?стаз — ?лыларды? ?лысы. Ашы? т?рбие са?аты
Күні:
Тобы: "Сұңқар"
Тәрбиеші: Абсұлтан Ж.
Тақырыбы: «Ұстаз — ұлылардың ұлысы»
Мақсаты: 1. Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету;
2. Ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге тәрбиелеу.
Түзету жұмысы: Есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Түрі: Ашық тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, видеоролик, интербелсенді тақта, шарлар, слайд.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Кіріспе:
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға!
Ұстаз, ұстаз, қасиетті есімің,
Құттықтайды барша халық осы күн,
Өзің берген біліміңе қандырып,
Талай ұлан шәкірттерді өсірдің.
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс, береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,
Өмір – думан, бақ әкелсін мереке!
Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз! Әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер!
ІІІ. 1 - жүргізуші. Қуандық
Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!
2 - жүргізуші. Сәния
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Қуандық:
Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
Сәния:
Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!
Екі жүргізуші бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән. « Мереке» Орындайтындар - Қуандық, Сәния
Сәния:
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Қуандық:
Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ән: "Ұстаздарым - асылдарым" Орындайтындар - Алма, Нұрасыл, Бибінұр
Слайд көрсетіліп тұрады
Сәния:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсемдейдікүнге де қолсозғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
Қуандық:
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Сәния, екеумізҰстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.
1-оқушы:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.
2-оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласыноқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.
3-оқушы:
Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыланам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!
4-оқушы:
Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойынақұйдыңақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.
Қуандық: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Сәния:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,- дей келе шәкірттеріңіздің өздеріңізге арнаған жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.
Видеоролик құттықтау
Қуандық: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
Әзіл – қалжың отауы.
Оқушылардың көрінісі
Ән. "Ұстазым" Орындайтын - Мақсұт Лаура
Қуандық: Сәния, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
Сәния: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
Қуандық: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.
Сәния: Ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.
Сұрақтар:
1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Олқай сан? /Жүз/
3. Желсоққанда тау ық бола ма? /Ықболады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
Қуандық:
Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.
№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?
Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.
Сәния:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
Қуандық:
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
Сәния:
Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол - аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар!
Ана туралы ән. Орындайтын: Ақханым және Бибінұр
Сәния:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.
Ән. "Ұстазым - ұлағатым". Орындайтындар - Таңшолпан және Ақханым
Қуандық:
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әріөткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
ІV. Қорытынды:
Мұғалімдік - ең құрметті мамандық,
Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.
Ұстаздардан адамзатқа таралған
Мол мейірім, ізгілік пен адалдық.
Бар тәлімін беріп елдің жанына,
Бір кездері қырауланар шашы да.
Ұстаз адам ұстаз болып қалады,
Қол соқтырып заман менен ғасырға, - дей келе сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы жас буынға дұрыс бағыт-бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін демекпіз! Осымен "Ұстаз — ұлылардың ұлысы" атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды, уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет, сау - саламатта болыңыздар!