Б?лімі: Музыка. Та?ырыбы: «Білімі?-б?ла?ым»
Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлімі: музыка
Тақырыбы: «Білімің-бұлағым»
Мақсаты: Балалардың музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуКөрнекілік: алғашқы білім күні туралы суреттер
Сөздік жұмыс: білім
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті Есеп
Мотивациялық - қозғаушылық Алғашқы ән-сабағында лайық көтерінкі көңіл күймен,жарқын музыка үніне лайық қадаммен музыка залына келеді.
Міне, бүгін жазғы демалыс аяқталып, оқу іс-әрекетінің басталған күні. Бір жасқа үлкейіп, өсіп, жаңа топқа келіп отырсыңдар. Қадамдарың құтты болсын, дендерің сау болып өсе беріңдер Балалар көңіл әуенмен залға келеді
Балалар жазғы демалыстары туралы әңгімелеп береді Ұйымдас-
тырушылық ізденістік
Балалар, бүгін алғашқы білім күні. Осы кезден дүниені жан-жақты тани, көре, сезіне білулерің қажет. Біздің қазақ халқы кең далада жүріп, қазақтың киелі аспабы- домбырамен ұшқан құстың, табиғаттың, адамның бойындағы түрлі-түсті құбылыстарды ұғындыра білген. Күй – қазақтың ертеден келе жатқан аспаптық музыкасы.
Музыка тыңдау: «Қосалқа» Дәулеткерей
Балалар, музыка қандай көңіл күйде жазылған?
Күйді ести отырып, көз алдыңа нені елестеттіңдер?
Күй тыңдай отырып, белгілі бір оқиғаны елестетуге бола ма? Бұл күйді композитор әсем көріністі суреттеген. Сыңғырлаған қыздардың шашбауларын, сырғаларын, әсем жүрістерін суреттеген. Балалар домбыра туралы,күй туралы мәліметтер алады
Балалар музыканы тыңдап болғасын, өз әсерлерін жеткізуге тырысады
Ән айту: «Білімің- бұлағым» (Музыкасымен сөзін жазған Т.Қоңыратбай).
Білім деген сөздің өзі дүниені,әлемді, табиғатты тану, білу. Білімді адам- жан- жақты адам . Көп үйрену, көп білу- сауаттылықты арттыру. Бұлақ- таусылмайтын ағын су. Сондай білімді болу қажет. Би «Жұптасу биі»
Балалар жұппен қимыл жасап, әуенді тыңдай отырып, әуенге ілесе қимылдар жасайды. Білім туралы білгендерін жеткізуге тырысады. Бұлақ сөзінің мағынасын естерінде сақтайды
Балалар екі топқа бөлініп, ойынның мәтінін әуенмен айта жүріп, ойынды жалғастырады.
Балалар әуен мен бірге қимылдар жасауға тырысады Рефлексиялқ –түзетушілік Бүгін қандай күн?
Бүгін қандай музыка тыңдадыңдар?
Күй дегеніміз не? Балалардың жауаптары Күтілетін нәтиже:
Біледі: білім не үшін керек екенін, білімді адам қандай болатынын біледі.
Игереді: «білім», деген сөздерді
Меңгереді: халық әуенін орындай отырып, қимылды ойын ойнауды, жұптаса би қимылдарыян жасау дағдыларын