырамыз.
Тапсырма салыстыру жолақшаларына санына көлеміне қарай орналастырылады. -күн ашық ,жылы болу керек.
-Иә
Тәрбиешіні мұқият тыңдап алады.
-дөңгелек
Дөңгелек пішінді заттарды тауып жапсырады.
-көлік
-қайық құрастырады
-шаршы, тіктөртбұрыш,ұшбұрыш
-оң жаққа бұрады
-бақа мен балықтарды санап шығады.
-сол жаққа бұрады
Қоянға көмектесуге келіседі.
Ойын шарттарын орындайды.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап алады.
Тапсырмаларды орындайды.
-иә
-ұшбұрыш
-көтеріп көрсетеді
-дөңгелек
-дүкеннен заттар аламыз.
-салыстыру жолақшаларына орналастырады.
Рефлексия -Балалар осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Сендерге ұнады ма?
Қандай тапсырмалар орындадық?
Қай тапсырма ең көп көңілдерінен шықты?
Рахмет .Сау болыңдар. Өз ойларын жеткізеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек Геометриялық пшіндерді ажырата білу, өзінің айналасындағы заттардың орналасуын, жуан,жіңішке ұғымдарын қолдану,сан мен санау.
Нені игереді Геометриялық пішіндердің заттармен ұқсастығын, қанша,сонша ұғымын.
Нені біледі Заттардың топтарын салыстыруды,сан мен заттардың сәйкестігін.