Математика п?нінен сайс саба?


Тақырыбы: «Математика және біз....» интеллектуалды сайысы
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Оқушылардың ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.Оқушыларды оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Сабақ барысы.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі 2 сыныптарда өтетін «Математика және біз...» атты интеллектуалды сайысымыздың салтанатына қош келдіңіздер ! Бүгінгі «Математика және біз...» интелектуалды сайысына қатысушылар 2 сынып оқушыларының ұшқыр ойлыларынан құралған “Алғырлар” , ”Тапқырлар” және «Білгірлер» топтарын ортаға шақырып, құрмет – қошемет көрсетіп қояйық.
ә) Әділ-қазы мүшелерін сайлау
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәлім шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,
-дей отыра әділ-қазы мүшелерімен таныстырып өтейін.
Әділ қазы мүшелерімен таныстыру.
2. «Математика және біз» зияткерлік ойынының өткізілу жоспарымен таныстырып өтейін:
1 – кезең. Таныстыру.
Әр топ өз аттарын қорғауы керек. Толық әрі нақты қорғаған топқа 5 ұпай, жартылай қорғаса 4 - 3 - 2 ұпайдан беруге болады.2-кезең. “Бәйге” – Сұрақ – жауап. Бұл кезеңде 20 сұрақ беріледі, 2 минут ішінде сол сұрақтарға жылдам жауап беру қажет. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 10 ұпай .
«Алғырлар» тобына:
1.Ең кіші үш таңбалы сан.(Жүз)
2.Қабырғаларының ұзындықтары бір-біріне тең тік төртбұрыш.(Шаршы )
3.4 ондықтан құралған сан.( Қырық )
4.Сұйықтықтың өлшем бірлігі. ( литр)
5.Кеміту амалы.( Азайту )
6.Екі нүкте арасын қосқанда қандай пішін шығады? (кесінді)
7.Жеңіс күні қашан тойланады ? (9 мамыр)
8.Ең үздік баға(5)
9.Бастауышта неше жыл оқисыңдар? (4)
10.1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)
11.Сабақтың басталатын уақытын ата(8сағ 15 мин)
12.1м-де неше см бар? (100см)
13.Қосу амалының компоненттерін ата.(қосылғыш, қосылғыш, қосынды)
14. Жүзде неше нөл бар?(2)
15.Тік бұрыштан кем бұрыш қалай аталады? (сүйір)
«Тапқырлар» тобына:
1.Ең үлкен екі таңбалы сан ( 99)
2.Қарама-қарсы қабырғалары бір-біріне тең геометриялық фигура.(тік төртбұрыш )
3.8 ондықтан құралған сан. (80 )4.Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата (мм, см ,дм, м )
5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз.(Шеңбер)
6. Бір нүктеден шыққан түзулер? (сәуле)
7.Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 желтоқсан)
8. Ең нашар баға. (2)
9.Сабақтың ұзақтығы неше минут?( 45 мин)
10. 1 жылда неше ай бар? (12)
11 Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.Үйде неше адам отыр? . (3 )
12. 1сағ неше минут бар? (60 мин)
13.Азайту амалының компонеттерін ата. (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
14.Кез- келген саннан 1-ді азайтқанда қандай сан шығады? (сол санның алдындағы сан)
15. Ең үлкен бір таңбалы сан( 9)
«Білгірлер» тобына:
1. Бір айда неше апта бар? (4 апта)
2.Дәптердің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастасаң, неше бұрышы болады? (5 бұрышы болады) 
3. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (айырманың мәні)4. Қосудың компоненттерін ата. (қосылғыш, қосылғыш, қосындының мәні)5. Қосуға кері амалды ата. (азайту)6. Бір жылда неше күн бар? (365 – 366)
7. Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (см, дм, м, км)
8. Кез келген санға 1-ді қосқанда қандай саншығады? ( содан кейінгісан)
9.Үстелдің беті төрт бұрыш. Оның бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрыш қалады? ( 5)
10. 1 см- де неше мм бар?(10 мм)
11. Санға нөлді қосқанда неше болады?( сол санның өзі шығады?)
12.Ең кіші ұзындық өлшем бірлігі (мм)
13. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса неше кг болады? (3кг)
14.Қосылғыштардың орнын ауыстырғанымен.... қосындының мәні өзгермейді)
15.Жалпы мектепте неше жыл оқисыңдар? (11 жыл)
3 - кезең. Сандар сөйлейдіҚұрамында сан есімдер мақалдар айтып жарысу.• Бас екеу болмай мал екеу болмайды• Піл күшті, піл күшті емес тіл күшті• Бірлік болмай, тірлік болмас• Бір тал кессең, он тал ек.
7 және 3 санына байланысты деректер айту.
4-кезең “Жорға” – Математикалық жұмбақ есептерді шешу.
Әр топқа екі есептен беріледі. Бір минут ішінде жауабын беру қажет. Жауап дайын болмаған жағдайда келесі топ жауап береді.
«Тапқырлар » тобына:
1)Аулада 60 үйрек ,
Қорада 20 үйрек.
10 үйрек тығылды,
10 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?(60)
2) 11 түйе, бес жылқы,
2 сиыр, бір ешкі.
2 қоян, үш түлкі
Болды сонда нешеуі?
«Алғырлар» тобына:
1)Табақта 55 алма,
Қолымда 5 алма. 
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
5-еуін бердім апама,
5-еуін бердім атама
Қалды өзімде нешеуі? (50)
2)Көлден ұшты 50 қаз ,
Қайтып қонды 20 қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Қәне кім тез шешеді?(30)
«Білгірлер» тобына:
1)100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70)
2) Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу,топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу,есепте (Бес торғай) 
5- кезең. Ойлан тап- Мына әріптерден математикаға байланысты сөздерді тап.к ғ а і з в қ о с у ұ к ғ ңз ф с ы к е с і н д іө ө ү у і ғ с ы р е а д қ б қ Іа й ы р м а ң й ы о е о ыя п б ы в а н ғ ғ с й с Ла ғ ө а з а й ғ ы ш ы т ы ғ г н к л м е т р л д ж Ыа з а й т қ ы ш ә д і ғ шн а н а з а й т у д ж х һ ВД ө д ө а й ы р ғ қ ғ ш ці а і й қ о с ы н д ы г д шШешуі: ( қосу, кесінді, айырма, азайғыш, метр, азайтқыш, азайту,қосынды)
1 топ «Тапқырлар» 2 топ «Алғырлар»  3 топ «Білгірлер»Т + 10 = ? тон 3 + кір = ? үшкір  7 + су = ? Жетісу6 + н = ? алтын 5 + ік = ? бесік  к + 3 + ік = ? күшік7 + к = ? жетік с + 10 + а = ? сона  дер + 5 = ? дербес100 + ім = ? жүзім қ + 10 + ақ = ? қонақ  жел + 90 =? желтоқсанК + 2 + л = ? кекіл 8 + көз = ? сегізкөз  б + 6 + р = ? балтыр
6 кезең. Суретшілер.Мына фигураларды пайдаланып (төртұрыш, үшбұрыш, шеңбер, т.б.)1 топ. Адам2 топ. Үй3 топ. Машина құрастыруӘр фигураға 1 ұпайдан беріледі.Қорытынды және марапаттау кезеңіОқушылар, болашақта бұдан да жоғары сайыстарда өз білімдердің көрсетеді деп сенемін. Өйткені жарқын келешектің тізгіні сендердің қолдарыңда екені даусыз. Сонымен сайысымызды аяқтаймыз.

