Сыныптан тыс ж?мыс ?ажайыптар ?лемі


Невский орта мектебі

Тақырыбы: Ғажайыптар әлемі
(5-7 сыныптар)
Информатика пәнінің мұғалімі: Самалхан Жансұлу
2015-2016 оқу жылы
Сайыс тақырыбы: «Ғажайыптар әлемі»
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәнедеріне деген қызығушылықтарын арттыру, білім деңгейін көтеру, сөйлеу шеберлігін, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.
Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, викториналық сұрақтар, тапсырмалар.
Мұғалім:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар және оқушыдар. «Ғажайыптар әлемі» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Сайысқа 17 оқушыдар құралған 3 топ қатысады. «Достар» , «Компьютер» және «Алгоритм» тобы. Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
Сабақтың мақсаты:
А)Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімін саралау;
Ә) Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге және ойларын ашық жеткізе алуға тәрбиелеу;
Б) Оқушыларды информатика ғылымына бойлату, ой-өрісін, зейінін, сайысқа қатысу ынтасын арттыру;
Ғылымда асулар көп алатұғын,
Қанатын биіктерге қағатұғын.
Ұшқырлығын танытып қыран құстың,
Кез келді жылдамдықты білетұғын. –дей келе әділ қазы алқасын сайлап алайық.
ӘБ жетекшісі Асгат К., бастауыш сынып мұғалімі: Қажымухан Т. және қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Жекейхан К.
І кезең “Таныстыру”
ІІ кезең “Кім жылдам”
ІІІ кезең “Жалғастыра жарысу”
ІV кезең “Шетелге ұшамыз”
V кезең “Жұмбақтар әлемі”
VІ кезең “Қабырға газет”
VІІ кезең “Кім озып келер?”
VІІІ кезең “Өз өнерін көрсету”
IX кезең “Ойлан, тап”
І кезең «Таныстыру»
Әр топ үй жұмысына берілген тапсырма бойынша өздерінің тобын таныстырып өтеді.
ІІ кезең “Кім жылдам”
Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Сұраққа жылдам жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.
“1” топқа арналған сұрақтар
Көздің мониторға дейінгі арақашықтық (55-65 см)
2. Ақпараттың түрлері нешеге бөлінеді? (5, сан,мәтін,графика,дыбыс,видео)
3.Ақпарат тасығыштар (Диск, флешка)
4. 1 Терабайт= ? Гб (1024)
5. Компьютердің неше түрі бар? (4)
6. Дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысы (Колонка)
7.Пиксель дегеніміз не? (Экрандағы суреттің ең кіші элементі)
8. Ctrl+A пернесінің қызметі (Ерекшелеу)
9. Uses бөлімінің қазақша атауы (модуль)
10. Векторлық редакторларды ата (Corol Draw, Inkscape)
“2” топқа арналған сұрақтар
Компьютер алдындағы жұмыс уақыты (25 мин)
2. Ақпараттың неше түрі бар? (5)
3.1 байтта - ? бит (8 бит)
4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
5. Ақпаратты шығару құрылғысы? (Монитор)
6. Жүйелік блоктың миы (Процессор)
7. Жад дегеніміз не? (ақпаратты сақтауға арналған құрылғы)
8. Ctrl+С пернесінің қызметі (Көшірмесін жасау)
9. Var бөлімі дегеніміз (айнымалылар бөлімі)
10. Жасалу принципіне қарай кескіннің неше түрі бар (3)
“3” топқа арналған сұрақтар
Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсірмеу үшін не істеу керек (көзге арналған)
2. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған? (сурет)
3.Ақпарат сөзінде неше байт (7)
4. Ақпаратты енгізу құрылғысы (пернетақта)
5. Винчестер қандай диск? (қатты)
6. Операциялық жүйе бұл не (Программалық жабдықтама)
7. 7 сыныпта қандай программалау тілімен алғаш рет жұмыс істедіңдер? (Pascal)
8. Ctrl+V пернесінің қызметі (Көшірмені орнына өою)
9. Label бөлімінің қазақша атауы (белгілеу бөлімі)
10. Растрлық редакторларды ата (Paint, Adobe Photoshop)
«Білікті бірді шығар, білімді мыңды жығар» демекші ІІІ кезең “Жалғастыра жарысу” деп аталады. Әр топқа 3 мақал-мәтелдің бастапқы жолы айтылады, топ мақалды жағастыру керек. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
Ақыл - тозбайтын тон, (Білім – таусылмайтын кен)
Оқу  – білім азығы,( Білім – ырыс қазығы.)
Тіліңмен жүгірме, (біліммен жүгір.)
Білегі күшті бірді жығады, (Білімі күшті мыңды жығады.)
Білегіңе сенбе,(біліміңе сен.)
Білімдіге дүние жарық.( Білімсіздің күні кәріп.)
Қына тасқа бітеді, (Білім басқа бітеді.)
Көп жасаған білмейді, (көп көрген біледі.)
