?мірге позитивтік к?з?арастарын арттыру?а арнал?ан тренинг-саба?


«Өмір – адамға берілген керемет сый»
(10 сыныппен ашық-тренинг-сабақ)
Асқар Арыстанов, Абай атындағы мектеп-гимназия психологы,
Ақжайық ауданы, Батыс Қазақстан облысы
Мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тани білуінің негізгі шарттарымен таныстыру, өзін бағалата отырып, өз бойындағы сапалық қасиеттерді анықтау, дамытуға бағыт беру.
Көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, балық суреттері, таңба-карточкалар,
интерактивті тақта, бейнеролик.
Б А Р Ы С Ы
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, біз өз бойымыздағы жақсы қасиеттерді бағалай отырып,
өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын анықтаймыз.
1.Сергіту-жаттығуы «Мейірімді жануар»
Жүргізуші: Балалар, біз сендермен топ ұйымдастырып отырмыз. Өзімізді бір бүтін топ ретінде сезіну үшін «Мейірімді жануар» жаттығуын ұсынамын. Шеңбер жасап бір-біріңе иық тіресіп, қолдарыңнан ұстаңдар. Жануарлар дем алады. Бір қадам алға аттап, дем аламыз, бір қатар артқа аттап, дем шығарамыз. Жануарлардың жүрегі соғады. Екі қадам алға, екі қадам артқа қадымда. Рахмет.
2. Жаттығу. «Ойлануға арналған балықтар»
Біз бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреуіңе «балық аулауды» ұсынамын. Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», себеттен аяқталмаған сөйлемі бар карточканы алады да, өз сөздерімен аяқтайды. Карточкадағы сөйлемдер:
Ең үлкен қорқыныш – бұл... Мен мынадай адамдарға сенбеймін...
Мен ренжимін, егер... Мен ұмытпаймын, егер...
Маған көңілсіз, егер... Егер маған дауыс көтерсе, мен...
Мен қарсыласқанда... Егер мен сенімсіз болсам, онда...
Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда, сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне талисмандар ойлап табатын. Сол секілді бүгін біз өзімізге қолдау ойлап табатын боламыз.
- Рахмет.Әрбір жүректен шыққан жақсы сөз біз үшін жайлы атмосфера қалыптастырады. Қазір, сендер әрбір столда тұрған геометриялық фигураларға назар аударып, әркім өзіне ұнаған фигураны таңдайды.
Психогеометриялық фигуралар
4237661980400319890198040015822435369600309398980500
Міне, біз өзімізге ұнайтын фигураларды таңдап алдық.
Тапсырма: Әрбір топ мүшелері өздері таңдаған фигураның нені білдіретінін, неге осы фигураны қалағанын айтасыздар. (Оқушылардың болжамдарынан кейін, осы тестің мақсатын түсіндіру).
3751617602200И. Панарин тестісі бойынша.
-13073437642800 - Таңдаған лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін, басқарушылық қабілеті басым жандар.
- Өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.
-14536418155800
- Таңдағандар жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш жандар.
-16731011955800
340337929800Осы 5 фигураның ішіндегі өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісуге даяр тұратын жандар.
Таңдағандар, шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар.
Әркім өзін И.Панарин тесті бойынша таныдық. Енді, сіздерге келесі тапсырма беріледі.
Өздеріңізді нақты бағалау үшін, өзін-өзі шынайы тану үшін тақтада адам бойындағы 10 асыл қасиеттердің жазылғанын көріп тұрсыздар. Олар:
адалдық, еңбекқорлық, табандылық, сенімділік, қайрымдылық, кішіпейілділік, ұқыптылық, шыдамдылық, ақжарқындылық, кеңпейілділік.
Тапсырма: Осы 10 асыл қасиеттердің ішінен:
Өзіңе ұнайтын 7 қасиетті дәптеріңе теріп жаз!
Енді таңдалған 7 қасиеттің ішіндегі өз бойыңда бар қасиеттерді белгіле!
Мына формуланы қолдана отырып өзіңнің сапалық қасиеттеріңді анықта!
С= А/7 * 100% . Мұндағы: С - Өзін-өзі бағалау деңгейі;
А - Шынайы бойында бар қасиет; 7- Өзіңе ұнайтын қасиет
Нәтижесіне талдау жасайық:
10-20 – төмен; 30-50 – орташа
60-70- ортадан жоғары; 80-90- жоғары; 100- өте жоғары.
Әр оқушы өз жұмысын өзі тексереді. Нәтижесін айтпауға болады.
