К?з Бірінші кіші топ
Бірінші кіші «Ақбота» тобы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Қатынас»күні: 26.09.2016ж
Кіші саласы: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Күз
Мақсаты:Балалардың «күздің ерекшеліктері» туралы әңгімелеу. Ел байлығы астықтың жиналуы, пісуі,оның дастарқанға келіп түсуі жайлы түсіндіру.
Алдын ала жұмысы:Күз туралы әңгімелесу,сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Сөздік жұмысы:Ел байлығы,астық.пісуі,салқын,жаңбыр.
Дидактикалық құралдар:суреттер.
Іс-әрекет кезені Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балалардан қазір қай жыл мезгілі екенін айтуға ұсыну. Балалар тәрбиешіні тындайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс Тәрбиеші балаларға суретті көрсетіп балалардан сұрайды.
Ия дұрыс күз мезгілінде ел астық піскен астықты жинайды.
Күз мезгілінде тағы не піседі?
Халық астық жинап болғаннан кейін ауылда сабантой жасайды.
Сергіту сәті
Күз келгенде тамаша
Ән саламыз жараса
Жеміс жидек піскенде жейміз оны таласа.
Ал балалар міне күзде бәрі піседі,адамдар онымен не істейді?
Ал ормандағы жануарлар оларда қыс мезгіліне дайындалады,мысалы тиін жаңғақтарды жинайды.Кірпі саңырауқұлақтарды жинайды.
Күз мезгілі өте жақсы өйткені біз бәріміз астықтың піскенін күтеміз. Балалар суретке қарап сурақтарға жауап береді.
Жемістер, көкіністер.
Балалар денелерін шыңықтырады.
Қыс мезгіліне дайындайды,тұздайды,пісіреді.
Рефлестік тузету
Қозғалыс ойын «Қолшатыр»
Музыка ойнады көңілді дыбыс содан кейін жаңбырдың құйылған дыбысы қосылады.
Тәрбиеші балаларға су шашырады,сол кезде балалар қол шатырдың астына тығылу керек. Балаларды барлықтар шығып көңілмен қатысады.
Балалар қолшатырдың астына тығылады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Балалардың «күздің ерекшеліктері» туралы әңгімелеу
Түсінеді:. Ел байлығы астықтың жиналуы, пісуі,оның дастарқанға келіп түсуі жайлы түсіндіру.
Қолданады:Сөз қорын молайту, тілдерін дамыту.