Кітап-?ажайып дос та?ырыбында?ы т?рбие са?аты


Тәрбие сағатының тақырыбы: «Кітап – ғажайып дос»Мақсаты: оқушыларға оқулықтың шығу тарихынан қысқаша мағлұмат беру, қазіргі заманғы кітап түптеу, баспа орындарымен, кітапханалармен сырттай саяхат жасау арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту; оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу; оқушының білімдік танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру; кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру
Сабақ түрі тәрбие сағаты
Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, шығармашылық
Көрнекілігі: кітаптар көрмесі, ұлағатты сөздер, нақыл сөздер, ақпараттық технология (слайдтар),видео репортаж, әсемдеу заттары
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды 3 топқа бөлу
Психологиялық дайындық
Әрбір адам?-досым, сыныптасым
Әрбір сабақ?-үйрену, оқу, іздену
Әрбір ісің?-тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің?- шындық, бірлік, адалдық
Кіріспе
«Кім тапқыр?» жұмбақтар шешу.
Бір қойым бар , қаны жоқ,
Қанатының саны жоқ.
Адамменен сөйлесер,
Ақылы бар, жаныжоқ.
Тілі бар да, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлей туған ішінен. (кітап)
Бірінші әріп – көзде бар,мұрында жоқ.
Екінші әріп- түсте бар, бұрымда жоқ.
Үшінші әріп-бетте бар, білекте жоқ.
Төртінші әріп- құлақта бар, жүректе жоқ.
Бесінші- П әріпі ақырғысы,
Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы. (кітап)
(Балалар жұмбақты шешеді)
Құрметті балалар, мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын. Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жөнінде болмақ. Кім біледі, балалар! «Кітап» деген сөз қайдан шыққан. Қандай мағына береді? Кітап туралы не білеміз?
Кітап — адам өмірінің таусылмас қазынасы мен дүниенің айнасы, ғылым — білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. (
Кітап – адам баласының ақыл – ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Кітап – араб сөзі. Ол қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді.
«Кітап – ғажайып дос» бейнеролик көрсету
Кітаптың шығу тарихы
Кітап ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%80%D0%B0%D0%B1_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96" араб.: ‎ – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.
Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B8%D1%8F" Грекияда, Римде қыш текшелеріне, тақта тастарға HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D1%8B%D0%BD%D0%B0_%D0%B6%D0%B0%D0%B7%D1%83&action=edit&redlink=1" сына жазуымен жазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%9A%D1%8B%D1%88&action=edit&redlink=1" қыш текшелердің орнына HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%BC%D1%8B%D1%81" қамыс ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D0%BF%D0%B8%D1%80%D1%83%D1%81" папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B8%D1%8F" Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%BF" [1] Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. 105 ж. қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тауып, 13-ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Еуропада қолжазба кітап қауырт өркендеп, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс, т.б. металмен өрнектелді. 15-ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды. Осы заманғы кітап — мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі үлгісінде жасалады
«Кітап қалай жасалады?» бейнеролик көрсету
Кітап туралы қызыты деректер
Агата Кристи – әлемдегі ең атақты жазушы. Оның детективті романдары 100-ден астам тілге аударылған. Жалпы Агата 60 детективті роман, 6 психологиялық роман, 19 әңгімелер жинағы мен 16 пьесаны жарыққа шығарған. Кітаптарының жалпы тиражы 4 миллиардтан астам.
Ең қымбат кітапты француз жазушысы Жозеф Форе жазған. Оның аты – «Апокалипсис». Құны – 100 миллион франк. Ол «Париж заманауи өнер" мұражайында қойылған.
Ең ұзын кітап – «Ғажап». Оның толық ұзындығы – 1856 метр. Ол папирус қағазына жазылып, оралған. Кітаптың авторлары – Кастелло (Италия)
Әлемдегі ең атақты кітап – «Соғыс және бейбітшілік», Лев Толстой. Көрініс: «Оқушы мен оқулық»
Оқушы.
Асыл ойдың иесі, бар ғалымның жүйесі
Қуанышты
Көңілдің, баспалдағы өмірдің
Жан азығым серігім, ардақтамас сені кім?
Кітап.
Күнде өсіп көңілім, көріктеніп келемін,
Көптің тауып керегін, кезінде айтып беремін.
Бірақ білмес парқымды, байқап жүрмін әркімді
Оқушы.
әсерлемей,асырмай, айтып берші жасырмай,
жан азығым, серігім, ренжіткен сені кім?
Кітап.
Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп
Бетімді менің ашады, әңімеге басады
Жолдарымда сызады, шырқымды да бұзады
Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді
Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды
Налымаймын неге мен, бұл секілді пендеге.
Оқушы.
Сені сүймес адам аз
Ақылды көп, надан аз
Ондайлардан түңілме
Сені ойлар түбінде
Кітабыңды құрметте.
Кітапты оқығанда ойға сақтауға, өмірге пайдалануға әдеттен.
Кітапты ұқыпты, таза ұста.
Кітап беттерінің бұрыштарын бүктеме.
Кітап беттерін жыртпа.
Кітапқа сурет салма, жазба.
Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.
Кітап арасына қалам салма.
Кітапты жоғалтып алма. 
Көрініс. «Кітаптың киесі».
Автор: Әсет кітап оқымайтын. Тек ойыншықтармен ойнап, компьютерде отыратын. Кітаптарын жыртып – жыртып, лақтырып тастайтын. Ол таңертең тұрып, анасының кітап арқылы жасаған түрлі – түрлі дәмі тіл үйіретін тағамдарын жеп болып, ойынға кететін. Осылайша алтындай уақытын босқа өткізетін.
