Презентация по казахскому языку на тему Тама?тану м?дениеті ( 7 класс)
7 «д» сыныбы
Қазақ тілі
Мұғалім: Успанова Г.Р.
Сабақтың тақырыбы: Тамақтану мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын кеңейту;
Дамытушылық: Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыны шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы болуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: Тамақтануға байланысты мақал-мәтелдер, плакат-суреттер, сөзжұмбақтар, интерактивтік тақта.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, көрнекілік әдісі.
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.
Сабақтың өткізілу барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сайыстың жоспары:
1) Сәлемдесу;
2) Викториналық сұрақтар;
3) Үй тапсырмасы (Зиянды тамақ өнімдеріне анти жарнама)
4) Презентация
5) Ақыл - кеңестер
6) Тапсырмалар
1) Сәлемдесу. Бір-бірлерімізге жылы лебіз, жылы тілек айту.
2) Викториналық сұрақтар. Әр топ берілген тапсырмаларға жауап береді.
І топ
1. Дұрыс тамақтану тәртібін атаңыздар;
2. Тамақтану мәдениеті деген ұғымды түсіндіріңіздер;
Витамин
Қандай тамақтың құрамында болады?
Қасиеті
В, С
ІІ топ
1. С,А,В витаминдері жетіспесе қандай ауруларға ұшырайды?
2. Пайдалы және пайдасыз тамақ дегенді қалай түсінесіздер?
Витамин
Қандай тамақтың құрамында болады?
Қасиеті
Д, Е
3. Үй тапсырмасын тексеру. ( Зиянды тамақ өнімдеріне анти жарнама).Әр топ өз жарнамасын қорғайды.
4. Презентация. Әр топ дайындап келген презентациясын көрсетеді.
5. Плакаттар сайысы. Әр топ бір-біріне ақыл –кеңес береді. Ақыл –кеңестерін плакатқа жазып көрсетеді.
6. Тапсырмалар: А). Ой толғау:
І топ.«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір» - деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
ІІ топ. «Ат - адамның қанаты, Ас - адамның арқауы» - деген мақалды түсіндіріңдер.
Б). «Асқа отырмас бұрын мен не жейтінімді ойланамын»Денсаулыққа пайдалы тағамдар суретін салыңдар, бояңдар, мүсіндеңдер.
В). Ойын. «Денсаулықты не пайдалы, не зиянды құртады»Денсаулық елінде қандай тағамдар жейтінін таңдаңдар:Пайдалы тағамдар: Пайдасыз тағамдар:Балық ФантаАйран Тұзды майғаГеркулес ҚуырылғанСүйық май Майлы етСәбіз ТорттарПияз ШоколадтарОрмажапырақАлма, алмұрт
Қорытындылау. Тест
«Ас - адамның арқауы» (оқушыларға арналған сауалнама )1. Тамақтану барысында не белгілеу керек?1. тәуліктік кесте2. кітап оқу, теледидар көру3. ұйықтау2. Тәуліктік ас мәзірі әр түрлі болуы қажет пе?1. иә2. жоқ3. Тәулігіне неше рет тамақтану қажет?1. бір рет2. екі рет3. үш немесе төрт рет4. Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты1. иә2. жоқ5. Тамақтану процесі туралы қай дәрігерден кеңес сұрау қерек?1. стоматолог2. хирург3. диетолог6. Тамақтандыру адамның денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді1. иә2. жоқ7. Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады1. иә2. жоқ8. Тамақтанудың санитарлық - гигиеналық нормаға сай болуы қажет1. иә2. Жоқ
Бағалау. Мұғалім жеңімпаз топты марапаттайды.
Рефлексия:
Тағамданудың «алтын ережелері»• Ең бастысы- артық тамақ жемеу.• Бір уақытта ағзаға пайдалы жеңіл және әзірленген тамақ ішіңдер.• Тағамдарды толық, дұрыс шайнамай, жұтуға асықпаңдар.• Тамақ ішер алдында 6 рет іштен тыныс ала отырып, ішіңнен осы тамақты әзірлеген адамдарға алғыс айтыңдар.
• Майлы тамақтан тартыну.• Өте тұщы және ащы тамақтардан сақтаныңыздар.• Тәтті көп, ал денсаулық біреу.• Жемістер мен көкөністер- пайдалы тағамдар.