План урока по казахскому языку на тему С?йлеу м?дениеті (6 класс)
Cабақтың қысқа мерзімді жоспары
Пәні: қазақ тілі, 6-сынып Күні:
Тақырыбы: Тіл мәдениеті. Көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті
Мақсаты Тіл мәдениеті туралы түсінік алып, оның түрлерін және көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін үйренеді.
Күтілетін нәтиже А. Күнделікті қарым-қатынаста және көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті ережелерімен танысады.
В. Өз ойларымен бөліседі, ережелер шығарады.
С. Шығарған ережелерін сынайды, өз ойын дәлелдейді.
Керекті жабдықтар оқулық, нұсқаулық, жұмыс дәптері, ресурс парақтары, АКТ интернет желісі, слайд, 6 түсті қалпақ, маркер, флипчарт, бағалау парағы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Оқушылармен амандасады.
Оқушылар сурет қиындыларын үлестіреді. Бөлшектерді жинап, біртұтас сурет құрастыру керектігін түсіндіреді.
5 минут Мұғаліммен амандасады.
Сурет қиындыларын жинақтау арқылы бір топқа бірігеді (аралас деңгейлі).
Тұсау-кесер
Сұрақ қойылады.
- Алдарыңда пайда болған суретке қарап, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?
Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаты, олардан күтілетін нәтиже айтылады. Ол үшін сабақта орындалуға тиіс тапсырмалар көрсетілген бағалау парағымен жұмыс таныстырылады, таратылады. 2 минут Өздерінің жауаптарын береді.
Бағалау парақтарымен танысады.
Негізгі бөлім Ойлануға сұрақтар беріледі.
-Мәдениет сөзі қандай ұғымды білдіреді?
Сенің ойыңша, мәдениеттің қандай түрлері болуы мүмкін?
Мәдениет үйі неліктен солай аталған?
Қалай ойлайсыздар, мәдениетті тұлға деп кімді айтуға болады?
Тіл мәдениеті жайында ресурс таратылады.
Ғаламторды пайдалануға мүмкіндік беріледі.
Уақыт белгілейді. 10 минут
Барлығы 15 минут
Тапсырма. Сұрақ қойылады.
-Көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?
-Көпшілік алдында сөйлеу неліктен қиын?
-Ол үшін адамға не керек?
Көпшілік алдына шығып сөйлеу ережелерін жазу тапсырылады. "Жұптас-Ойлан-Бөліс"
Оқулықтағы ережемен салыстыру айтылады.
10 минут
Сұрақ қойылды.
-Кітап оқудың тіл мәдениетіне қатысы бар ма?
"Кітап оқу керек пе?" тақырыбын талқылауда "Ойлаудың алты қалпағы" әдісін қолданады.
Алға шығып сөйлеу үшін өздері жазған ережелерді басшылыққа алу ескертіледі.
Ойлануға 5 минут уақыт беріледі.
Барлығы 10 минут. Оқушылар ойланып, өзара талқылайды.
Ресурспен, Укипедия сайты мәліметімен танысады, ойларын жинақтап, постерге түсіреді.
Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды. Басқа топтар ауызша "Екі жұлдыз, бір ұсыныс" айтады.
Сұраққа жауап береді.
Жеке, жұптасып, ортақ ереже шығарады.
Оқып береді.
Салыстырып,ұқсастықтары мен өзгешеліктерін көрсетеді.
Жауап береді.
Әр топ екіге бөлінеді.
Бір оқушыны әзірлейді.
Алты қалпақ киген оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Қоры-тынды Өз-өздерін бағалау тапсырмасы беріледі.
3 минут Оқушылар бағалау парақтарын толтырып, өз-өздерін смайликтер арқылы бағалайды, тақтаға өз көрсеткішінің суреті тұсына стикер жапсырады.
Үйге тапсырма Шешендік сөздер оқу. Үй тапсырмасын күнделікке жазады.