7 модуль идеялары б?гінгі саба?та


ІІ деңгей бойынша сертификатталған
Алғабас орта жалпы білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусагалиева Р.К.
7 модуль идеялары бүгінгі сабақта
Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінде инновациялық технологиялар жарыса енгізілуде. Алдымен, инновация ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», - дейді. «Инновация» латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, оқушының оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдануда біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді.
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Бүгінгі таңда білім беру мәселесін, әдіс-тәсілдерді инновациялық үрдістермен алмастыру арқылы жалпы білім сапасын арттыру көзделген.Осы орайда, ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – жай үйреншікті нәрсе емес, ол – жаңадан жаңаны табатын нәрсе» деген екен. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деген болатын. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс-тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.
ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылыми мен практика жетістіктері негізінде жке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған, білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы өзгерістерге жол ашады.
Бұл бағдарлама оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, оқуға қабілетін жақсартады. Бұл бағдарлама - оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл. Аталған бағдарлама идеясы сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған.
     Жаңа әдістерін жетілдіру мақсатында педагогтардың біліктілігін  арттыру курсының  бізге ұсынылып  отырған бағдарламасы  мына  жеті  модульді  қамтыған:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және  оқыту. 
7. Білім  берудегі  басқару және көшбасшылы
1-модуль.  Оқыту  мен  оқудағы   жаңа  әдіс –тәсілдері оқу бағдарламасының басты мақсаты деп білемін. Сыныпты топқа бөліп оқыту, ережеге уақытқа бағыну, постер қорғату.
2-модуль. Сыни  тұрғыдан  ойлау  модулі.  
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдісінің басты қағидаларының бірі – шәкірттердің әр сабақта ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытатындығы.
3-модуль. Оқыту үшін және оқытуды бағалау.
Бұл әр сабақтың соңындағы оқушылардың білімдерін тиянақтау жиынтығы. Мұғалімдер мен оқушылар  өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.
4 – модуль.Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  (АКТ) пайдалану. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді.
5модуль.Талантты  және  дарынды  балаларды  анықтау.  Оқушылардың  таланты  мен  қабілетін  ашып,  оларды  оқыту  барысында  дамыту  өте  маңызды. Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.
6- модуль.  Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту.
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика мен психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерісті айқындайды.
7-модуль.Оқытуды басқару және көшбасшылық. Баланың  өзіне  деген  сенімін  арттыру,  өзін  тұлға  ретінде  сезінетіндей  мүмкіндік  ашу, өзін  тұлға  ретінде  сезінген бала  әрқашанда  өмірде  өз  жолын  таба  алады.Қандай да жағдай болмасын, өзіңіздің өмірік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни  тұрғыдан бағалау, өзгерту және  тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп  жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.      
Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.  Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО)  бағдарламасы-ның  қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан  ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. 7 модуль идеяларын сабақта қолдана отырып, оны өз идеяларыммен сабақтастыра отырып, сабақ нәтижесін жүзеге асыру көзделеді. Сабақты 7 модуль идеяларын ықпалдастыра өткізу коучингтегідей жаңа әдіс-тәсілдерді үйрету емес, жаңа білімді, ақпаратты баланың өзіне игерту. Сондықтан жаа білімді өз бетімен алуға дағдыландыру үшін 7 модуль элементтерін толық қолдану тиімді болмақ. Мұның өзі мұғалімге үлкен жауапкершілік пен үнемі ізденісті қажет етеді. «Халық пен халықты теңестіретін - білім»-деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Сондықтан да соңғы жаңалықтардан қалмай, жаңалық жаршысы болуымыз керек. «Педагогтік шеберлік» – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Ендеше, іздену мен үйренуді ешқашан тоқтатпайық дегім келеді. Заман талабына сай мектеп оқушыға тек білім беріп қана қоймай, қоғамдағы өзгерістерге төтеп бере алатын жаңа заман адамын тәрбиелеуге міндетті.