Білгір химиктер интеллектуалды сайыс


Жаңаталап орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Сыныптан тыс жұмыс:





Өткізген: химия және биология пәнінің мұғалімі Мекежанова Гүлсім
Интеллектуалды сайыстың мақсаты:
Білімдік: Оқушылардың химия пәні бойынша танымдық білімін тереңдетіп теориямен байланыстыра білу, іскерліктерін дамыту.
Дамытушылық: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, ойлауға және интеллектуалды қабілеті дамыған тұлғаны қалыптастыру
Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру, мамандық таңдауға баулу.
Пән аралық байланыс: математика, физика, биология
Көрнекіліктер: презентациялар, видеоролик, сызба кестелер
Түрі:танымдық ойын
1-кезең. Ребус шешу. Оқушыларға ребус беріледі. «Қарсылас топтың атын табу» арқылы топқа бөлінеді.

Шешуі: Қышқылдар

Шешуі: Оксидтер
Ребусты шешкен соң топтың аты айқындалды.

2-кезең. Бәйге . Сыныптары бойынша тапсырмаларды таңдайды. (Әр дұрыс жауап 5 ұпай)
1.Қандай элементтер материктер атымен аталады? (Европий, америций)
2.Планетамызда көп таралған элементтер? (Сутегі, гелий)
3. Атом энергетикасының негізгі элементі? (Уран)
4. Ең ауыр металл? (Осмий )
5. Қай элементтің омонимдері көп (БОР – ғалым, орман, әктас)
6. Ең жеңіл металл? (Литий )
7. Электронның заряды қандай? (Минус )
8. S орбитальдың пішіні қандай? (Шар)
9. Периодтық жүйеде қанша топ бар? ( 8)
10. Халькогендер сөзінің мағынасы (Мыс кенін тудырушы)
11. Қай элементтің бейнесі айдахардың бейнесіне ұқсайды? (Күкірт )
12. Тоңазытқыш жүйесінде қандай химиялық қосылыс қолданылады? (Фреон)
13. Рентген сәулесінен қорғайтын қандай металл? (Қорғасын )
14. «Ақыл-ой» элементі? (Фосфор)
15. Тіс қандай элемент жетіспегеннен ауырады? ( Фтор )
16. Консерві қалбыры жасалатын металл? ( Қалайы )
17.Техникада, медицинада, косметикада қандай май қолданылады? (Вазелин )
18. «Болашақ отыны» деп аталатын өандай элемент? ( Сутегі)
19. Оксиді Марс планетасына қызыл түс беретін металл? (Темір )
20. Периодтық жүйедегі ең бірінші орналасқан элемент? (Сутегі )

Тапсырмаларды орындау сәтінен
3- кезең. АЛАМАН. Қалаған торкөздерінен тапсырма ларды таңдайды. (Әр дұрыс жауап таңдаған ұпай санымен анықталады)

Химиялық тұлғалар:
10. Атомның планетарлық моделін кім ұсынды? (Резерфорд)
20. 10-сынып, «Мектеп» баспасы ХИМИЯ оқулығының авторы. (Қ.Бекішов)
30. «Белоксыз тіршілік жоқ, азотсыз белок жоқ» сөздерінің авторы? Ф.Энгельс
40. Құрам тұрақтылық заңын ашқан ғалым? (Пруст)
50. Қай ғалымға сыйлық ретінде 1 грамм металл берілді? М.Кюрийге (Радий)
Менің көзқарасым:

Әртүрлі:
10. Қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесетін гидроксидтер (Екідайлы )
20. Қарын сөлінің құрамындағы қышқыл. (Тұз қышқылы)
30. Ас содасының формуласы қандай? (NaHCO3)
40. Динамитті ойлап тапқан ғалым кім? (А.Нобель)
50. Қышқыл жаңбыр дегеніміз не? (Ауаға көп мөлшерде көтерілген азот, күкірт оксидтері ауадағы су буымен қосылып, қышқыл түзеді.)
Химия тұрмыста:
10. Асханада қолданылатын қышқыл? (Сірке қышқылы)
20. Пышақты қалай өткір етіп қайрауға болады? (Қайрар алдында тұз қышқылының әлсіз ерітіндісіне біраз батыру қажет)
30.Шараптың құрамында көп кездесетін көмірсу? (Глюкоза)
40. Алма, алмұрт, қауын, қарбызды кескенде пышақ неге қараяды? (Құрамдарында қышқылы бар ол темірмен қосылғанда сия түзеді)
50. Адам ағзасындағы өт пен бүйрекке тас қайдан жинақталады? (Судың құрамындағы еріген тұздардан жинақталады)
4. кезең. Химиялық реакциялар: видеороликтерден көрген тәжірибе бойынша реакция теңдеулерін жазу керек
10. Атом құрылысы
20. Жылу өткізгіштік
30. Кальций гидриді
40. Сілтілік натрий
50. Кальцийдің ауада жануы
Тәжірибені көру сәттерінен.

5. кезең. Финал есептер шығару.
Қышқылдар тобына:
1. Қалыпты жағдайда көлемі 28,5 л көміртек (ІV) оксидін 216 грамм магний гидроксидінен өткізгенде түзілген тұнбаның массасын табыңыз.
2. 57 г мырыш мен 56 г күкірт қышқылыменн әрекеттескенде неше литр сутегі түзіледі?
Оксидтер тобына:
1. Қалыпты жағдайда 44,8 л көміртек (ІV) оксидін 513 грамм барий гидроксидінен өткізгенде түзілген тұнбаның массасы Жауабы: 394 г
2. 12 г натрий хлориді мен 9,8 г сусыз күкірт қышқылын қосып қыздырғанда хлорсутектің қандай көлемі түзіледі? Жауабы: 4,48 л

УРА! Жеңіс бізде!

Әділқазыларға сөз берейік:
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Кесенбаева Алмагүл:
-419735246380Жоспар бойынша бүгін жаратылыстану пәндерінің онкүндігі өтіп жатыр. Химия пәнінің мұғалімі Мекежанова Гүлсім Мырзаханқызы 8 – 10 сыныптар арасында «Білгір химиктер» интеллектуал ды сайыс өткізді. Сайыс өте қызықты, мағыналы болды, сайыс жоғары деңгейде өтті. Құрметті еліміздің ертеңгі болашақтары оқушылар және Гүлсім апай сіздерге көп рахмет, алғыс айтамын. Сөзімді қорытындылай келе бүгінгі сайыста «Оксидтер» тобы 142,5 ұпай, ал «Қышқылдар» тобы 325 ұпаймен жеңіске жетті.
-609600196850
Мұғалім сөзі:
Осымен интелектуалды сайысымыз аяқталды.
Интеллектуалды қабілеті дамыған Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!