Саба? жоспары «Тола?ай» эстафеталы? ойын 9 сынып
«Толағай» эстафеталық ойын
Тақырыбы: «Толағай» эстафеталық ойын
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып эстафета спорттық ойынын дамыту және спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
І. Салтанатты іс-шараның ашылу салтанаты.
1- жүргізуші: Құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер. Бүгін өткізгелі отырған «Толағай» жарысына қош келдіңіздер!
2- жүргізуші:
Салауаттық өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз! –дей келе ортаға қатысушы командаларды шақырамыз.
Спорт алаңына: (музыкалық әуен)
8а сыныбы «чемпиондар» тобы топ басшысы
8б сыныбы «Спорт» тобы топ басшысы
9а сыныбы «Қазақстан» тобы топ басшысы
9б сыныбы «Эверейс» тобы топ басшысы
10 а сыныбы «Олимп» тобы топ басшысы
10б сыныбы «Толағай» тобы топ басшысы топ басшысы
1-жүргізуші:
Ал енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
Мектеп директоры
Директордың оқу тәрбие жөніндегі орынбасары
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ұстаз –ұйымдастырушы
АӘД пәнінің мұғалімі
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі:
Ұйымдастыру кезеңі
Саптағы жаттығулар (бас қол, бел, аяқ жаттығулары)
Секіру, жүгіру жаттығулары жаттығулары
2- жүргізуші:
Бағдарламадағы ойындар тізбегі бойынша таныстырып өтелік.
Таныстыру (топтың аты, ұраны, эмблемасы, реферат)
Кім допты көп тастайды (Себетке доп тастау)
Ракеткамен шарды алып жүру сайысыДопты алып жүру
Обручпен жүгіру
1-жүргізуші
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Елбасы Н.Ә.Назарбае «Қазақстан 2050» жолдауында біздің болашақ балаларымыз. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» эстафеталық жарысын ұйымдастырып отырмыз. Олай болса кезеңдерге көшелік.
І кезең таныстыру кезеңі. Ортаға
8а сыныбы «чемпиондар» тобы топ басшысы
8б сыныбы «Спорт» тобы топ басшысы
9а сыныбы «Қазақстан» тобы топ басшысы
9б сыныбы «Эверейс» тобы топ басшысы
10 а сыныбы «Алимп» тобы топ басшысы
10б сыныбы «Толағай» тобы топ басшысы топ басшысы
Әділ қазы алқалары өз ұпайларын бере отырса.
2- жүргізуші:
Шынықсың аяқ,
Қатайсын нық қол.
Жақсы ойын баскетбол
Күштіге жуық бол! -демекші ендігі ІІ кезеңіміз «Кім допты көп тастайды?» жарысы. Бұл жерде допты себетке лақтыру.
1 жүргізуші:
Көктен түскен жоқ шығар,
Қосылып ду дүбірге.
Биіктерде жанады от,
Доп қуыпта бүгінде,- дей отырып ІІІ кезеңіміз «Ракеткамен шар алып жүру» кезеңі. Шарды белгіленген жерге дейін ракеткамен түсірмей алып журу керек.