Қарғыстың ең жаманы – (Өзің білме, білгеннің тілін алма.)
Ғылым – теңіз, (білім – қайық )
ІV кезең “Шетелге ұшамыз” (5 ұпай)
«Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тілдің құрметте»- деп Қ.Мырзалиев ағамыз айтқандай, шетелде ағылшын тілінсіз болу мүмкін емес. Сондықтан келесі сұрақтардың жауаптарын орыс және ағылшын тілдерінде айтуға тиіссіздер.
Сұрақтар: (9-13 слайд)
1. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін сөзі.
(Ақпарат-Информация-Informatio)
2. Компьютерге мәтін енгізуге арналған құрылғы. (Пернетақта-клавиатура-Keyboard)
3. Компьютер пенетақтасында қанша пернетақта бар? (Жүз бір-сто один-One hundred one)
4. Мысыққа ойын керек, бірдеңеге өлім керек. (тышқан-мышка-mouse)
5. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер бұл әрекеттерді өңдеу керек екенін көрсетеді. (енгізу-ввод-enter)
6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді. (өшіру-удалить-delete)
7. Бұл пернелердің ішіндегі ең ұзын перне, ол символдарды бір-бірінен ажырату үшін қолданылады. (Бос орын-пробел-Proble)
8. Жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ. (терезе-окно-window)
9. Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтаулар қалай аталады? (Шекара-Граница-Border)
10. Өшірілген файлдар қайда сақталады? (себет-корзина-basket)
11. Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор. (кітапша-блокнот-notebook)
12. Вирустың кері әсерін жоятын программа ?(Антивирус)
Әр жүйріктің жететін мәресі бар,
Биіктерге жете алмас өресі бар.
Екеуінен сүрінбей өтіп кеттік,
Қалғандарын ойнауға қалайсыздар?
V кезең «Жұмбақ әлемі». Жаратылстану пәндері бойынша сұрақтар жасырылған ұяшықты таңдап, жауабын табу.
Математика 20:
Cол санның өзі шығады
Санды оған бөлуге болмайтынын
Математиктер ұғады.
Көп адамдар сол санға
Шекесінен қараған.
Сан өсін қақ бөлуге
Сол саныңыз жараған. (нөл)
Математика 30:
Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бар мұнда. (нақты сандар)
Математика 40:
Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады.
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады? (дәреже)
Математика 50:
Бір әкеден «Неше балаң бар?» деп сұраған екен. Ол: «Төрт ұлым бар, әрқайсының туған әпкелері бар» деп жауап беріпті. Әкейдің неше баласы бар? (5 бала)
Физика-информатика 20:
Ақпараттық қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
Физика-информатика 30:
Өрмекшінің өрмегі,
Ұқсас келіп өзіне.
Ерекше оның өрнегі,
Байланысар әлеммен. (Интернет)
Физика-информатика 40:
Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп-кішкене күн көзін. (лампа)
Физика-информатика 50:
Ерітеді мұхит
Көтерілсе жоғары.
Сездірер суық ызғарын
Төмен түссе шамалы. (температура)
Химия-биология 20:
Өзі химиялық элемент, егер “ан” қосымшасын жалғасақ, қыстың қаһарлы күндерін есіңе түсіреді. Бұл қай элемент? (бор)
Химия-биология 30:
Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық, Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп. Көрсететін суықты, жылуды анық Қандай зат: құрал жасар соны құйып. (сынап)
Химия-биология 40:
Таң сәріден оянып,
  Таңға сәлем беремін
  Кешке дейін шаршамай,
  Күнге қарай беремін.  (күнбағыс)
Химия-биология 50:
Ұша алмайтын құс. (Пингвин)
География 20:
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. (аяз)
География 30:
Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. (ауа)
География 40:
“Танго” биі әлемге,
Тарап кеткен қай елден? (Аргентина)
География 50:
Айтындаршы ал енді,
Марал, барыс бар елді. (Қазақстан)
VІ кезең “Қабырға газет” (5 ұпай) Қабырға газеттерін қорғайды
VІІ кезең “Кім озып келер?”Топтарға ортақ 4 сұрақ қойылады. Кім бұрын жауап берсе, сол топ 20 ұпай алады.
Мектептегі сайыста Айнаш басынан санаса да, соңынан санаса да 5-орында тұрады. Сайысқа неше адам қатысқан? (9)
Қайыңда 4 бұта бар. Әр бұтада 4 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма?  (Қайыңда алма өспейді)Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты, неше тәулік боран соқты? (4 тәулік)
Санға қатысты мақал айт. ( Елу жылда — ел жаңа, Жүз жылда – қазан.  Ел құлағы — елу.  Ерінген екі  істейді.)VІІІ кезең Өз өнерін көрсету
IX. Ойлан, тап!” 5 (ұпай)
Сканер
Принтер
Камера
Флешка
Колонка
Монитор
Қорытындылау, марапаттау.