?аза?стан тарихынан ашы? саба? ?аза? ханды?ы — Х? — Х?ІІ (7-сынып)


Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі

«Қазақстан тарихы» пәні
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
«Қазақ хандығы (ХҮ-ХҮІІ ғғ)»
тақырыбы бойынша үздік сабақ сырттай байқауы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы.
Сабақтың мақсат міндеттері:
Білімділік.
Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары, ХҮ-ХҮІІ ғасырларда оның дамуы жайында баяндау, хандардың саяси бағыттарын көрсету, сыртқы жаудан елін,жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта отырып,сот жүйесі, салттар мен міндеткерлік түрлері туралы, ұлыс құрылымын, әкімшілік құқықтық нормалардың ерекшелігін көрсету.
Оқушыларға Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік беру.
Дамытушылық.
Оқушыларды тарихи фактілерді оқиғаларды оқып үйренуге, шапшаңдыққа баулу, дайын киноларды көру арқылы қортынды жасай алу арқылы ойлау қабілетін дамыту, салыстыра білуге алған білімін нақтылай алуға үйрету.
Тәрбиелік.
Хандықтың негізін қалаған Жәнібек пен Керей сұлтандар және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев портіреттері арқылы, оқушылардың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Олардың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру,отансүйгіштікке, үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ХҮ-ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы қазақ хандары туралы, қазақ жеріндегі алғашқы дербес, тәуелсіз мемлекеттің халықтың арман тілегі, өзара тұтастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсінеді.Қазақ хандығының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай біледі, еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ жауап, өзіндік жұмыс, үлестірмемен жұмыс, тарихи сынақ хат.
Сабақтың технологиясы: СТО
Көрнекілігі: Тірек сызба, карта, АКТ. Керей мен Жәнібектің суреті.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Ой қозғау.
Тапсырма.
Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып,оқушылар кестені толтырады.
1.Қазақстанда Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында саяси жағдай қандай дәрежеде еді?
2.Біртұтас қазақ мемлекетін құрылу қарсаңында этникалық жағдай қандай болды?
3.Қазақ хандығының құрылуына экономикалық дамуы қалай әсер етті?
Саяси жағдайы Этникалық жағдайы
Экономикалық жағдайы
Ақ Орда ыдырап,бірнеше хандық пен ұлыстар пайда болды. Олардың өзара жер, билік үшін таластары, ел ішінде бей-берекетсіздікті немесе саяси бытыраңқылық болды Қазақстандағы ру тайпалардың тілі, ділі, діні, әдет-ғұрпы, салт-санасы жағынан бір біріне ұқсас болды. Бірақ елдегі саяси бытыраңқылық бір ұлттық мемлекет құруға ешбір мүмкіндік бермеді. Қазақстанда өмір сүрген тайпалар үш аймаққа шоғырланды: Шығыс Дешті – Қыпшақ, Оңтүстік Қазақстан, Жетісу. Бұл аймақтарда өмір сүрген тайпалар жартылай көшпелі, отырықшы егіншілікпен айналысты. Ұлы Жібек жолы сауда саттық байланысты дамытты.
Сұрақ: Бұл жағдайлар ел алдына қандай міндеттер қойып отырды?.
Оқушылардың жауабы: Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті қойылды. Қазақ хандығын құру қажет болды.
Жаңа сабақ жоспары:
Қазақ хандығының қалыптасуы.
Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтар.
Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.
2.Мағынаны тану. Оқушылар өздерінің ойлаған пікір, болжамына лайық ақпараттар іздеп, зерттегенде мағынаны түсініп таниды, анықтайды: А)Оқулықпен жұмыс
Ә)Деректерге ой шақырып толғану
Б)Әр оқушы өз ойының иесі, пікірін ортаға салуға әзірлену.
Тарихи сынақ хат. (дәптермен жұмыс)
Қазақ хандығының негізін салған сұлтандар _________________________
Олар ХҮ ғасырдың 50 жылдарында____________________________________
Хандығынан көшіп келді. Моғолстан ханы _________________ оларды қарсы алып,____________________ өзендерінің бойынан жер бөліп берді. Осы жерде Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының негізін қалады. Бұл оқиға ______________________ болды – деп жазады тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати.
Оқушылар оқулық мәтіннен қазақ мемлекеті құрылуының тарихи маңыздылығын оқып дәптерге түсіреді.
1.Әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталды. Қазақтың ерте заманнан басталған өз алдына жеке, тәуелсіз ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
2.Сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси -әкімшілік жүйесі құрылды.
3.Бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағын кеңейтті.
4.Өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты.
5.Әлеуметтік – экономикалық және мәдени жағынан өзіндік салт –дәстүрімен ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды.
Мұғалім сөзі. Қазақ хандығы 1466 жылы құрылды. Кейбір деректерде – 1465 жылы. Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі – елдегі бейберекетсіздік еді. ХҮ ғасырдың орта кезінде Әбілхайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болды.Қазіргі таңмен байланыстырып сол кездегі хандармен және қазіргі президенттің ұстанған саясатын қысқаша түсіндіремін. (Қазақстан картасы бойынша Қазақ хандығының аумағын көрсетемін).
890179205377Халық өміріндегі дағдарыстар
0Халық өміріндегі дағдарыстар

