?аза? тілінен Тіл та?дыры ел та?дыры ма?ал-м?тел сайысы
«Тіл тағдыры –ел тағдыры» атты мақал –мәтелдер сайысы
Мақсаты:
1. Құрметті оқущылар “сөз мәйегі-мақал” дегендей ата –бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке,ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету,ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру.,сөздік қорың молайту.
2. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу
3. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру, қазақ тілін
құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: нақыл сөздер, қосымша материалдар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе сөз:
-Құрметті оқушылар,бүгін сендермен "Тіл тағдыры –ел тағдыры" деген тақырыпта мақал-мәтел айтудан жарыс өткізгелі отырмыз.
Мақал-мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады,өйткені мақал-мәтелді сендер мектепке келген күннен бастап үйренесіндер. Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қөлданатын адамдардың білімі де ,ақылы да арта түседі. Олай болса мақал-мәтел сайысымызды бастайық.
ІІ. Барысы:
1-бөлім. Сұрақ-жауап сайысы. Шарты: Қойылған сұрақтарға тез жауап беру. - Мақал-мәтелдер деген не? - Мақал-мәтелдердің адам тәрбиелеудегі ролі қандай? - Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай? - Мақал-мәтелдер нені сынайды? - Мақал-мәтелдердің көлемі қандай?
2-бөлім. ”Жалғасын тап” деп аталады.
Туған жердей... болмас,
Туған елдей ... болмас.
Отан – ... анасы
Ел – ... анасы.
Ел іші алтын...
Өз елің - алтын бесігің.
Отан –... да ыстық.
Отансыз адам,
... бұлбұл.
3-бөлім. Мақал-мәтелді дұрыс құрастыр
етсең, ерінбей, қарның, тіленбей, Еңбек, тояды
арзан, білу, Білім, қымбат (Білім арзан, білу қымбат)
тоқу, Оқу, түбі .
Денсаулық, тазалық, кепілі (Денсаулық кепілі тазалық )
4-бөлім. Мақалдың жалғасын тап: Шарты: Көп нүктенің орнына керекті сөздің баламасын қазақ, орыс және ағылшын тілінде табу. (Әр дұрыс жауапқа екі фишка беріледі.) 1) ………. – инемен құдық қазғандай. (оқу, учеба,study) 2)Оқусыз ……. жоқ , білімсіз күнің жоқ. (білім, знание,knowledge) 3)Ашу дұшпан, ақыл - ……… (дос,друг,friend) 4)Не имей сто рублей, а имей сто ………(друзей,досың, friends)
ІІІ. Қорытынды. (толғаныс) 1.Бүгінгі сайыс сендерге ұнады ма? 2.Сайыс қалай өтті? 3.Мемлекеттік тілді үйренуде мақал-мәтелдерді білу не үшін қажет?
Туған жердей... болмас,
Туған елдей ... болмас.
Отан – ... анасы
Ел – ... анасы.
Ел іші алтын...
Өз елің - алтын бесігің.
Отан –... да ыстық.
Отансыз адам,
... бұлбұл.
етсең, ерінбей, қарның, тіленбей, Еңбек, тояды
арзан, білу, Білім, қымбат (Білім арзан, білу қымбат)
тоқу, Оқу, түбі .
Денсаулық, тазалық, кепілі (Денсаулық кепілі тазалық )