Саба? жоспары Гимнастика ?орытынды саба?


№44 мектеп-гимназиясы
Бекітемін:
«Дене тәрбиесі» пәнінен қалалық
Білім беру басқармасының әдіскері
Дене тәрбиесі пәнінен ашық сабақ«Гимнастика»
Қорытынды сабақ
10б сыныбы
Өткізген: дене шынықтыру пәні мұғалімі
Еркингалиева С.С.
Гимнастика
Сабақтың тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар және ағаш аттан секіру сабақтарын бекітіп қорытындылау сабағы
Сабақтың мазмұны:
Акробатикалық жаттығулар
Ағаш аттан секіру
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың күштілік және ептілік қабілеттерін дамыту
Оқушылардың қорқыныш сезімдерін жеңдіріп, сенімді болуға баулу
Оқушыларды өмірде кездесетін кедергілер мен қиындықтарға қарсы тұруға және оларды жеңуге үйрету
Оқушыларды ден шынықтыру сабағы арқылы спортқа тарту
Қазіргі өмір талабына сай жан-жақты дамыған, функционалды сауатты, салауаттылық салтын ұстанған, құзыреттілігі жоғары тұлға тәрбиелеу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:
Гимнастикалық төсеніштер, ағаш ат, көрнекілік құралдар, секундомер, ысқырық.
Өтетін күні: 13.12.2016ж.
Өтетін орны: Спорт зал.
Уақыт мөлшері: 45 минут.
№ Сабақтың мазмұны Увқыт мөлшері, тығыздығы Әдістемелік нұсқаулар
1 Кіріспе бөлім 3 минут Сапқа тұрғызу. Кезекшінің рапорты. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Оқушыларды тексеру. Оқушылардың спорттық киімін тексеру. Оқушылардың жай-күйін көңіл-күйін тексеру. Сабақ тақырыбымен таныстыру және оларды сабаққа жұмылдыру
2 Дайындық бөлім 12 минут Сапты оңға, солға, кері бұру. Бір орында қадам бастыру. Алаңды айнала алға қадам бастыру.
Жүру барысында орындалатын жаттығулар.
Екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру.
Қол белде өкшемен жүру.
Екі қол алда омыртқаны тік ұстап жартылай отырып жүру.
Отырып қазша жүру.
Отырған қалыпта секіріп жүру.
Жүруден жүгіруге ауысу.
Алақанды кеуде тұсына ұстап тізені алға көтеріп жүгіру.
Қолды артқа жамбас тұсына ұстап аяқты артқа сермеп алақанға өкшені тигізу.
Екі қол белде аяқты түзу ұстап алға сермей жүгіру.
Екі қол желкеде аяқты артқа сермей жүгіру.
Оң және сол қырымен қолды алға, артқа айналдыра жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығулары:
1.Б.Қ. аяқ иық көлемінде, қолымызды бүгіп, иығымызға қоямыз
1- қолымызды көтеріп аяқтың ұшымен тұрамыз
2. Б.Қ. қол белде, аяқ иық шамасында, басты 4 санға оңға, 4 санға солға айналдырамыз.
3. Б.Қ. аяқ иық шамасында, сол қол жоғарыда, 2 санға артқа серпиміз, оң қол жоғарыда 2 санға артқа серпиміз.
4.Б.Қ-Н.Т қолды бүгіп иыққа қою.
1-2 қолды алға айналдыру
3-4 қолды артқа айналдыру
5. Б.Қ-Н.Т оң қол жоғарыда, сол қол төменде
1-2 қолды артқа сермеу
3-4 қолды ауыстырып, жаттығуды қайталау.
6. Б.Қ. аяқ иық көлемінде, қолымыз белімізде
1-2 оң қол жоғары көтеріп, солға иілеміз
3-4 сол қолды жоғары көтеріп, оңға иілу.
7. Б.Қ-Н.Т
Б.Қ қол белде тік тұрамыз. 1 санға екі қолды жоғары көтеріп шалқаямыз, 2 санға аяқтың басына еңкейеміз, 3 санға қолды алға созып отырамыз, 4 санға бастапқы қалыпқа келеміз.
8. Б.Қ. қол белде 1-4 санға сол аяқпен, 1-4 санға оң аяқпен, 1-4 санға қос аяқтың ұшымен секіреміз.
9. Орнымызда адымдап бір қатарлы сап құруға көшеміз. 1 мин
2 мин
2 мин
7 мин
6-8 рет
8-10 рет
8-10 рет
10-12 рет
8-10 рет
4-6 рет
Ара қашықтықты сақтау. Кеудені тік ұстау.
Жаттығуды дұрыс орындауды талап ету
Тізені алақанға тигізуді қадағалау
Тізенің бүгілмеуін қадағалау
Ара қашықтық сақтау
Сыныптың бәрі бірдей орындауын талап ету
Алға еңкейгенде тізенің бүгілмеуі,\ отырған кезде кеуденің тік болуын ескерту, қадағалау.
3 Негізгі бөлім 25 минут Сыныпты 2 топқа бөлу. Қауіпсіздік шараларын ескерту.
1-ші топ: акробатика жаттығулары.
Топтастыра алға қарай домалау. Бір тізерлеп кейін қарай аударылу, екінші аяқты тік ұстап, бүтін денемен бұрылу. Алға қарай секіре төңкеріліп барып тізерлеп, аяқты алға тігінен созу. Кейін қарай аударыла жауырынмен тұру, тізені бүгу, жартылай шатқа отыру, артқа қарай аударылып жүрелеу, Б.Қ-Н.Т. оралу.
2-ші топ: ағаш ат. Екі қолмен тіреліп, екі аяқпен екпінмен секіру бір мезгілде орындалады. Секіру бағыты- алға қарай жоғарыға. Тіреліп секірген кезде аяқ-қолды тік ұстау керек. Секірген кезде тік аяқты қолмен итерілгеннен кейін екі жаққа алшақтатады.
Қорытынды бөлім
Залды айналдыра жүргізіп тыныс алу жаттығуын жасаттыру. Оқушыларды сапқа тұрғызу. Сабақты қортындылау. Мадақтау. Бағалау. Қателік жіберген оқушылардың қателіктерін ескертіп түзеу. Үйге тапсырма беру. Оқушылармен қоштасу. 4 минут
4 минут
4 минут сайын топтардың орын ауыстыруын қадағалау.
Арқанға шығып кері түсерде сырғымай, арқанда аяққа қысып тұрып қолды кезек ауыстыра жаймен түсу.
Бір-бірден секіру, матаның жылжығанын орынына қою.
Бастың матаға тимей домалауын қадағалау.
Оқушылардың бір-біріне жәрдем жасауын қадағалау.
Оқушылардың тыныс алуын қалпына келтіру
Оқушылардың тыныс алу қызметтерін қалыпқа келуін қамтамасыз ету.