?ызы?ты ойын Хан талапай


№4 Вариативтік компонент «Қызықты ойын» технологиялық картасы
Тобы: ІІ кіші
Тақырыбы: «Хан талапай»
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулып, ойынға деген қызығушылығын арттып, қимыл - қозғалысын дамыту.
Көрнекі құрал: асық
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Сәлеметсіздер ме, балалар!
Шаттық шеңбері
Күнге қарайық,
Шашымызды тарайық
Керіліп дем алайық
Бойымызды жазайық
Секірейік, жүгірейік
Қуанайық, күлейік
Отырайық, дем алайық
Дем алып ап, жүрейік.
Шаттық шеңберін құрады. Қимылдарды орындайды.
Балалар қызығушылық танытады.
Ұйымдастыру
Іздестіру Балалар, бүгін біз «Хан талапай» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шартымен түсіндіріп өтейін: Ойынға 5-10 бала қатыса алады, ойында асық көп болу керек. Көп асықтың ішінен үлкенірек біреуі таңдап алынып, қызыл түске боялады. Осы асық «хан» болады.
Ойын шартын бұзбай ойнау керек. Ойын шарты түсінікті болса, бастайық.
Санамақ арқылы бір баланы бастаушы етіп қоямын.
Бастаушы барлық асықты уысына алып балалардың
алдына шашып тастайды. Ал, сендер «Ханның» қалай түскенін байқап отырыңдар. Егер, «Хан» бүк, шік, тәйке түссе ойын бастаушы бала «ханның түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере – ыршытып бір – бірін дәлдей отырып тигізеді. Тигізген асықтарды өзіне алады. Ойын жалғаса береді.
Балалар тыңдайды.
Мұқият тыңдайды.
Бір бала таңдалады.
«Ханның» қалай түскенін байқап отырады.
Ойынды бірнеше рет ойнайды.
Сендерге ойын ұнады ма? Несімен ұнады?
Қандай ойын үйрендік?
Балалар, бүгінгі ойынымыз осымен аяқталды. Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: «Хан талапай» ойынын
Түсінеді: асықтың түсуін
Қолданады: асықты