Ма?ала Біліктілікті арттыру курсыны? пайдасы мол
Біліктілікті арттыру курсының пайдасы мол
«Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді»
Француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссо нақыл сөзі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында басты мақсатымыз – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы, ол «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, яғни еліміздің жаңа дәуірдің кемел келбеті деген. Ал сол 30 ел қатарына ену үшін, еліміздің болашағы жастардың қосар үлесі орасан зор болмақ. Бүгінгі жастар – «Мәңгілік елдің» болашағы. Болашағымыз жастарды тәрбиелеуде біз ең алғашқы баспалдақ мектепке дейінгі ұйымдардан бастаймыз, яғни мына өскелең ұрпақ сәбилерден бастаймыз. Ал сол ұрпақтың тәрбиеліде білімді болып шығуы мына біздер, яғни тәрбиешілер мен ұстаздар қауымының қолында. Тәрбиешілері мен ұстаздары қанша білікті, тәжірибелі болса тәрбиеленушіде білімді болып шығары сөзсіз. Саналы да сапалы болашақ алу үшін біз әрдайым жаңашылдыққа, жаңалықтарға құлақдар болуымыз керек. Өзіміздің заман талабына сай білімімізді жаңартып біліктілігімізді арттырып отыруымыз керек. Қазіргі дамыған заманда көптеген заманауи техникалар және технологиялар, әдіс – тәсілдер дамып жатыр. Әр ұстаз сол жаңалықтардан құр қалмай, білімді ұрпақ тәрбиелегісі келсе білімін жаңалап отырғаны абзал. Осы қысқа мерзімді курс барысында сол жаңа әдіс – тәсілдердің куәсі болдым. Осы қысқа мерзімді курс барысында маған дәріс беріп, өз тәжірибесімен бөліскен әріптестерімнің арқасында өз бойыма көптеген тәжірибелер жинақтадым. Сол дәрістер ішінде маған аса қатты ұнағандарына тоқтала кетсем дәріскер Жеткенбаева Р. Т. «МДШО тиімді педагогикалық топтың кәсіби дамуында сыни ойлауды дамыту әдістерін қолдану» атты тақырыпта оқыған дәрісінде «Синквейн» әдісі, «БББ» әдісі, «Белсенді кездесу» әдістері маған қатты ұнады сонымен қатар «тәй-тәй» (step by step) бағдарламасының стратгеияларыменде таныс болдық және келешекте мен бұл әдістерді өз тәжірибемде қолданамын деген сенімдемін. Сонымен қатар Ташетова С., Абзалбек Л., Баяндина Г., Досова Л., және «Алпамыс» бала – бақшасының тәрбиешісі Уйсымбаева мен әдіскері Жаркибаева әріптестеріміздің «Мектепке дейінгі ұйымның денсаулық сақтау кеңістігінде АРТ- терапияны қолдану ерекшеліктері» және «Балалармен сурет салуда дәстүрлі емес техникаларды қолдану» атты тақырыптары бойынша дәрістер өте қатты ұнады. Келешекте оқу орындары мен осы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы арасында көбірек байланыс болып оқытушылар біліктіліктерін сапалы арттырып отырса ел болашағының жарқын боларына сенемін.