Доптар бірінші кіші топ?а арнал?ан ашы? саба?.


Күні: 20.01.17
Тәрбиеші: Бахытжанова Г.З
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Мүсіндеу
Тақырыбы:«Доптар»
Мақсаты:Ермексазды шымшып алу әдісі және домалақ,жұмыр мүсін туралы мағлұмат беру ермексазды алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгеру тілдерін дамыту саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қимылын жетілдіру ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын,мүсіндеу
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер:Түрлі түсті допттардың суреттері, қызыл,сары,жасыл,көк түсті ермексаз,тақтайша, ермексаз кесуге арналған құрал, сүлгі,доп.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Жұмыр заттар, түрлі түсті доптар,доп туралы әңгімелер өткізу.
Сөздік жұмыс: домалақ.
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардын іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері:
Домала доп,домала
Балшыққа тек жолама
Жек көремін оныңды
Бүлдіресің қолыңды- деп, сұқ саусағымен допқа ренжіген сыңай байқатады.
Сөздік жұмыс: домалақ.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап шеңбер құрып тұрады.Тәрбиеші жасаған қимыл-қозғалысты қайталап,көңілдері көтеріңкі қалпында оқу қызметі әрекетін жлғастырады.
Қайталайды: домалақ.
Іздену ұйымдастырушы Осы кезде топқа кішкентай Айсұлу қыз топқа жылап кіреді.Сәлеметсіңдерме балалар менім көптеген доптарым бар еді сол доптарымен ойнағым келеді табалмай сендердің шулаған дауыстарыңды естіп сендерге келдім.Балалар сендерде оте әдемі доптарын бар екен менде сендермен бірге осы топтың ішінде көптеген әдемі доптарыңмен ойнағым келеді.Тәрбиеші:Иә Балалар сендер кілемнің үстінде отырып ойнағанды жақсы көресіңдерме? Кілемнің үстіне қараңдаршы сендерді әдемі,доптар күтіп тұр.Сендермен ойнағымыз келеді дейді.Ал сендердің доппен ойнағыларың келеме? Ендеше Айсұлу мен бирге доптармен ойнайык.Олай болса ең алдымен,топтың ішінде доппен қалай ойнау керек екендігі туралы ережені есімізге сақтап алайық.
-Доппен ойнағанда қандай оқыс жағдайлар болуы мүмкін?(допты тым биікке лақтырсақ,жарықты сындырып аламыз,алысқа лақтырсақ терезеге тиігізіп алуымыз мүмкін немесе басқа заттарды құлатып алуымыз мүмкін.
-Олай болса, топтың ішінде доптар мен қалай ойнасақ болады?
Балалар доп қандай болады екен?
Добым,добым дөңгелек,
Тоқтамайсын дөңгелеп-деп айтайықшы.
Балаларға ермексаз арқылы доп жасауды үйрету.(тақтайша,ермексаз,сүлгі)
Балалардан доп туралы тақпақ сұрау.
Сергіту сәті
Балақан-ау,балақан,
Қәне,қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат!
Тәрбиеші жұмысқа кірісуді ұсынады.балалармен жеке жұмыс жүргізеді.Балалар жқмыстарын аяқтап болғанан кейін шеңберге тұрып Нарбұлан жұмбақ жасырады.
Тепсең зымырайды
Қусаң ұстатпайды.(Доп)
Балалар тыңдайды естеріне сақтап алады.
Тәрбиешінің жасаған қимылдарын балалар қайталайды.
Топтын ішінде доптармен бір-біріне дөңгелетіп, бір-бірінің қолына лақтырып,еденге соғып балалар ойнайды.
дөңгелек
балалар қайталайды
Ермексаздан өз қолдарынан доптарын ж
асайды.
Балалар сергіту сәтін жаттығу арқылы қайталайды.
Балалар жұмбақтың жауабын айтып береді.
Рефлексивтік коррекциялаушы Тәрбиеші балалардың өздері жасаған доптарын барлығына көрсетіп,талдайды. Олардың жұмысын мақтап,марапаттайды. Мүсіндеген доптарын тәрбиеші үстеліне әкеліп,барлығы бірге қарайды,доптардың ұқсастығына тоқталады.Өздері жасаған әдемі доптарына қарап,балалардың көніл күйлері көтеріледі.
Кутілетін нәтижелері:
Нені біледі: Доп жасау үшін ермексазды домалақтайды,яғни доп жасайды
Қандай түсініктерді игереді: Доптың домалақ болатынын тусінеді.
Меңгерген дағдылары меніскерліктері:Ермексазды алақанның ортасына салып ырғақты домалақтау әдісін қолданады.