Жамбыл бастауыш мектебі

(интеллектуалды сайыс)
Дайындаған: Баймулдина С.С
Аманбаева Г.С
Салауатова К.Б
Қарамеңді 2016 – 2017 оқу жылы.

Тақырыбы: «Математика және біз....» интеллектуалды сайысы
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, ой-өрісін дамыту, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану. Оқушылардың ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.Оқушыларды оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге баулу, шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа баулу. Сыйластыққа және ұйымшылдыққа, алдарына қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Бұл сабаққа үш сыныптан 10 оқушыдан қатысты. Сабақтың басында оқушыларды топқа бөліп, сайыстың шарттарымен таныстырып өттік. Сайыс таныстыру,“Бәйге” – Сұрақ – жауап, сандар сөйлейді, “Жорға” – математикалық жұмбақ есептерді шешу, ойлан тап, суретшілер атты кезеңдерден тұрады.
Бірінші кезеңде әр топ өздерінің аттары мен ұрандарымен таныстырып өтті. Екінші кезеңде әр топқа 15 сұрақтан қойылып, жауаптары тыңдалды. Үшінші кезеңде құрамында сандары бар мақал – мәтелдер айтып жарысты. Сонымен қатар 7, 3 сандарына байланысты деректер айтып өтті. Төртінші кезеңде топтарға математикалық жұмбақ есептер берілді. Бесінші кезеңде берілген әріптерден математикаға байланысты сөздер құрастыру және сандар мен әріптер қосындысынан сөздер құрау тапсырмалары берілді. Алтыншы кезеңде оқушыларға әр түрлі фигуралар беріліп, әр топқа фигураларды пайдалана отырып, адам, үй, машина құрастыру тапсырмасы берілді.
Сабақтың қорытынды кезеңінде жеңімпаз топ анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Әрбір берілген тапсырма уақытылы дұрыс орындалып, топ мүшелері ұжымшылдықпен сабаққа қатысып, сабақ өз мақсатына жетті.