2359751874490
37966659071Қазақ бұхарасының Әбілхайыр ханға наразылығының
00Қазақ бұхарасының Әбілхайыр ханға наразылығының
-71056517145Әбілхайыр хандығының саяси жағдайы
00Әбілхайыр хандығының саяси жағдайы
1652179341358Қазақ хандығың құрылу себептері
00Қазақ хандығың құрылу себептері

105283073660030999793038900
309934423150300103124022860000
3796665165735Әбілхайыр хандығында хан ұрпақтарының таққа таласуы
00Әбілхайыр хандығында хан ұрпақтарының таққа таласуы
-710565111125Халыққа алым салықтың көбеюі
0Халыққа алым салықтың көбеюі

235975130960800151066530960800
-579120346075Жәнібек пен Керейдің Қазақ хандығын құруды мақсат етуі
00Жәнібек пен Керейдің Қазақ хандығын құруды мақсат етуі
2773045269875Керей мен Жәнібектің Мағолстан ханымен келісім жасауы
00Керей мен Жәнібектің Мағолстан ханымен келісім жасауы

3. Ойтолғаныс.
Жедел жауап.
Оқушыларға үлестірмелер таратылады. Сұрақтарға жауап беріледі.
1.Керей хан кімнің ұрпағы?
Жауап:Шыңғыс ханның ұрпағы, Орыс ханның немересі,Болат ханның ұлы.
2.Жәнібек кімнің ұрпағы?
Жауап: Шыңғыс ұрпағы,Барақ ханның ұлы,Орыс ханның шөбересі.
3. 2015-16 жыл Қазақ хандығының құрылғанына қанша жыл толып отыр?
Жауап: 550 жыл.
4.Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын қай жерде құрды?
Жауап: Қозыбасы
5. Қазақ хандығы қай хандықтан қай жылы бөлінді?
Жауап: 1456 жылы Амудария мен Сырдарияның арасындағы Әбілхайыр хандығынан бөлінді.
Сабақты пысықтау.
Топтастыру әдісі бойынша сабақты бекітемін.
Негізін қалаған
1459ж. Ұлы көш болды. Керей мен Жәнібек
189166572934Қазақ хандығы
00Қазақ хандығы

Әбілхайыр ханд. Моғолстан елімен тығыз
бөлінді

550 жыл толды Қозыбасы жерінде құрылды
Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен сабақты аяқтаймын.
Еліміздің Президенті Астана активімен (24-қазан 2014 жыл) кездесу кезінде 2015 жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатындығы туралы былай деді: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды,Қазақ мемлекеттігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім,ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кездегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды. Біз – бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушылармыз»
5.Қорытынды, оқушылар білімін бағалау.
6. Үйге тапсырма беру. « Егер сен хан болсаң не істер едің?» эссе жазып келу.