Тіршілікте құрыштай бол төзімді
Сан мәртебе алдаса да өзіңді
Тағдырыңды еш уақытта жазғырма
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған
Өрге жүзген өнегелі ісімен
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен. Әбунасыр әл-Фараби
Енді, негізгі жұмысымызға көшейік.
ІІІ. Коллаж «Менің таңбам»
349059517945100051511201790700Өзімді жақсы сезінетін орта
00Өзімді жақсы сезінетін орта
36893501839595Мен жақсы істей аламын
00Мен жақсы істей аламын
506476017919700015 ғасырдың екінші жартысында Еуропалықтар қоғамдағы өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемалар пайдаланған. Атақты адамдар өз таңбаларын мақтан тұтқан. Бұл таңбадан адамның жеке ерекшеліктерін, отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба – негізгі қалқан болып табылған. Қалқан – қиын кезде қорғаныш, көмекші. Қазір әрқайсысымыз өзімізге таңба жасаймыз. Ол үшін сендер таңба бейнесі бар парақтар аласыңдар, ол бес бөлікке бөлінген. Сендер ең бірінші нені істей аласыңдар, соны бейнелеу керек. Екіншіден - өздеріңді жақсы сезінетін жер (отбасы, мектеп, достарыңның ортасы, т.б.). Үшіншіден – ең үлкен жетістігім. Төртіншіден – сенімді үш адам. Осының бәрін сөз, сурет, символ арқылы көрсетіңдер. Бесіншісінде - өзің туралы естігің келетін үш сөз. Бұл тапсырманы бірден орындау қиындау шығар. Сондықтан, сабақ барысында асықпай ойланып жасай беріңіздер.
506476059690Мен сенетін үш адам
00Мен сенетін үш адам
3824605123190Ең үлкен жетістігім
00Ең үлкен жетістігім


4261734184785Өзім туралы естігім келетін үш сөз
00Өзім туралы естігім келетін үш сөз



Ойлануға арналған мәлімет.
ТАМАША ӨМІР СҮРУДІҢ 10 КІЛТІ
     Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Мұны сол елдің азаматтары сөздерінің арасына қосып, әңгіменің көркін келтіріп жатады. Филип Е.Хумберт деген атақты психиатр, профессор «Адамдарға бақытты ғұмыр кешудің кілтін 10 тармаққа қарастыратын болсақ, қандай сөздерді таңдар едім» деген тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп мынадай қорытындыға барған екен:
1. Өзіңді таны – Сократ. Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады
2. Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта – Мәулана. Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.
3. Ең жоғарыда ғашықтық бар – Азиз Паул. Үнді ырғаққа айналдырған ғашық-дүр. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды.
4. Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады – Альберт Энштейн.
Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру,істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету. Боббю Кенедидің айтқанындай: Адамдар дүниеге қарап «Не үшін?» деп сұрайды. Мен басқа бір дүние жайлы ойлап «Неге ондай болмасын?» деп сұраймын.
 5. Асқан әдемілік көзді шығармаса керек – Мае Вест. Тамаша өмірді неге рахаттанып өткізбеске. Бақытты бөлісу керек. Өмірді сүйіспеншілік сезімі одан сайын қызыққа айналдырады. Жанның ырғағында «қанекей алға, өзіңді көрсет» деген леп бар. Тәкаппарлық емес, ұмтылыс!
6. Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі – Сун Цзу.
Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарылай береді.
7. Не істе не істеме. Сынауға болмайды! – Иода.
Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады.
8. Кемелдік, қосатын нәрсе қалмаған кезде емес, алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады – Антуан де Сент Экзьюпери.  
Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы да ... Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман-тілектеріңнің тізімін азайт. Егер азайтатын болсаң, жетістікке жетесің. Ол күн-нің сәулесіне лупа ұстаған сияқты болады, егер сәулені жинақтай алмасаң өмірді жаға алмайсың.
9. Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең қабілетің түкке де жарамайды – Эмиль Зола.         
Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады.
10.Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұғжиза (мұқтаж) емес сияқты өмір сүру ... Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты (мұқтаж) өмір сүру – Алберт Эйнштейн.          Шүкір етуді ұмытпау керек! Ф.Тайтелиев
Құдық туралы әпсана
Бір күні есек құдыққа құлап кетті де, бар даусымен ақырып, көмекке шақыра бастады. Оның айқайына қожайыны жүгіріп жетті де, қолын бір сілтеді. Өйткені есекті құдықтан шығару мүмкін емес еді.
