Тіл ?лтты? тірегі 5-7 сынып аралы?ы


«Қарақұм орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Тіл- ұлттың тірегі
(сайыс)
Тәлімгер: Г.Хамитқызы
2015-2016 оқу жылы
Тіл - ұлттың тірегі
Мақсаты: Мемлекеттік тілді насихаттай отырып, өзге ұлт тәрбиеленушілерін мемлекеттік тілде жан - жақты тәрбие беру.Балалардың тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, шешендік өнерін, дамыту.Тіл мәдениетінде, достық қарым - қатынасқа ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа өз ұлтын сүюге, өзге ұлт мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: слайд, тіл жайында, айтқан зиялылар сөздері.Барысы:Армысыздар, ардақты көрерменім!Көрсетеді өнерін өрендерім.Біз сайысқа келеміз қадам басыпАлдыменен алайық амандасып.Жұлдыз болып жарқыраймыз.Шырақ болып маздаймыз.Шалқытамыз достарды,Балқытамыз тастарды,Біз жүрегін тоқтатпаймыз өмірдің!Құрметті ұстаздар, мен оқушылар!Бүгінгі тіл құрметіне арналған «Тіл - ұлттың тірегі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!Қазақ тілі қазіргі кезде 15млн. халықтың қарым - қатынас тілі болып отыр. Біздің тіліміз кешегі өткен дана Абайдың, жыр семсер Махамбеттің, шындықтың дәл өзіндей Бауыржанның, ұлы Мұхтардың тілі.Қазір қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алды.Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің де тілі болып отыр. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі орындылығында, өрлігінде, орасан зор байлығында.Туған тіл қасиетін ардақтайық,Сабырмен ойымызды салмақтайық.«Жалын», «Жұлдыз» топтарының сайысына келіңіздер!Біз бастайық!Өнердің нәр береді шапағатыӘркімнің өнерге бар махаббатыТалпынып екі топ шықшы кәнеҚонақтар қошеметтеп қол соғады«жалын» тобының мүшелері:Топ басшысы: Амангелдина Бану
Тұңғатарова Аймен
Дүйсенғали Гауһар«Жұлдыз»тобының мүшелері:Топ басшысы: Аманай Назгүл
Тұрсынбай Райымбек
Қартбай АқберенСайысты бастамас бұрын сіздерді әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейік.Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі: Дүйсенғали ТалшынМДТІЖО: Космуратова ГүлбаршынНешінші болып өнер көрсететініңізді анықтау үшін алдарыңызда тұрған сиқырлы қоржыннан асықты алып, алған нөміріңіз бойынша бүгінгі сайысқа түсесіздер!Сайысымыз 6 айналымнан тұрады.1. Таныстыру.2. Бәйге сұрақтары.3. Тіл өнері4.. Мақал - мәтелдер сайысы5. Жұмбақтар шешу.6. Поэзия минуты.Ендеше барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!1. Таныстыру.Екі топ өздерін таныстыру керек.2.«Бәйге сұрақтары»Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.Берілген сұрақтарға тез жауап беру.«Жалын» тобы.1. Қыс айларын ата. Желтоқсан, қаңтар, ақпан.2. 16 - желтоқсан қай күн? Тәуелсіздік күні3. Біздің Президентіміз кім? Н. Ә. Назарбаев4. Бізге білім беретін кім? Мұғалім.5. Сен қай аспапта ойнайсың? Фортепиано.«Жұлдыз»тобы1. 1 - қыркүйек қандай күн? Білім күні2. Жаз айларын ата? (маусым, шілде. тамыз.)3. Білім ордасы (мектеп)4. Күй атасы кім? (Құрманғазы)5. 30 тамыз қай күн? Конституция күні.Ана тілім қазақ тілім туған тіл.Қасиетті тіліміздің мәнін біл.Ана тілді құрметтеңдер адамдарЗаманға сай өзге тілдің бәрін біл.3. Тіл өнеріБұл бөлімде орыс тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аударып айту керек.«Жалын» тобы.Тетрадь - қаламШкола - мектепСпасибо - рахметЯ учусь - мен оқимынОн пошел в школу - ол мектепке барды«Жұлдыз»тобыДневник - кұнделікУчитель - ұстазДо свидания - сау болыңызЯ собираюсь спать - мен ұйықтайын деп жатырмынОна любит петь - ол ән айтуды ұнатады.«Қазақтар шешен келеді; олар мақалдап сөйлейді, жәй сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады» деп В, Радлов айтқандай енді мақал - мәтел сайысын бастайық!4. мақал - мәтелдер сайысыӘр топ 4 мақалдан айту керек.5. Жұмбақтар шешу.Ал, балалар мен әр топқа 3 жұмбақтан жасырамын, сендер шешуін табуларын қажет.«Жалын» тобы.1. Тілі бар, үні жоқӨзін адам түсінгенЖүрегі бар да қаны жоқСөйлеп тұрған ішінен ( кітап)2. Өшірді. сүрттіӨзін де құртты (өшіргіш)3. Тарыдай боп кіресінТаудай боп шығасын (мектеп)«Жұлдыз»тобы1. Аяғы біреу, қолы жоқШиыр-шиыр жолы көпӨзі сөйлей білмейдіСалған ізі сөйлейді ( Бор)2. табаныма байладымҚос аяқпен айдадым (шаңғы)3. Үй бағады үрмейдіАяғы жоқ жүрмейдіРұқсатсыз ол иттенАдам үйге кірмейді (құлып)6. Поэзия минуты.Әр топ басшысы өзінің сүйікті ақын жазушыларының шығармаларынан үзінді оқуы қажет.Үш бақытым М. Мақатаев. «Жалын» тобы. Туған тілім. Дихан Әбілов. «Жұлдыз» тобы Әділ қазы алқасы өз шешімін шығарғанша біз қатысушыларымыздың өнерін тамашалаймыз!«Өнер - адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» деп орыс жазушысы Лев Толстой айтқандай:Бойларында от бар екен байқадым,Жүректерде шоқ бар екен байқадымӘрқашанда осы шоқты өшірмейЖалындатып шарықтаңдар әрдайым!Әділ қазылар шешіміМарапаттау.«Қош демейміз әлі талай сайыстар барӨнерлерің өрлей берсін қайыспаңдарОйлы орта кеңейсін күннен күнгеӨскен елдің жұртынан қалыспаңдар!» дей отырып бүгінгі сайыс кешімізді аяқтаймыз.Сау болыңыздар