Кешкі уақыт болды. Ол әлі компьютер алдында. Әсет «шіркін, менің түсіме періште келсе екен. Ол арманымды орындайтын болса, кітап жоқ болсын дер едім. Кітап деген немене. Әшейін-ақ зат, оқитын түгі жоқ.» деп ойланып отырып, сол күйінде ұйқыға кетеді.
Кенет түсіне періште келеді. Ол Әсеттен:
Саламатсың ба, балақай! – дейді жай үнмен. Әсет ұйқылы – ояу көзін ашып:
О – о – о, періште! Сәлеметсің бе?, — деді таңырқаған үнмен.
Жағдайың қалай?
Жақсы.
Әсетжан, мен сенің бір ғана арманыңды орындаймын. Өзіңнің қиялыңды айта ғой. Тек жақсылап ойлан.
Менің арманым – кітап жоқ болсын.
Ай, балақай, сен жақсылап ойландың ба? Ойыңды өзгерпеймісің?
Жоқ, өзгертпеймін. Менің жалғыз арманым – осы.
Жарайды, балақай, бірақ кейін өкініп қалма.
Автор: Таң атты. Әсет ұйқыдан тұрып, жуынып келіп, үстелге отырады. Алдына анасы үнемі тамақ әзірлеп қоятын. Бірақ бүгін тамақ жоқ. Неге?
Әсет: Мама, мама! Тамақ қайда?
Мамасы: кітап болмаса, тамақ қайдан болсын?
Автор: Әсет біраз ойланып тұрып, басын төмен салбыратып, мұны
ұмытқандай болып, бөлмесіне кетеді. Бөлмеге келіп ойыншық ойнайын десе ойыншық жоқ. Қайда кетті?
Әсет анасынан: Мама, мама, менің ойыншықтарым қайда?
Мамасы: кітап болмаса, ойыншық қайдан болсын?
Автор: Әсет бұған да көніп, енді компьютер ойнайын десе, компьютер істемейді. Неліктен?
Әсет: Мама, мама. Компьютер неге істемейді?
Мамасы: кітап болмаса компьютер қайдан істесін?
Автор: Әсет өзінің қылығына қатты өкінеді.
Әсет: «Шіркін тағы періште түсіме енсе, мен өмірде кітап болсын дер едім. Әттең, мен өз қолымда болған мүмкіндіктен айрылдым. Кітап қадірін мен неге ертерек ұқпадым екен?» — деп қатты өкінеді.
Автор: Кітап арқылы әр адам әлемдегі бар нәрсені біле алады. Кітап – білім бұлағы. Кітап – асыл мұра, дара тұлға.
 «Жалғасын тап..» ойыны мақал мәтелдің жалғасын табу
Кітап - таусылмайтын байлық.
Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім.
Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.
Кітап-алтын қазына.
Күш-білімде, білім- кітапта.
Кітапсыз үй, жансыз тәнмен тең.
Кітап-асып-таспайтын асыл досымыз.
Кітап оқудан тыйылған адам, ойлаудан да тыйылады.
Жақсы кітап-жан азығы.
Топпен жұмыс
1-топ: кітапты дұрыс ұстау ережесін құру
2-топ: сөзжұмбақ шешу «Кітап»
3-топ: «Кітапхана» сөзінен жаңа сөздер құрап жазу
«Даналық сөздер»
Наданмен қас болғанша, Кітаппен дос бол.Бауст. Кітап — асып-таспайтын асыл досымыз.Гюго. Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей.Толстой. Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал.Коменский
Артық ғылым кітапта,
Ерінбе оқып көруге.Абай
Кітап маған тақтан да қымбат. Шекспир.
Кітап-әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі. Горький.
«Білім көзі - кітапта» әдеби-монтаж
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған дүние-мүлік
Ақылшы, жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысақ кітап сырын ашып терең.
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жайып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын  ой-өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Кітаптар бейне жапырақ
Жырлайтын сырын өмірдің
Оқисың кейде жаттап
Көтеріп күйін көңілдің
Айдын шалқар кейде бір
Кітапты тұнған көл дерсің
Ауадай қажет бейне бір
Таппасаң нәрін шөлдерсіңъ
Білім алар көп адам
Жақсы нәрсе жоқ одан
Қызыға кеп оқимын
Кітапты көрсем жаңадан
Кетпйді ешбір жадымнан
Мектепке бардық күз айы
Тастамай сені жанымнан
Қолтықтап жүрдім ұдайы
Достарға толы маңайым
Татулық тәтті бәрінен
Ерекше сені санаймын
Құшақтап жүрмін мен әлі.
Ұсынған қойынан
Білімнің үлесін
Шықпайды ойыңнан
Досың ғой білесің
Бұл не?
Бұл –кітап.
Бәрін, бәрін білесің,
Оқи берсең кітапты.
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сансыз ағаш саялы
Қағаз үшін кесілген
Ағаш кесіп қанша адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған
Ағаш тиеп үнемі.
Жүргізуші боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы.
Сол ағашты тасыған,
Білер ме көп ағаны?
Заводтарда күн*-түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Әдемілеп берем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды?
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама
Жазады ұзақ толғанып.
Кітапханашы Алиева Жадыра апаймен сұхбат
Қорытынды Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау-бәріміздің міндетіміз. Бізде кітаптары қапталған, өте таза, ұқыпты ұстайтын оқушылар да арамызда бар. Олар жауапкершілікті түсінген оқушылар. Кітабың сенің,құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
Кітабыңды құрметте,
Күтіп ұста құрметте.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.