«Білгір химиктер» интеллектуалды? сайысы
“Білгір химиктер”интеллектуалдық сайыс
Іс шараның мақсаттары:- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, интеллектуалдық деңгейлерін арттыру;- оқушылырдың ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, нақты және тез жүйелі шешім қабылдауға, өз ойын еркін жеткізуді дамыту;- ойын барысында оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тапқыр,білгір дарындыЖарыс бар бүгін арынды.Химия пәнін сүйсен сенОртаға сал барыңды.Кел, келіңдер, сайыскер,Көрермендер, жанкүйер.Әділдікпен жарысайық,Бұл сайыстан қалыспайық.Өнерлі топтар бүгін ортамызда,Командалар сәлем берер баршамызға.Қол соғып біз оларды қарсы алайық,Айтқандарын тыныштықпен біз тыңдайық!
Сайыстың кезеңдері:1. «Зымыранды сұрақтар»2. «Лаборанттар сайысы»3. «Кім жылдам?»4. «Полиглот»5. «Есептер сыры»
І кезең «Зымыранды сұрақтар»
1. Атомдардың әр түрінен тұратын зат? 1 топ сұрақтары:(күрделі зат)
1 топ сұрақтары:2. Коэффициент нені көрсетеді? (молекула және атом санын)
1 топ сұрақтары:3. Элементтердің басқа бір элементтер атомдарының белгілі санын қосып алу қасиеті. (валенттілік)
1 топ сұрақтары:4. Химия нені зерттейді? (заттарды, олардың қасиеттерін, өзара айналуларын)
1 топ сұрақтары:5. Екі немесе одан көп заттардан тұрады? (қоспа)
1 топ сұрақтары:6. Денелерді құраушылар? (заттар)
1 топ сұрақтары:7. Қанттың судағы ерітіндісі қандай қоспаға жатады? (біртекті)
1 топ сұрақтары:8. Сүттің ашуы қандай құбылысқа жатады? (химиялық құбылыс)
1 топ сұрақтары:9. Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі? (атом)
1 топ сұрақтары:10. Оттектің салыстырмалы атомдық массасы? (16)
1. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшегі? 2 топ сұрақтары:(молекула)
2 топ сұрақтары:2. Бірдей атомдар түрінен тұратын зат. (жай зат)
2 топ сұрақтары:3. Атомдардың белгілі бір түрі. (химиялық элемент)
2 топ сұрақтары:4. Индекс нені көрсетеді? (атом санын)
2 топ сұрақтары:5. Қорғасынның балқуы қандай құбылысқа жатады? (физикалық құбылыс)
2 топ сұрақтары:6. Айдау әдісімен қандай қоспаны бөлуге болады? (біртекті қоспаны)
2 топ сұрақтары:7. Жылтыры бар, электр тогы мен жылуды жақсы өткізетін, иілгіш жай заттар. (металдар)
2 топ сұрақтары:8. Әртекті қоспаларды бөлу әдістері. (тұндыру, сүзу)
2 топ сұрақтары:9. Химиялық реакциялардың белгілері(жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі, тұнбаның түсуі, газдың бөлінуі)
2 топ сұрақтары:10. Көміртектің салыстырмалы атомдық массасы. (12)
ІІ кезең «Лаборанттар сайысы»
1 топ: пробиркадағы затты қыздыру ережесі.2 топ: штативке пробирканың орналасуы, спиртшаммен қыздыру ережесі.“Лаборанттар сайысы” кезеңіне тапсырмалар
ІІІ кезең«Кім жылдам?» сайысы
1 топ: натрий, азот, хлор, оттек, йод, кальций, литий, алтын, темір, фосфор.2 топ: күміс, сутек, магний, кремний, бром, қорғасын, алюминий, мырыш, калий,көміртек.
IV кезең «Полиглот» сайысы.
.........қызған кезде соқ.Жауабын тап. Қазақша, орысша, латынша ата.Темір, железо, феррум
Өзі ауыр металға жатады, балалар осы металл құйған сақамен атады.Жауабын тап. Қазақша, орысша, латынша ата.Қорғасын, свинец, плюмбум
Жылтырағаннын бәрі ........емес.Жауабын тап. Қазақша, орысша, латынша ата.Алтын, золото, аурум
Осы затпен ескі үйді аластайды, түсіне қарасан алтынға ұқсайды.Жауабын тап. Қазақша, орысша, латынша ата.Күкірт, сера, сульфур
Өзі жылтыр күмістей, жұмсақтығы тағы бар.Жеңілдігін ескерсен пайдаланар жері табылар.Жауабын тап. Қазақша, орысша, латынша ата.Алюминий,алюминий, алюминиум.
Иісі, түсі, өңі жоқТабиғатта онсыз өмір жоқӨсімдіктен аламынӨміріме нәр қыламын.Жауабын тап. Қазақша, орысша, латынша ата.Оттек, кислород, оксигениум
Күмістей түсі жылтыр өзі сұйықБуланбас қайнатсаңда отынды үріп,Көрсететін суықты , жылуды анықҚандай зат құрал жасар соны құйып.Жауабын тап. Қазақша, орысша, латынша ата.Сынап, ртуть, гидраргирум
Алтын .......тас екен. Арпа бидай ас екен.Жауабын тап. Қазақша, орысша, латынша ата.Күміс, серебро, аргентум
ІV кезең «Есептер сыры» сайысы.Тағы келді сыналар шақ айналып, Тереңіне білім теңіз байланып,Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр,Есеп шешер кезегі келіп тұр.
1 топ тапсырмалары:1) Темір мен оттектен тұратын заттын формуласын тап. 2) Берілген заттын молекуласындағы элементтердің массалық қатынастарын есепте: H2O. 3) Заттын құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін тап: CO2. 2 топ тапсырмалары:1) Мыс мен оттектен тұратын заттын формуласын тап.2) Берілген заттын молекуласындағы элементтердің массалық қатынастарын есепте: CO2. 3) Заттын құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін тап: H2O.
1 топ тапсырмалары:1) FeO, Fe2O32) m(H):m(O)=1:83) ω(C)=0,2727; ω(O)=0,72732 топ тапсырмалары:1) Cu2O, CuO2) m(C):m(O)=3:83) ω(H)=0,1111; ω(O)=0,8889Дұрыс жауаптар:
Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер.Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер.Жастықтың оты қайдасың, Жүректі түртіп қозғамай.Ғылымның біліп пайдасын, Дүниенің көркін болжамайАбай Құнанбаев
Жұмбақтар Онсыз астың дәмі жоқОнсыз өмір сәні жоқ.Ащылығы көп болса даБізге берер нәрі жоқ. (NaCl) Өзі химиялық элемент, егер «ан» қосымшасын жалғасаң қыстың қаһарлы күндерін есіңе түсіреді. Ойлаңдаршы, бұл кай элемент? (бор-боран)Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада, бірақ өзі химиялық элемент. (азот)Бірінші бөлігі тасқын су, екінші бөлігі мал құлағына салынатын белгі немесе кездеменін өлшемі. Ал – өзі химиялық элемент. Ойлаңызшы, бұл кай элемент? (селен)Жазылуым бойынша оқысаң-элементпін, керісінше оқысаң-өткізгішпін. Ойландаршы, сонда мен кіммін. (мыс-сым)
Назарларыңызға рахмет!fill.on