Білім саласы:?атынас Б?лімі:Тыл дамыту Та?ырыбы: «А?ылды заттар»


Күні___________________
Білім саласы:Қатынас
Бөлімі:Тыл дамыту
Тақырыбы: «Ақылды заттар»
Мақсаты:Тұрмыстық заттар жайлы түсінік беру..
Міндеттері:Сөздік қорларын молайту,ойлау қабілеттерін арттыру. Заттарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:ақылды заттардың суреттері.
Сөздік қоры:иегер,атқару,планшет,компьютер.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап,жұмбақ,әңгімелеу.
Кезеңдер Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті + -
Мотивация-лық кезең
Ізденіс ұйымдастыру кезеңі
Рефлексия 1.Шаттық шеңбері:
Балалар жылулық шеңберін құрап бір-бірлеріне жылы сөздер айтады.
2.Кіріспе:жұмбақ жасыру
Теледидарға ұқсайды,
Онымен жұмыс жасайды. (компьютер)
3.Сұрақ-жауап:
-Компьютер ол не?
-Қандай компьютер түрлерін білесіңдер?
4.Жаңа тақырып:
-Бүгін біз сендермен ақылды заттар жайлы әңгімелесеміз. Суреттер арқылы көрсету(компьютерге тоқталу)
-Компьютер не үшін керек?
-Компьютердің бөлшектеріне тоқталып өту.
-Қазір заман дамып барады. Адамдар компьютерді күннен күнге жетілдіріп барады.
-Бұрынғы компьютерлер бірнеше бөліктерден тұрса, қазір сөл бөліктерін бір құралдың ішіне сидырып шығарған.
-Ол зат моноблок деп аталады.
-Компьютерді неліктен ақылды зат дейді?
-Компьютер арқылы біздер не істей аламыз?
5.Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біз бақытты баламыз,
Гүл-гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
6.Дидактикалық ойын: «Ақылды машиналар»
Шарты:таратылған суреттер арқылы әңгімелеу..
7.Қортындылау:
-Бүгін нелер туралы әңгімелестік?
-Қандай ақылды заттарды білесіңдер?
-Адамдар компьютер арқылы не істей алады?
-Өз ойларымен «Менің ақылды затым»атты тақы-рыпқа сурет салу. -жылы сөздер айтады.
-жұмбақтың шешуін табады.
-сұрақтарға жауап береді.
-сұрақтарға жауап береді.
-өлең жолдарына қимыл жасайды.
-зейін қойып ойнайды.
-Сұрақтарға жауап береді.
-сурет салады. Білу:ақылды заттардың пайдалануын.
Игеру:Тұрмыстық өмірдегі пайдасы туралы түсінік алу.
Меңгеру:жаңа сөздерді меңгеріп алу