Қожайын: «Менің есегім қартайды, өлуі де жақын. Мен бәрібір жас есек сатып алайын деп жүр едім. Ал мына құдық болса, өте терең, мен жаңа құдық қазуды баяғыдан ойлап жүр едім. Маған неге екі қоянды бір оқпен атып алмасқа – ескі құдықты топырақпен толтырып, есекті де көміп тастайын», - деп ойлады. Көп ойланбастан көршілерін шақырады.
Бәрі қолдарына күрек алып, құдыққа топырақ лақтыра бастайды. Есек не болғанын бірден түсініп, бар дауысымен ақырады, бірақ оған ешкім көңіл аудармай, құдыққа топырақ лақтыруды жалғастыра береді. Біраздан кейін есек үнсіз қалды. Қожайын құдықты қараған кезде өз көзіне өзі сенбеді, есек арқасына топырақ түскен сайын сілкініп, аяқтарымен таптай берген екен.
Ең соңында басқаларды таң қалдырып, есек құдықтан секіріп шықты. Бұлай боларын ешкім күтпеген еді...
Мүмкін сіз де өміріңізде талай қиындықтарды бастан өткерген шығарсыз. Болашақта өмір сізге жаңа қиыншылықтарды жіберуі мүмкін. Әр уақытта сізге кезекті ауыртпалық түссе, сіз оны сілкіп тастап, соның арқасында одан да биікке көтерілуіңіз мүмкін емес пе?
Әрбір шешімін таппай тұрған мәселе- бұл сізге өмірдің лақтырған қатты тасы десек, сіз осы тастардың үстінен аттап өтіп, күтіп тұрған қатты дауылдан құтыла аласыз.
Қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:
Өз жүрегіңізді жек көрушіліктен босатыңыз - өзіңізді ренжіткен адамдарды кешіріңіз.
Өз жүрегіңізді толқулардан босатыңыз – олардың көбі пайдасыз.
Қарапайым өмір сүріңіз, барға қанағат етіңіз.
Істеген жақсылығыңызға мақтау күтпеңіз
Сіз басқаларға қалай қарасаңыз, өзгелер де сізге солай қарайтынын ұмытпаңыз.
Тыныштық сәті. Бейнеролик «Өмір сабағы көбелек мысалында»
Оқушылармен бірге бейнеролик тамашалау. Іштей ойлануға мүмкіндік беру.
Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру
Оқушыларды сөзге тарту. Бейнероликте айтылған ойды өрбіту, оқушылардың көзқарасын білу.
Өміршеңдік ережесі
Жігер деген – Мен
Күш деген – Мен
Махаббат деген – Мен
Кешірім деген – Мен
Құдірет деген – Мен
Жасөспірімдік деген – Мен
Жастық шақ деген – Мен
Денсаулық деген – Мен
Адалдық деген – Мен
Жарқындық деген – Мен
Бар ғажайып деген – Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
Тренинг-сабақты қорытындылау. «Менің таңбам». Оқушылар презентациясы.
- Оқушылар! Енді, сабақтың басында берілген тапсырмамызды аяқтайық. Өз қалауларың бойынша, ортаға шығып өз таңбаларың жөнінде әңгімелеп беріңдер.
- Біз дайындаған жұмыс өзімізге көмектеседі. Осыны әрқайсысымыз есімізде сақтауымыз керек.
- ішің пысқан кезде өзің істей алатын жұмысты еске түсіру;
жалғыздықты сезгенде өзіңнің ойларыңды бөлісе алатын адамдарды еске түсіру;
- өз жетістіктеріңді еске түсіріп, сенімді түрде тағы қандай жетістікке
жете алатының туралы ойлан;
- өзіңе жайлы, демалатын жерді ойла;
- Өзіңді нашар сезінгенде, ренжіп, қорыққанда, қапаланған кезде рухыңды көтеру үшін өзің туралы естігің келетін үш сөзді дауыстап айт.
V. Рефлексия.
1. Біздің сабақтан өздеріңе қандай жаңа нәрсе алдыңдар?
2. Сендерге не ұнады, не ұнамады?
3.Қалай ойлайсыңдар, таңба нашар көңіл-күйді жеңе білуге, өз күшіңе сенімді болуға көмектесе ме?
VІ. Қоштасу «Шеңбер бойымен қол соғу»
Жүргізуші: Сендердің таңбаларыңның екінші жағы таза, сондықтан қоштаспас бұрын мен сендерге бүгінгі күннің ұранын сыйлағым келеді. Оны таңбаның екінші жағына жазуға болады. Кімге қандай ұран бұйыратынын білмеймін, бірақ бір сөз өмірді өзгертеді немесе өмірлік серік болады. Ұран түрлі-түсті кішкентай таңбалар сыртында орналасқан. Қатысқандарыңа рахмет, барлығыңа жақсылық тілеймін.